Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Отбасындағы қарым қатынас түрлері



бет15/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
Отбасы

23 Отбасындағы қарым қатынас түрлері
Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата- аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер.
Денсаулықтың бұзылуына биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік - психологиялық , психологиялық- педагогикалық факторлар әсер етеді. Осы тұрғыда ғалымдардың пікірлеріне назар аударатын болсақ, онда отбасындағы адамның психикасына ауыр әсер ететін жағдайлар: жақын адамдардың ауруға шалдығуы, не өлімі, материалдық қиындықтар; отбасындағы дау- дамайлар, отбасындағы қарым -қатынастың нашарлығы, отбасындағы махаббаттың жоқтығы, ерлі- зайыптылардың біреуінің көзге шөп салуы, қызғаншақтық, ажырасу.
Зерттеуші Э. Г. Эйдемилердің пікірі бойынша бірінші орынға отбасындағы нашар қарым- қатынастар алынады, себебі бұл ұзақ уақыт ауыр әсер тигізетін фактор, екінші орынға отбасы мүшесінің біреунің қайтыс болуы, не ауруға шалдығуы, үшінші орынға материалдық қиындықтарды қойған. Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы және оның ұзақтылығы баланың психикасына ауыр әсер жасауын өмір сүру барысы дәлелдеп отыр. Қазіргі ғалымдар отбасындағы қарым-қатынасты ерлі зайыптылар арасындағы қарым-қатынас,орта буын мен аға буын арасындағы қарым-қатынас,әке–шеше мен бала арасындағы қарым-қатынас деп қарастырады.
Отбасындағы қатынас түрлерін С.В.Ковалев «горизонтальды» адамгершілік-психологиялық және «вертикальды» шаруашылық-тұрмыстық сфералар деп қарастырады. Отбасындағы моральдық-психологиялық ахуал «горизонтальды» қатынасқа байланысты болып келеді. Отбасындағы микроклимат ересек адамдардың тәртібіне байланысты болып келеді. Қазіргі психологияда қатынастардың төмендегідей түрлері белгіленген. 
Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, бір бірін түсіну, көмек көрсетумен сипатталады. 
Паритет– тең қатынас бір біріне зиян келтірмейтін. 
Жарыс –бір бірінен асып түсуді көздейді. 
Конкуренция – билікке таласу.
Антагонизм- өшігу, үнемі кек алуға ұмтылу, 
конфрантация - түсінбеушілік деген ұғымды білдіреді Ең жақсы қатынас түрі 
ынтымақтастық.
Бұл қатынас түрлері ата-аналармен балалар арасындағы қатынас түрлеріне ықпал жасайды.
Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ олар отбасында ата аналармен балалар арасындағы қатынас түрлерін 4 түрге бөледі: диктат, опека, "араласпау" және ынтымақтастық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет