Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Отбасының тарихи түрі және қазіргі отбасы



бет32/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
Отбасы

54 Отбасының тарихи түрі және қазіргі отбасы
Отбасы көптеген коғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін әз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы — отбасы әлеуметтануы қалыптасты.Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға , оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады. Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи өзгеріп, дамып отырады. Отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясын жасай отырып, Ф.Энгельс американдық ғалым Льюис Морганның (1818-1881) этнологиялық зерттеулерін пайдаланады. Морган ұзақ уақыт бойы солтүстік Американдық үндістер-ирокездердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және отбасылық қатынастарына жасалған эерттеулерінің нәтижесін пайдаланды.
Морганның зерттеулерінде негізделген жорамалдар бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқа кезегінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған-үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы жартылай жабайы кен болған. Морганның және басқалардың зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы –синдиасмикалық отбасы және моногамдық отбасы кезеңдерінен өткен.
Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді, ал мұнда жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана рұқсат етіледі. Бір ұрпаққа жататындардың барлығы , яғни аға-інілілер мен апа-сіңілілер туысқандығына қарамастан бір отбасы құрған. Мұндай отбасы эндогамдық (жақын туыстар арасындағы жыныстық қосылу) топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасы жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі.(өзбектер,араптар т.б
Бұдан кейін біртіндеп эндогамдық принцип экзогамдық принциппен, яғни ру аралық некелесу формасымен ауысады. Бұл формада бір рудың қыздары басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір әйел мен бір еркектің тұратын отбасыға көшудің алғашқы қадамы болып табылады. Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамдық отбасына өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды. Ол жабайылықтан варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамия (көпнекелік қатынас) тек еркектердің ғана правосына тиді. Отбасының , бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің , қосымша өнімнің шығуына , сөйтіп моногамды отбасының(бір некелік отбасы) тууына жағдай жасайды.
Моногамдық отбасы патриархалды қатынастарға негізделгендіктен отбасының басшысы еркек болды, отбасының ажырасуы да еркектің ғана еркімен болатын болды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет