ҒЫЛЫМИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫ
5
Тапсырмалар сипаттамасы
PISA аналитикалық бағалау құрылымы ғылыми жаратылыстану
сауаттылығын
ойланатын азаматтардың ғылым және ғылыми идеялармен байланысты мәселелермен
айналысу қабілеті деп қарастырады.
Ғылыми
жаратылыстану
сауаттылығы
–
бұл
адамның
жаратылыстану
ғылымдарына
қатысты
мәселелер
бойынша
белсенді
азаматтық
ұстанымға
ие
болу
қабілеті
және
оның
ғылыми
жаратылыстану
идеяларына
қызығушылық
танытуға
дайындығы
.
Ғылыми
жаратылыстану
тұрғысынан
сауатты
адам
жаратылыстану
ғылымдары
мен
технологияларға
қатысты
мәселелерде
дәлелді
талқылауға
қатысуға
ұмтылады
,
бұл
одан
құбылыстарды
ғылыми
тұрғыдан
түсіндіру
,
ғылыми
зерттеулерді
бағалау
және
жоспарлау
,
деректерді
ғылыми
тұрғыдан
түсіндіру
және
дәлелдер
келтіру
сияқты
құзыреттерді
талап
етеді
.
Оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығының қалыптасу деңгейін бағалауға
арналған тест (бұдан әрі – тест) жауап таңдайтын тапсырмаларды қамтиды.
Оқушылар осы құзыреттіліктерді үш типті ғылыми білім материалы негізінде көрсете
алады:
Контенттік білім
(
мазмұнын білу
) – физикалық жүйелерге (физика және химия), тірі
жүйелерге (биология) және Жер мен Ғалам туралы ғылымдарға (география, геология,
астрономия) қатысты ғылыми мазмұнды білу.
Процедуралық білім
(процедураны білу)
– ғылыми білім алу үшін қолданылатын
әртүрлі әдістерді, сондай-ақ стандартты зерттеу процедураларын білу.
Әдіснамалық білім
(эпистемологиялық білім
) – біздің ғылыми көзқарасымыз
зерттеудің ғылыми әдістерінің мүмкіндіктерін, олардың негіздемелерін, сондай-ақ теория,
гипотеза және бақылау сияқты ұғымдардың мағынасын түсінуіміздің нәтижесі болып
табылатыны туралы білім.
Тест тапсырмалары жаратылыстану ғылымдарының бес саласын қамтиды:
•
денсаулық;
•
табиғи ресурстар;
•
қоршаған орта;
•
қауіптер мен тәуекелдер;
•
ғылым мен технология саласындағы жаңа білім.
Оқушыларға үш контексте түрлі жағдайлар ұсынылады:
•
жеке
(жағдай күнделікті жеке өмірмен байланысты),
•
жергілікті
/
ұлттық
(білім алушылар өмір сүріп жатқан қоғамға байланысты)
•
жаһандық
(жаһандық ауқымдағы жағдай).
ҒЫЛЫМИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫ
6
Жеке
(оқушының өзі,
отбасы мен достары)
Жергілікті/ұлттық
(жергілікті қоршаған
ортасы)
Жаһандық
(әлемнің түкпір-
түкпіріндегі өмір)
Денсаулық
Денсаулықты сақтау,
жарақаттан қорғану,
дұрыс тамақтану
Ауруды бақылау,
тамақ таңдау,
қоғамдық денсаулық
Індеттер, жұқпалы
аурулардың таралуы
Табиғи
ресурстар
Заттар мен энергияны
жеке тұтыну
Адам
популяциясының
сақталуы, өмір сүру
сапасы, қауіпсіздік,
тамақ өндірісі және
бөлінісі
Жаңартылатын және
жаңартылмайтын
ресурстар, табиғи жүйелер,
халықтың өсуі, құрып кету
қаупі төнген түрлерді
қорғау және қолдау
Қоршаған
орта
Табиғаттағы мінез-
құлық, әртүрлі
материалдар мен
заттарды қолдану
Популяцияның
бөлінісі, шығындарды
жоспарлау, қоршаған
ортаға әсер ету, ауа
райы
Биологиялық
әралуандылық, ластануды
бақылау, топырақтың
көбеюі және пайдаланылуы
Қауіптер мен
тәуекелдер
Табиғи және адам
тудырған, тұрғылықты
жерді таңдау
Күрт өзгерістер( жер
сілкінісі), қатал
климат, баяу және
үдеп келе жатқан
өзгерістер (жағалау
эрозиясы, шөгінділер),
қауіпті бағалау
Климаттың өзгеруі, қазіргі
қақтығыстар мен
соғыстардың әсері
Ғылым мен
технология
саласындағы
жаңа білім
Табиғат
құбылыстарын
ғылыми тұрғыдан
түсіндіруге
қызығушылық,
ғылыми бағытталған
хобби, спорт және
демалыс, музыка және
технологиялар
Жаңа заттар мен
материалдар, аспаптар
мен процестер,
генетикалық
модификациялар,
көлік
Түрлердің жойылуы,
ғарыш кеңістігін зерттеу,
Ғаламның пайда болуы
және оның құрылымы
Сонымен қатар тест когнитивті процестердің үш түрі бойынша оқушылардың
құзыреттілік деңгейін тексереді.
Құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндіру
(феномендерді ғылыми түсіндіру) құзыреті
бірқатар табиғи және апаттық құбылыстарды анықтау, бағалау және түсіндіру қабілеті ретінде
анықталады. Білім алушылар тиісті ғылыми білімді еске түсіріп, қолданады, түсіндіру үлгілері
мен пайымдарын анықтайды, пайдаланады және жасап шығарады, тиісті болжамдар жасайды
және негіздейді, түсіндірме гипотезаларды ұсынады және ғылыми білімнің қоғам үшін
төндіруі мүмкін қауіп салдарын түсіндіреді.
Ғылыми сұрақтарды тұжырымдау
құзыреті ғылыми баяндамалар мен зерттеу
нәтижелерін сыни тұрғыдан бағалау үшін қажет. Осылайша, ғылыми зерттеуді сипаттау және
бағалау, мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешу жолдарын ұсыну қабілеті анықталады. Бұл білім
алушылардың ғылыми зерттеудегі сұрақты тани білуінен көрініс табады. Оқушылар ғылыми
тұрғыдан зерттелетін және зерттелмейтін мәселелерді ажырата біледі; мәселені ғылыми
тұрғыдан зерттеу тәсілдерін ұсынады; мәселені меңгеру тәсілдерін бағалайды; ғалымдардың
ҒЫЛЫМИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫ
7
деректердің сенімділігін қалай қамтамасыз ететінін, сонымен қатар олардың объективтілігін
сипаттайды және бағалай алады.
Деректер мен дәлелдемелерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру
әртүрлі көріністегі ғылыми
деректерді, тұжырымдарды және дәлелдерді талдау қабілеті ретінде анықталады. Әртүрлі
дереккөздерден алынған ақпаратқа түсінік бере алатын білім алушылар ғылыми мәтіндегі
жасырын дәлелдер мен дәйектерді ғылыми тұрғыдан анықтайды және ғылыми
қорытындыларды бағалай алады.
Тапсырмалардың күрделілік деңгейі 1-ден 6-ға дейінгі шкаланы қамтиды. Төмендегі
кестеде тиісті тапсырманы шешу үшін оқушыға қойылатын талаптар тұрғысынан осы
деңгейлердің сипаттамасы келтіріледі.
1-
кесте
.
Ғылыми
жаратылыстану
сауаттылығы
деңгейлерінің
сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |