Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Жастарды болашақ отбасылық өмірге даярлау мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау



бет38/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Отбасы

63 Жастарды болашақ отбасылық өмірге даярлау мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау
Егеменді ел болып, біртіндеп әлемдік дәрежеге ие бола бастаған осынау алғашқы қадамымызда ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін, адал тілегін бүгінгі әрбір азаматқа үйрету, санасын ояту тәрбиеші – мұғалімдердің, ата – аналардың ең үлкен парызы болмақ. Соңғы жылдары жастарды отбасындатәрбиелеу өте күрделеніп кетті.Оған көптеген қоғамдық, әлеуметтік – экономикалық, экологиялық, рухани жағдайлар себеп болуда. Ең бастысы, ұзақ жылдар бойына біздің елімізде жалпы қоғамдық өмір саласында әміршілдік — әкімшілдік принциптердің ықпалына адамдардың әлеуметтік тұрғыдан қорғансыздыққа ұшырауы, жалаң ұраншылдықтың салдарынан қоғамның әлеуметтік — экономикалық жағдайының тығырыққа тірелуі, тәрбие мәселесінде халықтардың өз тарихына, мәдениетіне, рухани байлығына, тіліне, дәстүріне мән берілмеуі орын алды. Сондықтан, ұлттық тәрбие мектеп табалдырығынан аттаған әрбір бүгінгі жасөспірімнің бітімінен, мінез – құлқынан, қасиет – сапасынан бастау алу керек. Жасөспірімдер – болашақтың адамы, жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы.
Қазақстанның болашағы, егеменді ел болып жаңа заманға бет бұрған кезімізде, біздің жаңа қоғамымыздың болашағы өсіп келе жатқан жастар екенін айту керек. Сол жастарды дұрыс жолға түсіріп тәрбиелеуді біздің ата – аналарымызға ғана салып қоймай, бүкіл қоғам болып осы проблемалардың шиеленіскен жағдайларын шешуге атсалысу қажет.
Жастарды бүгінгі мен ертеңі туралы ойланту, олардың өмірге деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, болашақ отау иелері екеніне сезім ұялату, олардың өзін — өзі күтуі, қазіргі уақытқа сай білім алуы- бүгінгі күннің талабы.Болашақ ұрпаққа ұмыт бола жаздаған салт – дәстүр, әдет – ғұрыптарды тереңінен қоса түсіндіріп, осы заманға сай білімді, мәдениетті үйрете отырып, ата – бабамыз салған сара жолға жүгіну дұрыс.
Мектепте, жоғарғы оқу орындарында және мектептен тыс мәдени мекемелер үйірмелерінде жастардың өзіндік педагогикалық сипатта болуын қадағалау, инабатты, ибалы, сыпайы, адамгершілігі мол , эстетикалық талғамы бар, жаны да тәні де бірдей таза, барлық жағынан өнерлі де, іскерлі етіп жан – жақты рухани дамыту керек.
Біздің мақаламыз заман талабына сай өсіп — өркендеп келе жатқан ұрпағымызға болашақ отбасы өмірінің өте күрделі де нәзік және жалпы халықтық іс болып саналатындығын ерекше еске салу, әрі бағыт – бағдар беруге бағытталады.

Тәуелсіз еліміздегі білім беру мен тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамалары мен реформасына сай жасөспірімдерді отбасылық өмірге дайындау бойынша теориялық және әдістемелік жұмыстар аз, сол үшінотбасылық өмірге дайындау туралы әдістеменің теориялық – дидактикалық мәселелеріне көңіл бөлу керек.


Біздің келешектегі мақсатымыз бұл бағыттағы жұмыстардың жақсартылуына ат салысу, болашақ қызметте барлық пәндермен тығыз байланыста болып, бұл жұмыстардың тиісті дәрежеде жүргізілуін іске асыру және бұл бағыттағы ұйымдастырушылық, әдістемелік іс — әрекеттерді онан арман қарай шыңдай түсіру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет