Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Отбасындағы дау дамайлар, олардың бала тәрбиесіне тигізетін теріс әсері



бет20/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Байланысты:
Отбасы

26 Отбасындағы дау дамайлар, олардың бала тәрбиесіне тигізетін теріс әсері
Отбасындағы дау-дамайлар ерлі -зайптылар, ата -ана мен балалар, орта буын мен аға буын , балалар арасында болып тұрады. Дау- дамайлар жақсы отбасында да болып тұрады. Сондықтан оның дұрыс шешу жолдарын білу қажет.Дау-дамайлар - отбасында адамдардың көзқарастарының, қызығушылықтарының, қажеттіліктерінің қарама- қайшы келу барысында туындайтын келіспеушіліктер.
Дау-дамайлар дауласу,жанжалдасудан басталып,дау-дамайлық жағдаятқа ауысады.Егерде осы кезде алдын алу, үдетпей тоқтату жолдары қарастырылмаса , онда дау-дамайға ауысып қыза түседі. Ең қызған кезі инцидент деп аталады.
Дау-дамайлардың жиілігіне, тереңдігіне қарай В.Торохтий отбасның төмендегідей түрлерін белгілеген: кризисті, конфликті, проблемалы және неврозды (В. Торохтий).
Кризисті отбасы. Отбасының өмір сүру жағдайында қажеттіліктердің, қызығушылықтардың қарама-қарсы келіп шиеленіске айналуы. Ерлі -зайыптылар бір біріне өшігіп қарсы тұруларымен сипатталады.
Проблемасы бар отбасы.Бас пананың болмауы, бір адамның аурушаңдығы, материалдық жағдайдың төмендігі, бір адамның қылмыс жасап сотталуы т.б. проблемалар болып тұратын отбасылар. Мұндай отбасында қарым- қатынастар бұзылып, психикалық ауруға шалдыққандар жиі кездесіп тұрады.
Неврозды отбасылар. Бұл отбасы түрлерінде тұқымқуалаушылық арқылы пайда болған аурулармен ауыратын адамдар кездеседі, отбасындағы басым алған қорқыныш сезімдері, ұйқының бұзылуы, агрессия көрсету т.б. тән отбасылар.
Дау-дамайлы отбасылар. Отбасында жағымсыз эмоциялар көп орын алған, жиі-жиі ұрыстар, кікілжіңдер болып тұратын отбасыларды жатқызуға болады.
Дау-дамайлар бастауы отбасындағы даулардан, келіспеушіліктерден басталып, дау-дамайлар жағдайларына ауысады.
Ғалымдар отбасындағы дау-дамайларды төрт түрге бөледі: тұлғаның өзімен өзі,тұлғааралық, тұлға мен топ арасындағы, топтар арасындағы.
Дау-дамайлардың жалпы мәселелерін зерттеген (В.Шуман), балалардың жастарына байланысты кризистерді (И. Кон), ерлі-зайыптылардың арасындағы дау–дамайлардың бала тәрбиесіне ықпалы (А. Ушатиков, А. Спиваковская) т.б.
Отбасындағы негізгі дау-дамайлар ерлі-зайыптылар арасындағы кездесетін дау-дамайлар. Олардың пайда болу себептері орындалмаған қажеттіліктер арқылы белгіленеді. Негізгі себептерге төмендегі себептерді жатқызуға болады:
•Қажеттіліктердің орындалмауы, «МЕН» деген позицияның, сезімнің құрметтелмеуі;
• Жағымды эмоциялардың болмауы, идеалға сәйкес келмеуі, басқаны өзіне бағындыруға тырысу, түсінушіліктің, қамқорлықтың жоқтығы;
• ерлі-зайыптылардың біреуінің зиянды әдеттерге әуестігі (алкоголь, наркотик, ақшаны тек өзінің қажеттілігіне жұмсау т.б.);
• үй шаруашылығында бір біріне көмек көрсетпеу, қамқорлық жасамау;
•бала тәрбиесіндегі келіспеушілік, бос уақытты бөлек өткізу т.б.
Дау-дамайлардың пайда болуын С. Кратохвил отбасының даму
кезеңдеріндегі кризистерге байланысты екенін көрсеткен.
Бірінші кризис адаптация мәселелеріне тәуелді, екі адамның бір біріне үйреніп, «біз» позициясының қалыптаспауымен.
Екінші кризис -баланың өмірге келгеннен кейін туындайды.
Үшінші кезең -отбасының өмірінде бірыңғай өмір жағдайы қалыптасып ерлі- зайыптылар бір бірінен шаршай бастаған кезінде пайда болады.
Төртінші кезең 18—24 жыл бірге тұрып, балалар өсіп бөлек кеткеннен кейін басталады.
Дау-дамайлардың шешілуі екі жолмен өтеді: конструктивті және диструктивті. Конструктивті шешілуі арқылы адамдар қателіктерін түсініп, дұрыс шешімге келеді. Диструктивті шешілген жағдайда адамдар бір біріне өшігіп, кек сақтап қалады да келесі бір жанжалдасқанда бәрін еске түсіреді, үдей берсе денсаулыққа кері әсері тиеді. Дау-дамайларды шешуде қолданылатын әдістер: әзіл, комплимент айту, жылы сөз, назарды басқа екеуіне де маңызды мәселеге көңіл аударуға тырысу т. б.
Ерлі-зайыптылардың арасындағы дау–дамайлардың шешілуінің төмендегідей жолдары кездеседі: еріксіз көндіру – зорлап өзінің шешімін мойындату, екінші вариант- конфронтация – қарсыласқан адамдар бір бірінің позициясын ескермейді, қабылдамайды, ызалану арта түседі.
Үшінші: дау–дамайды шешуден бас тарту, бұл дау–дамай барысында туындаған қарама-қайшылықты шешуден қашу.Бұл әрекеттің жақсы жағы араға уақыт салу, ойлануға мүмкіндіктің пайда болуы мен сипатталады. Тағы бір вариант: дау–дамайды жұмсарту-бұл әдіс дау–дамайды өршітпей, бәсеңдетеді. Дау-дамайлардың шешілуініңдұрыс жолы – компромисс, екі жаққа да тиімді жолы.
Конструктивті шешілуі адамдардың қателіктерін түсініп, қателіктерін кешіріп, дұрыс шешімге келумен аяқталады. Сүйген адамды жеңу ешкімге де қуаныш әкелмейтінін екі жақта түсінгендері жөн.
Конфликті отбасында жағымсыз эмоциялар орын алып, отбасы мүшелері, балалар үшін психотравмалық жағдай тудырады. Отбасындағы үлкен дау-дамайлар ерлі -зайыптылар, ата -ана мен балалар, орта буын мен аға буын , арасында туындап үлкен үрей, кінә, қорқыныш, ыза тудырып отбасы мүшелерінің денсаулықтарына үлкен зиян тигізеді.
Отбасында кездесетін дау-дамайларда ерлі –зайыптылардың тәртібі ашық және жабық түрде өтеді: жабық түрде олар бір бірімен қатынас жасамайды, қимылдарынан, көзқарастарынан байқауға болады, ал ашық түрінде олар бір біріне қарсылық көрсетеді: есікті тарс еткізіп жауып, бір бірін кінәләп қол көтеруге дейін барады.
Отбасындағы дау-дамайлардың алдын алу жолдарын В. Владин, Д. Капустин, И. Дорно, А. Егидес, В.Левкович, Ю. Рюриков төмендегідей жолдарын белгілеген :
- Басқа адамды өзіңдей сыйлай білу;
-Ол саған ең жақын адам екенін естен шығармау, ол сенің балаңның анасы, әкесі;
– Кек сақтамауға тырысу, жағымсыз эмоцияларды жинамау;
- Сексуалдық өмірге қатысты кінәламау, ол еш уақытта ұмытылмайды;
- Бөтен адамның көзінше ескерту жасамау;
- Өзіңнің жақсы қасиеттеріңді үлкейтіп, өзіңнің пікірің әр уақыта дұрыс деп санамау;
- Көбірек сенім білдіріп, қызғануды азайтуға тырысу;
- Басқа адамға құрметпен қарап, тыңдай да сөйлей де білу;
- Өзіңді жақсы жағынан көрсетуге ұмтылып, кемшіліктерді жоюға тырысу;
- Жолдасыңның қызығушылықтарымен санасу;
- Кейбір жағдайларда шындықты білгеннен білмеген дұрыс;
-Кейде бір бірінен дем алғанда дұрыс, оның да қатынастан шаршап кеткенінде пайдасы бар.
Отбасында дау-дамайлар ата -ана мен балалар, орта буын мен аға буын , балалар арасында кездесіп тұрады. Дау-дамайлар жақсы отбасында да болып тұрады. Сондықтан оның дұрыс шешу жолдарын білу қажет. Бұл дау-дамайларды шешуде педагог-психолог жиі араласады.
Жағдайы жақсы отбасыларында да 30% жақын дау-дамайлар ата -ана мен балалар арасында кездесіп тұратынын И.Горьковская көрсеткен.
Дау-дамайлар жиі болып тұратын отбасылардың бірқатары мына жағдайлармен суреттеледі: материалдық деңгейінің төмендігі, азық-түліктің жетіспеуі, жақын адамдардың маскүнемдігі, ұрыс-керіспен күн кешу, психикалық ауруға шалдыққан туыстарымен бірге тұру т.б.
Мұндай отбасындағы басты проблема-балалармен қатігез болу, ұрып-соғу. Отбасындағы бала ата-ана мейірімінен айрылып қана қоймай, бала-бақшаға, мектепке барудан бас тартады. Мұның бәрі баланың үйден қашып кетуіне себеп болады. Бұл жағдайға соқтыққан балаларда сенсорлық және әлеуметтік депривацияның белгілері, психикалық дамудың артта қалуы байқалады. Сонымен қатар олардың ми функциясының қызметі, таным әрекеті бұзылады, эмоционалдық тұрақсыздық пайда болып, өтірік айтуға, қиялға бейім екендігі байқалады.
Отбасында ата -ана мен балалар арасында болып тұратын дау –дамайлардың психологиялық себептері төмендегідей:
1.Отбасындағы қарым-қатынас типтеріне байланыстылығы. Ғалымдар үйлесімді үйлесімі жоқ (гармоничный и дисгармоничный) типтерге бөледі.
Үйлесімді типтегі отбасында дау-дамайлар ата -ана мен балалар арасында ақылмен дұрыс шешіледі, ал үйлесімі жоқ отбасында ерлі-зайыптылар арасындағы туындаған дау-дамайлар балаларда қорқыныш, мазасыздану тудырады.
2. Отбасындағы деструктивті тәрбиенің белгілері:
• Отбасында бала тәрбиесі туралы түрлі көзқарас;
• Отбасында бала тәрбиесінде жүйеліліктің жоқтығы, қарама-қайшылықтың жиі болып тұруы;
• Отбасында бала тәрбиесінде шектен тыс қорғаштау, тйым салу;
• Балаға қатал талап қою,қорқыту, сын айту.
3.Балалардың жастарына байланысты кризистерде дау–дамайлардың туындауы:
• бір жас кезеңіндегі кризис;
• «үш жастағы» кризис;
• 6—7 жастағы кризис;
• 12—14 жастағы балалардың жыныстық жетілуіне байланысты кризис;
• 15-17 жас аралығындағы жеткіншек жастағы кризис (Д. Эльконин).
5.Тұлғааралық факторларға байланысты дау–дамайлар. Оған эгоизм, эгоцентризм, жалқаулық, өзін жоғары бағалау т.б. жатқызуға болады.
Отбасында ата -ана мен жеткіншек жастағы балалар арасында болып тұратын дау –дамайлардың психологиялық себептері төмендегідей:
- ата-ана мен жеткіншек жастағы балалар арасында қатынастардың тұрақсыздығына байланысты туындайтын дау –дамайлар;
-баланы шектен тыс қорғаштау;
-балалардың құқығын құрметтемеу, еркіндік бермеу;
- әкенің беделінің басымдығы, баланы еріксіз көндіру.
Ата-аналардың әрекеттеріне балалар төмендегідей реакциялар білдіреді:
• оппозицияда болу;
• қарсылық көрсету;
• шындықты ата-аналарынан жасыру, олармен қатынас жасаудан бас тарту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет