Нұсқаулар Әдістемелік әзірлемелерді қҰрастыру



Дата19.02.2017
өлшемі48,81 Kb.
#10709
Қазтұтынуодағы Қостанай экономика колледжі
Әдістемелік нұсқаулар
ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ ҚҰРАСТЫРУ
Әр жұмыстың табысы, соның ішінде әдістемелік әзірлемелерді құрастыру бойынша жұмыстар, оған айтарлықтай шамада шебер дайындалуға байланысты. Автор жұмысына тереңірек және мұқият дайындалса, оның сапасы жоғары болады және оны орындауға аз уақыт керек болады.

Әдістемелік әзірлемені құрастыруға дайындық келесі негізгі элементтерден тұрады: әдебиеттерді зерделеу; әзірлемелердің жоспарын құрастыру; талдап қорыту үшін тәжірибе жинақтау.

Әдебиеттерді зерделеу (оқып білу).

Әдістемелік әзірлеменің тақырыбын таңдап алғаннан кейін, берілген тақырып бойынша әдебиеттермен танысу қажет.

Әдістемелік әзірлеменің жоспарын құрастыру.

Кез келген жұмысты, оған қоса болашақ әдістемелік әзірлеменің жоспарын құрастыру, шамамен тақырыбын және оның бөлімдерінің жүйелілігін, шамамен олардың әрқайсысының көлемін анықтауда, жоспарлаудың қаншалықты маңызды екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Алғаш рет әдістемелік әзірлемені құрастыруды бастайтын авторларға, толық жоспар (немесе жоспадың жобасын) құрастыру ұсынылады, өйткені мұндай жоспар нақты материалды іріктеуді және оны жүйеге келтіруді, сондай-ақ қолжазбаны жазуды едәуір жеңілдетеді.

Барлық жағдайда әдістемелік әзірлемелердің жоспарын (тақырыбына байланысты) пәндік комиссияларда қарастырған дұрыс. Бейнелеп айтқанда, салынған ғимараттың соңында құлап қалуына жол бергенше, дұрысы ғимараттың ірге тасын қалағаннан кейін, бірден түзету. Осы мағынада әдістемелік әзірлеменің жоспарын ғимараттың ірге тасымен салыстыруға болады. Әдістемелік әзірлеменің жоспары жақсы құрастырылған болса, әзірлеменің сапалы болатынына көп кепілдік болады.

Деректерді жинау.

Әдетте әдістемелік әзірлемелерде бір немесе бірнеше оқытушылардың педагогикалық тәжірибесі жазылады. Айта кететіні, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген оқытушылардың немесе ұжымның тәжірибесін жазу. Көптеген деректерден ең пайдалысын таңдап алу қажет, себебі тұжырымның және талдап қорытудың тереңдігінің дұрыстығы оның негізінде талдап қорыту жасалатын едәуір дәрежеде нақтылы жиналған материалдың санына байланысты және талдап қорытудың тереңдігінің дұрыстығы оның негізінде талдап қорыту жасалатын едәуір дәрежеде нақтылы жиналған материалдың санына байланысты.

Академик И.П.Павлов: «Ғылымда қара жұмысты жасап үйреніңдер. Деректерді оқып біліңдер, салыстырыңдар. Құс қанатын ауаға сүйемесе, аспанға шарықтап көтеріле алмас еді. Деректер - бұл ғалымның ауасы. Оларсыз сіз ешқашан аспанға ұша алмайсыз». Оларсыз сіздің «теорияңыз бос әурешілік» деп жазды. Деректерді жинақтау және оларды саралау, өз шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруға талаптанып жүрген, әрбір оқытушы үшін міндетті болып табылады. Әрбір оқытушының педагогикалық қызметінің көптеген жылдары ішінде жетістіктері де кемшіліктері де болатыны белгілі. Егер оқытушы жүйелі түрде өз қызметінің нәтижесіне жүйелі түрде талдау жасаса, онда ол өз жетістігі мен кемшіліктерінің себебін табады. Ондай оқытушы жетістіктерін баянды етуге және дамытуға, кемшіліктерін жоюға тырысады.

Дегенмен деректерді жинау және талдау (саралау) әр оқытушы үшін міндетті болса, онда бір топ әріптестерінің алдында өз тәжірибесімен бөлісуді қалайтын оқытушы үшін екі есе қажет. Қанағаттанарлық әдістемелік әзірлеме көбірек немесе азырақ құрастыру үшін, қыруар талдау деректеріне сүйену қажет.

Әдістемелік әзірлемені құрастыру үшін, ең құнды болып келетін бұл әдістемелік әзірлеменің авторы, өзінің бақылауы арқылы тапқан деректер. Бұл басқа қызметкерлердің немесе басқа тәсілмен тапқан материалдармен қолдануға болмайтынын білдіреді.

Әдістемелік әзірлеме үшін тақырыпты таңдаудың шарттары:


  • қазіргі кезеңдегі өмірде оқу орны қызметінің өзектілігі;

  • нақтылығы (бірнеше педагогтардың жұмыс тәжірибесі);

  • жаңалық;

  • практикалық маңыздылығы;

  • өз тәжірибесінің маңыздылығы;

  • тақырыпты таңдау еркіндігі.

Әдістемелік әзірлеменің жоспары:

  1. Таңдап алған мамандық бойынша оқушыларды дайындау үшін, тақырыптың маңыздылығы. Осы тақырыптың, колледжде оқытылатын басқа пәндермен байланысы.

  2. Тақырып бойынша нақты материалдарды айтып беру (20-40%).

  3. Берілген тақырыпта қолданылатын сабақтардың түрлері. Сабақты құрастырудың құрылымы.

  4. Оқытушының сабаққа дайындығы. Оқу материалын жоспарлау, әзірлеген тақырып бойынша күнтізбелік-сабақтың жоспарын құрастыру.

  5. Сабақ барысында оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Сабақтан соң оқушылардың өздік жұмысын жоспарлау.

  6. Сабақ уақытында оқушылардың танымдық іс-қимылын жандандырудың әдістемесі. Жұмысты орындауда, уақытты қысқартудың ұсынымдары.

  7. Оқушылардың жұмыс дәптерлеріне жазып алуды жүргізудің әдістемесі. Үйде конспектілеу. Конспектілерді тексеру.

  8. Берілген тақырыпты баяндауда оқытушының жіберген формализм элементін талдау. Оларды жеңудің жолдары.

  9. Оқушылардың үлгерімінің есебі.

  10. Оқушылардың жіберген типтік қателерін талдау және оларды жою шаралары.

  11. Берілген тақырыпты оқып үйренуде көрнекіліктің маңыздылығы.

Көрнекілік құралдарды қолданудың әдістері. Көрсету материалы,

үлестірмелі т.б. ретінде ұсынылатын көрнекі құралдар.



  1. ТОҚ қолдану ( көбіне оқытудың мультимедиялық құралдары).

  2. Баяндалған тақырып бойынша әртүрлі оқулықтардағы және оқу құралдарындағы нақты материалдарды талдау. Жақсы жақтарын және кемшіліктерін атап өту.

  3. Автордың ұсынысымен баяндау әдісіне қарай, тақырып бойынша үй тапсырмаларының нұсқаларын әзірлеу.

  4. Берілген тақырыпты тереңдете меңгерту үшін сыныптан тыс жұмыс.

  5. Оқыту үрдісінде оқытушының оқушылармен жүргізетін тәрбие жұмысы.

  6. Әзірлеп жатқан тақырыпта, негізгі қандай дидактикалық қағидалардың берілгенін көрсету. (Ғылымилық, жүйелілік, теорияның тәжірибемен байланысы, оқушылардың түсінушілігі және белсенділігі, көрнекілік, қолжетімділігі, білімді меңгерудің мықтылығы).

Әдістемелік жұмыстың ең маңызды міндеті және оқытушының іскерлік

біліктілігін арттыру әдістемелік әзірлемелерді құрастыру болып табылады. Әр оқытушы бар ережені және ұсынымдарды сынап талдап, өз білгенінше және таңдауы бойынша осы ұсынымдарды қолдана алады. Жұмыс тәжірибесінің көрсетуі бойынша педагогикалық әдебиеттерді жүйелі түрде зерттейтін оқытушылар ең үлкен жетістікке қол жеткізеді.



Ф ҚҚЭК 703-12-09 Оқу – әдістемелік материалдар. Бірінші басылым.

Ф КЭКК 703-12-09 Учебно-методические материалы. Издание первое.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет