Әдістемелік нұсқаулар және оларды әзірлеуге қойылатын талаптар
Әдістемелік материалдың ең көп тараған және кеңірек пайдаланатын түрлерінің бірі әдістемелік нұсқаулар мен әдістемелік ұсынымдар.
Әдістемелік нұсқаулар – оқыту және тәрбиелеудің едәуір тиімдірек әдістері мен түрлерін практикаға еңдіруге ықпал ететін, ұсыныстар мен нұсқаулардың қысқа әрі нақты кешенін құрайтын әдістемелік басылым.
Әдістемелік нұсқаулар педагогикалық кадрларға нәтижелі педагогикалық тәжірибе мен ғылым жетістіктеріне негізделген шешімдерді жүзеге асыруға көмектесуге арналған, мұнда аталған педагогикалық ұжымның, педагогтың іс-әрекетінің ерекшелігі және жағдайы ескеріледі.
Әдістемелік нұсқаулар педагогтердің тәжірибесімен танысу, жинақтау немесе жүргізілген зерттеу қорытындысы негізінде тұжырымдалған бір немесе бірнеше жеке әдістеменің мәнін ашады. Олардың міндеті – белгілі бір топқа немесе іс-шараға (тәрбие ісі) едәуір тиімді, өнімдік нұсқауларды, әрекет үлгілерін ұсыну.
Әдістемелік нұсқауларда міндетті түрде әдісті іс-жүзінде айқындайтын бір немесе бірнеше нақты іс шараны дайындау және өткізу жөнінде нұсқау беріледі. Әдістемелік нұсқаулар қандай да болмасын тақырыпты, сабақ жүргізуді, іс шараны өткізудің ретін, логикасын және ерекшелігін анықтайтын ерекше үлгімен құрылған ақпаратты көрсетді.
Әдістемелік нұсқаулардың кімге ұсынылатыны нақты көрсетілуі тиіс (педагогтерге, ата-аналарға, педагог ұйымдастырушыларға, сынып жетекшілеріне және т.б.) Осыған сәйкес қолданылатын әдістемелік нұсқаулардың терминологиясы, стилі, көлемі шектеледі.
Әдістемелік нұсқауларды дайындау жұмысында педагог бүкіл мазмұнын нақты мақсатына бағындыра алуы тиіс; ұсыныстың кімге арналғанын міндетті түрде көрсетуі тиіс; білім алушылар бірлестіктерінің нақты бір бөлігінің жұмысын жасарту үшін қандай алдыңғы педагогикалық технологияны қолдану жайлы ұсыныстар беріледі. Егер мәселе озат тәжірибені жинақтау болса, онда білім алушылар бірлестігіндегі немесе тұтастай мекемедегі оқу үдерісінде жетістіктерге жетудің қандай әдістемелік тәсілі мен құрамын қолдану қажеттігін көрсету қажет.
Әдістемелік нұсқауларды жазуға дайындық келесі кезеңдерді қамтиды:
өзекті тақырыпты таңдап алу;
таңдап алған тақырып боынша әдебиет көздерін оқып-үйрену;
жоспар құру;
нақты материалдарды жинақтау;
дайындалатын ережелер мен нұсқауларды негіздеу үшін неғұрлым тиімді, тиесілі фактілерді іріктеу;
жұмыс мазмұнын бөлімдер бойынша бөлу.
Әдістемелік нұсқаулардың құрылымы төмендегідей:
мұқаба;
аннотация;
автор туралы мәлімет;
алғы сөз;
мазмұны;
аталған тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі;
қосымша (қажеттілігіне орай).
Әдістемелік нұсқаулардың жекелеген құрылым элементтеріне түсініктеме
Мұқабада төмеңдегілер белгіленуі тиіс:
білім ұйымының атауы (төменгі бағыныстылығы ретімен);
автордың тегі, аты, әкесінің аты;
тақырыбы (әдістемелік өнім түрі көрсетілген – әдістемелік нұсқаулар);
қала атауы;
әзірленген мерзімі.
Мұқабаның екінші бетінде жоғарыда аннотация беріледі, онда мынадай мәліметтер болады:
қарастырылатын мәселелердің мәні туралы;
әдістемелік нұсқаулардың кімге арналғаны туралы (осы жұмыс қандай көмек береді және кімге арналған – мектеп мұғалімдері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қосымша білім педагогтары және т.б.);
нұсқаудың негізіне алынған практикалық тәжірибе көзі (берілген әдістемелік нұсқаудың қандай тәжірибе базасында орындалғаны көрсетіледі).
ұсынылған әдістемелік материалдың қолданылуы мүмкін салалар туралы (осы нұсқаулар гуманитарлық білімнің қай саласында қолданылуы мүмкін).
Мұқабаның төменгі жағында автор (авторлар ) туралы мәліметтер беріледі:
Тегі, аты, әкесінің аты;
Лауазымы;
Қызмет орны;
Біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі;
Байланыс телефоны.
Алғы сөзде келесі ақпарат берілуі тиіс:
берілген әдістемелік нұсқауларды дайындау өзектілігін негіздеу (зерттелетін мәселе бойынша істің мән-жайы жөнінде қысқаша талдау жасау; ұсынылып отырған материалдың қазіргі уақытта білім берудің қай саласында қолданылатынын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету; ұсынылып отырған жұмыстың тиісті мемлекеттік немесе аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырудағы мәнін сипаттау; осы әдістемелік нұсқаулардың қандай көмек көрсететінін және кімге арналғанын түсіндіру);
әдістемелік нұсқауларды әзірлеу мақсатын анықтау (мысалы, практик-педагогтерге, блалар мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және т.б. әдістемелік көмек көрсету;
балаларға қосымша білім беру жүйесінде осы әдістемелік нұсқауларды қолданудан күтілетін нәтижені қысқаша баяндау;
осы білім беру саласында қолданыстағы осындай бпсқа да нұсқаулармен салыстырғанда, ұсынылып отырған жұмыстың ерекшелігі мен жаңалықтарын негіздеу.
Әдістемелік нұсқаулардың мазмұны әрқилы мәселелермен байланыста болуы мүмкін: нақты педагогикалық проблеманы шешумен; бұқаралық шараларды өткізумен, жазғы науқанды ұйымдастырумен, оқу-зерртеу жұмысын жүргізумен, оқу бағдарламаларының жекелеген тақырыптарын зерттеумен, т.б.
Аталған бөлімнің мазмұны басшылардың, қосымша білім педагогтерінің қойылған мақсатқа жету үшін қолданатын озат технологияларды талдаудан және сипаттаудан тұрады. Сонымен бірге қалыптасқан жағдайды түзету және жасарту үшін қолданылатыны көрсетіледі, нұсқауларды қолдану нәтижесінің болашағы баяндалады.
Әдістемелік нұсқаулар мазмұны шектеулі емес, құрылымы еркін түрде жеткілікті баяндаулы мүмкін№ Мысалы, оны мынадай түрде құруға болады:
сипаттау (іс әрекеттің тұрақталған тәжірибесі негізінде ) зерттелген мәселе бойынша не істеу керектігі ұсынылады (кезең-кезеңмен) және қалай (қандай түрдің және әдістің көмегімен – мысалы, тестілеу, бақылау);
ұйымдастыру мәселелерін шешу, материалдық-техникалық, қаржылық мәселелері (қаржыландыру көздерін және белгіленген сомасы) бойынша кеңес беру (жұмыс жоспарын жасау; қатысушыларды ақпараттандыру кезеңдері және мерзімін анықтау, тапсырмаларды бөлу, жарнаманы қамтамасыз ету және т.б.); кадрлық қаматамасыз ету (эксперттерге талап);
баяндалып отырған әрекет түрін ұйымдастырудағы және өткізудегі едәір қиын тұстарды анықтау;
әдеттегі қателерден сақтандыру.
Қорытынды бөлікте әдістемелік нұсқауларды мазмұнынан туындайтын қысқа да нұсқа қорытынды беріледі.
Аталған тақырып бойынша қолданылған және ұсынылған әдебиеттер тізімі алфавит ретімен әдебиет көздерін рәсімдеудің қазіргі қолданыстағы ережелеріне сәйкес құрылады (басылым, баспа мекен-жайы, басылу мерзімі).
Қосымшада «Мазмұны» бөліміне кірмей қалған, осы әдістемелік нұсқауларды пайдалануға байланысты ұсынылып отырған іс-шара түрін ұйымдастыру үшін қажетті материалдар беріледі. Қосымша құрамында мыналар болуы мүмкін:
сабақ, нақты істі, іс-шараларды өткізудің жоспар-конспектісі;
ескертпелер;
тест тапсырмалары;
білім алушыларға арналған практикалық тапсырмаларды жасаудың әдісі;
сызбалар, диаграммалар, кестелер, суреттер, фотосуреттер, карталар;
ашық іс-шараларды, саяхаттардың және т.б. үлгі тақырыптары.
Достарыңызбен бөлісу: |