Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»


Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас түрлері



бет27/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
Отбасы

41 Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас түрлері
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты.
Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады.
- ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
- ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас;
- өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
- бәсекелестік, яғни барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
- түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.
Әр отбасында жоғарыдағыдай түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жіберіп жатады. Мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды.
«Ата-ана – бала» жұбындағы кез келген қарым-қатынас түрінің тәрбиелік маңызы бар. Тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы бола отырып, қарым-қатынас үлкен педагогикалық мүмкіндіктерге ие. Тәрбие мақсатына жету үшін ата-аналар әр түрлі әсерлерге жүгінеді: мадақтау және жазалау. Балаларды саналы түрде мадақтау нәтижесінде баланың тұлға ретінде дамуын жеделдетуге болады. Егерде жазалау қажеттілігі туындаса, онда оны тек қана қажетті жағдайда ғана қолдану керек. Өте қатал жаза нәтижесінде балада қорқыныш немесе өшпенділік болуы мүмкін.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойындағы қорқыныштың нәтижесінде ұялшақтық сияқты мінез-құлық формасы туындайды. Ұялшақтық – бұл көптеген адамдарға тән, қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін ерекшелік.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ересектердің балалармен қарым-қатынасының мынадай принциптерін көрсете аламыз: баланы қаз қалпында қабылдау; эмпатия - ересек адам бала позициясын қабылдайды, туындаған мәселеге бала көзімен қарайды; конгрэнттілік - болған оқиғаға ересек адамның адекватты қатынасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет