Оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу және рәсімдеу Әдістемелік материалдардың түрлері
Оқу-әдістемелік материалдардың құжаттары балаларға қосымша білім беру жүйесіне еңдіруге арналған оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді қамтиды.
Қосымша білім педагогтары мен әдіскерлер өз қызметтерінің нәтижесін әдістемелік материалдың негізгі үш түрі бойынша әзірлейді:
ақпараттық-насихаттық;
ұйымдастыру-нұсқаулық;
қолданбалы.
Ақпараттық-насихаттық әдістемелік материалдар таратуға жататын мәліметтерді, әдістер мен тәсілдерді түсіндіруді, тәжірибелерді талдауды, ағымдағы жағдайды бағдарлауды, педагогикалық қызметтің ерекше маңызды әрі көкейкесті бағыттарын насихаттауды қамтиды.
Ақпараттық-насихаттық әдістемелік материалдар:
әдістемелік сипаттама;
аннотация;
ақпараттық плакат;
реферат.
Әдістемелік сипаттама өткізілген тәрбие жұмыстарын, көрген іс-шараларын немесе оларды өткізу құралдарын жай ғана мазмұндауды қамтиды. Хабарлау көбінесе бірінші жақта баяндалады, мұнда жеке алған әсері, эмоциясы орын алады.
Әдістемелік сипаттамаға қойылатын талаптар: іс-шараны, әрекетті толық сипаттау және түсіндіру.