Нұсқаулар Методические указания к изучению дисциплин Геотехника , Геотехника для студентов специальности


Тақырыпты оқуға арналған ұсыныстар



бет33/109
Дата06.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#73059
түріНұсқаулар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109
Тақырыпты оқуға арналған ұсыныстар. Берілген тақырыпты оқып меңгерудің кезінде студент алдын-ала топырақтар механикасының есептік үлгілері мен топырақтардың деформациялану ерекшеліктері сияқты негізгі эксперименталдық–теориялық сілтемелерімен танысу қажет. Бұл тақырыпты оқу барысында студент топырақтың дисперсті, ұнтақталған материал екенін, оның біртекті дене емес екендігін анық білуі қажет. Бұл топырақтардың ерекшеліктері оның механикалық тапсырмаларын есептеу үшін жалпы деформациялық денелердің механикалық заңдылықтарын білу жеткіліксіз екендігін, ол үшін топырақтардың өзіне ғана тән заңдылықтарды білу қажет екендігін көрсетеді. Осындай негізгі заңдылықтарға жататындар:

  • тығыздау заңы, топырақтардың сығылатынын сипаттайды;

  • фильтрация заңы, топырақтардың сусіңіргіштігін анықтайды;

  • жылжуға қатысты кедергі заңы;

  • желілік деформациялану принциптері, топырақтардың құрылымдық-фазалық деформациясы.

Студент топырақтардың бос таралуда жан-жақты жұмылдырылған күштің әсерінен кернеулік–деформацияланған ерекшеліктерін білуі қажет. Ең маңыздысы, студент лабораториялық және далада сынаудың қорытындысы бойынша топырақтың сығылуын анықтау әдістерін меңгеру керек.
Жылжуға топырақтардың кедергесі және оны сипаттайтын заңдылық туралы сұрақтар құрылыс практикасы үшін аса маңызды. Лабораториялық және далада сынауда топырақтардың ішкі үйкелу табиғатына, жылжуға төзімділікті анықтау әдістерінің принципіне назар аудару қажет.
Топырақтардың фильтрация коэффициенті арқылы анықтау әдістері бойынша оның сусіңіргіштігіне, сусіңіргіштік мөлшеріне топырақтар құрамының әсерін оқып меңгеруге көңіл бөлу қажет.
Топыраққа желілік деформация принципінің қолдану шартын және топырақтардың құрылымдық-фазалық деформациясын толық түсіну қажет. Топырақтар механикасында қолданылатын меңгерілген материалдың жетілуіндегі келесі негізгі есептегіш моделдерді білу қажет: топырақтың желілік деформациялануының теориясының моделі; сүзілген консолидация теориясының моделі; топырақтың шектелген кернеулі жағдайының теориясының моделі; топырақтың желілік емес деформациясының теориясы туралы түсінік.
Оқылған тақырыптың қорытындысында топырақтың нормативтік және есептік механикалық сипаттамаларын анықтайтын әдістемені меңгеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет