НұСҚаулар 6В07105 «Машина жасаудағы цифрлық технологиялар», 6В07104 «Машина жасау»


Курстық жобаны ресімдеуге қойылатын талаптар



бет2/3
Дата14.02.2023
өлшемі89,55 Kb.
#168771
түріНұсқаулар
1   2   3
Байланысты:
М.У. к СРСП по ТММ каз (1)

Курстық жобаны ресімдеуге қойылатын талаптар

Түсініктеме хат – зерттелетін машинаның сипаттамасынан, оны әзірлеу кезінде қабылданған зерттеу және техникалық шешу әдістерінің негізінен тұратын құжат. Хат А4 (210х297 мм) пішінді қағаздың бір бетінде орындалады. Сол жақ өрістің өлшемі - 30 мм, оң жағы - 10 мм кем емес, жоғарғы және төменгі өрістердің өлшемдері - 20 мм кем емес. Хат қысқаша, автордың қатысуынсыз сұрақты шешуге мүмкіндік беретіндей, техникалық сауатты баяндалуы керек.


Түсініктеме хат мыналардан тұрады: БІРІНШІ БЕТІ; ТАПСЫРМА; МАЗМҰНЫ; КІРІСПЕ; НЕГІЗГІ БӨЛІМ; ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Хаттың негізгі бөлігі жобаны (оның ішінде, сызбаларды құру және кестелерді құрастыру үшін) орындауға арналған кейбір есептік мәліметтерден, есептеу формулаларынан, сандық есептерден, мәтінді түсіндіру үшін қажет жеке сандар мен кестелер түріндегі нәтижелерден, жалпы жобаның жеке бөлімдері бойынша қорытындыдан тұрады. Хатта бар теориялық мәліметтер формулаларды түсіндіруге және механизмнің құрылымдық ерекшеліктерін сипаттауға қатысты.
Бөлімдердің нүктесіз арабша сандармен белгіленген және азат жолдан жазылған жалпы құжаттың шеңберінде реттік сандары болуы керек. Қосымша бөлімдер әрбір бөлімнің шеңберінде нөмірленуі керек. Кіріспе, мазмұны және пайдаланылған әдебиеттер тізімі нөмірленбейді. Кезекті бөлім жаңа беттен басталады.
Мысал:
Мазмұны
Кіріспе 4
1Курстық жобалауға техникалық тапсырма 6
1.1 Кіріс параметрлер және жобаланатын механизмдердің сұлбалары 6
1.2 Машина жұмысын сипаттау 7
2 Механизмді құрылымдық талдау 9
2.1 Иінтіректі механизмді құрылымдық талдау 9
2.2 Жұдырықшалы механизмді құрылымдық талдау 11
3 Иінтіректі механизмді кинематикалық талдау 13
3.1 Механизм буындары мен нүктелерінің орындарын анықтау 13
3.2 Механизм буындарымен нүктелерінің жылдамдықтарын анықтау 15
3.3Механизм нүктелері мен буындарының үдеуін анықтау 17
4 Иінтіректі механизмді күштік талдау 19
4.1 Ассур 4-5 тобын күштік талдау 19
4.2 Ассур 2-3 тобын күштік талдау 22
4.3 Бастапқы буынды күштік талдау 24
5 Тісті механизмнің синтезі 25
5.1 Қарапайым берілістің синтезі 25
5.2 Планетарлық редуктордың синтезі 28
5.3 Тісті механизмнің сызықтық және бұрыштық жылдамдықтарының суреттері 31
6 Жұдырықшалы механизмнің синтезі 32
6.1 Кіріс буынның кинематикалық диаграммалары 32
6.2 Жұдырықшаның ең төменгі радиусын анықтау 33
6.3 Жұдырықшаны профильдеу 35
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі 37





Бірінші беттің үлгісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет