2.6 Гидрогеология негіздері Тақырыптың мазмұны. Жер асты сулары туралы жалпы мәліметтер. Тау жыныстарындағы судың түрлері. Жер асты сулары туралы түсінік және оларды шаруашылықта пайдалану. Құрылыс кезінде және құбылыстар мен геологиялық процесстердің дамуында жер асты суларының рөлі; жер асты суларының бетон мен металлға қатысты белсенділігі. Су сіңіретін және су өткізбейтін жыныстар, аэрация аймағы, сулы горизонт туралы түсініктер. Тегеурінді және тегеурінсіз сулар. Жер асты суларының классификациясы. Қалқыма, топырақты, топырақ тілім арасындағы су, жарықшақ және карсталған жыныстарда су, көпжылдық тоң сулар. Судың қайнар көзі және олардың сумен қамтамасыз етудегі рөлі. Сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының мәні. Қазақстанның гидрогеологиялық картасы.
Жер асты суларының динамикасы. Сүзілудің негізгі заңы. Сүзілу коэффициенті, тегеурінді градиент және су қозғалысының жылдамдығы туралы түсінік. Тегіс және радиальді ағын туралы жалпы мәліметтер. Горизонтальді және еңісті су өтпейтін қабат кезінде біртекті қатта тегеурінсіз суда тегіс ағынның өнімділігі. Тегеурінді және тегеурінсіз жетілген және жетілмеген ұңғымаға судың ағыны. Дара және топтық тартып шығару туралы түсінік. Топырақ сүзілу коэффициентінің жер жұмыстарындағы және лабораториядағы анықтамалары. Өзара әрекеттесетін ұңғымалар. Дренаждар.