Авторлық бағдарламаны педагог немесе педагогтер ұжымы толығымен дайындайды және оған (олараға) зияткерлік құқығы беріледі. Бұл – не алғаш рет еңгізілетін курсты, не автордың дәстүрлі тақырыпты өзіндік тәсілмен оқыту бағдарламасы. Мұндай бағдарлама мазмұны – жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленетін білім беру проблемаларын шешуге ұсынылған құралдар жиынтығы. Авторлық бағдарлама эксперименттік те болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде жаңалығы мен авторлығы құжат бойынша дәлелді болуы қажет.
Инновациялық потенциалы бойынша авторлық бағдарламалардың келесі үлгілері анықталады:
өнертапқыштық – қолданыстағы бағдарламаларды ішінара жетілдіру жолымен алынған бағдарлама;
комбинаторлық – бірнеше бағдарламаны біріктіру жолымен алынған бағдарлама;
толықтырылған – мазмұны бойынша мүлдем жаңа, қолданыстағы оқу бағдарламаларын толықтыратын бағдарлама;
Авторлық бағдарламаны табысты жүзеге асыру технологиялық қамтамасыз етуді талап етеді, яғни болашақ педагогикалық іс-әрекет жобасының (оқу сабақтары жүйесін тақырыптық жоспарлау), әдістемелік түсініктемесімен қоса тірек сабақтары сценарийлерінің, білім беру стандарттарына бағдарланған тексеру тапсырмалары мен диагностикалық материалдар кешенінің болуы.
Авторлық деп танылған бағдарламаны қолдануға әдістемелік кеңес ұсынып, білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Авторлық деген мәртебені, ереже бойынша, білім беруді басқарудың жоғары органы тағайындайды.
Балаларға қосымша білім беретін бағдарламаларын жіктеуді басқа өлшемдер (критерий) бойынша да жүргізуге болады.