«Өте жақсы» бағасы курстық жұмысқа қойылатын талаптар сақталғанда және курстық жұмыс мезгілінде орындалғанда қойылады.
«Жақсы» бағасы теориялық (реферативті) бөлігі жоғары деңгейде орындалып, зерттеушілік бөлігі мен қорытындысы толық дәлелденбегенде қойылады.
«Қанағаттанарлық» бағасы курстық жұмысқа қойылатын талаптар жартылай сақталғанда: мәселенің мәні толық ашылмағанда, жұмыстың құрылымдық бөліктерінің бірі жоқ және жұмыс дұрыс емес безендірілгенде қойылады.
«Қанағаттанарлықсыз» бағасы курстық жұмысқа қойылатын талаптардың барлығы сақталмағанда, оның ішінде жұмыс бір немесе бірнеше ақпарат көзінен көшірілген (Интернет желісін қоса алғанда), оны жазуда қолданылған ақпарат көзі аз және ескірген, оқулықтар мен ғылыми- көпшілік әдебиеттерді негізге алады, жұмыста ғылыми қағидасы бұрмаланған болса қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |