Мектепке дейінгі мекемеде және отбасында мектеп жасы-
на дейінгі балаларды тәрбиелеу әдістері (Тәрбие әдістерін Ю. К.
Бабанскийдің классификациялауы бойынша).
Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері. Балалардың қоғамдағы
тәртіптің, қарым-қатынастың, іс-әрекеттің нормалары мен ережелері
жөніндегі білімін қалыптастыруға, оны балалардың мектепке дейінгі
оқушы әлеміне кіруді саналы түрде түсіндіруге бағытталған.
1. Сөздік әдістер: этикалық әңгімелер, айтып беру, түсіндіру,
нандыру, әдебиет оқып беру, кітап, мультфильм кейіпкерлерінің,
өмірдің әртүрлі ситуацияларындағы үлкендер мен балалардың істеген
қылықтарын талдау.
2. Көрнекі әдістер: үлкендер мен балалардың іс-қимылдарын
байқау, кино- және видеоматериалдарды, өмірдегі жағдайларды, үлкен
адамдардың ісі мен қарым-қатынастарының мысалдарын көрсету,
тәрбиелік мазмұны бар слайдтар, картиналар, иллюстрациялар, өмірдегі
және ертегідегі ситуацияларды, кейіпкерлердің істерін көрсететін
суреттерді қарау.
|
34 Бала тәрбиесінде радио, теледидардан берілетін мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану жолдары
35 Отбасындағы балаға тәрбие берудің негізгі бағыттары
36 Бала бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудағы отбасы мүшелерінің рөлі
37 Отбасында баланың кәсіби өзін-өзі анықтауына көмектесу жолдары
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |