Студент істей білуі керек:
* тағайындау парағынан аспаптық зерттеуге тағайындауларды таңдау;
* пациентке зерттеудің мәні мен дайындық ережелерін түсіндіру;
* пациентті ас қорыту жолын рентгенологиялық зерттеуге дайындау;
* пациентті зәр шығару және өт шығару жолдарын рентгенологиялық зерттеуге дайындау;
* науқасты ультрадыбыстық зерттеуге дайындау;
* пациентті эндоскопиялық зерттеулерге дайындау.
4. Тақырыптың негізгі мәселелері:
* Мүмкін асқынулар және олардың алдын-алу.
* Рентгенологиялық зерттеу әдісі туралы түсінік. Рентгенологиялық зерттеулердің түрлері, олардың маңызы. Пациентті ас қорыту және зәр шығару жүйесі органдарын рентгенологиялық зерттеудің әртүрлі әдістеріне дайындау, оның мақсаты мен мазмұны.
* УДЗ-зерттеу әдісі туралы түсінік, әдістің мәні. Науқасты ас қорыту жолдары мен зәр шығару жүйесінің ультрадыбыстық зерттеулеріне дайындау.
* Эндоскопиялық зерттеу әдісі туралы түсінік. Әр түрлі зерттеулер үшін қолданылатын эндоскоптардың түрлері. Әдістің мүмкіндіктері. Науқасты әртүрлі эндоскопиялық зерттеулерге дайындау сипаты.
* Әр түрлі аспаптық зерттеулер жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері.
5. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелеріне жету үшін оқытудың негізгі түрлері/ әдістері/ технологиялары. Манекендерді, муляждарды пайдалана отырып дағдыларға үйрету, емшара кабинетінде жұмыс істеу.
6. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелеріне қол жеткізу деңгейін бағалауға арналған бақылау түрлері: Тестілеу, ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |