қАзаҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семейқаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Экономика және құқық факультеті
«Есеп және аудит» кафедрасы
«Статистика» пәнінен тәжірибелік сабақтарды өткізудің
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
5В050800«Есеп және аудит», 5В050900 «Қаржы» мамандықтары үшін
Семей 2016
Алғысөз
1. ӘЗІРЛЕНДІ
Әзірлеуші Серекбаева Б.С. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы
Тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау 5В050800«Есеп және аудит», 5В050900 «Қаржы» мамандықтарына арналған.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит» кафедрасының мәжілісінде.
Хаттама № 10 «05» 05 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі ___________ А. Зейнуллина
2.Әдістемелік нұсқау Экономика және құқық факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде қаралып ұсынылды
Хаттама № 5 «13» 05. 2016ж.
Төрайымы ______________ Н. Ғазизова
МАЗМҰНЫ
1.Түсіндірме жазба
2.Глоссарий
3. Тәжірибелік сабақтар мазмұны
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Статистика» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен университеттің 5В050800 «Есеп және», 5В050900 «Қаржы» мамандықтарының 1,2 курс студенттеріне арналған. Оқу бағдарламасы студенттерді курстың мазмұнымен, оның қажеттілігі мен көкейкестілігімен, курс саясатымен, оқу процесінде студенттер алатын білімдермен таныстырады.
Студенттерге статистика пәнінің негізгі қағидалары мен әдістемесін меңгерту. Статистика құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи және техникалық факторлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген әсерін анықтайды. Статистика органы халық шаруашылығы саласының есебін жүргізу, мекеме ретінде жалпы мемлекеттің экономикалық саясатының жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың маңызды құралының бірі болып табылады. Сондықтан да статистика қоғамдық құбылыстардың құрамын және ондағы сандық және сапалық тұрғыдан тығыз байланыстырып зерттейтін ғылым болып табылады.
Пәннің мақсаты: Бұл курстың мақсаты студенттерге статистиканың негізгі қағидалары мен әдістемесін меңгерту.
Бұл пәнді оқытудын негізгі мақсаты студенттерді ғылыми ұйымдастырылған жүйеге, статистикалық әдістерді қолдану арқылы әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестердін сандық өзгерістерін, сапалық жағына байланыстыра отырып, зерттеу жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін үйретеді.
Демек, қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, есептеу, талдау және оған қорытынды жасау сияқты әр түрлі тәсілді үйренеді, яғни республика экономикасының жағдайы мен дамуын жан-жақты, терең түрде зерттей алатын мамандарды даярлауға үлкен көмегін тигізеді.
Нарықтық экономика жағдайындағы статистиканың ролін түсіну, ресурстардың барлықтүрлерін пайдаланудың заңдылығы мен орындылығын бақылаудағы оның міндеттерін білу; ұйымның статистика бойынша ұйымдастыру тәртібін меңгеру; ; ұйымның есеп экономикалық қызметімен байланысты сұрақтарын өз бетінше шешуге дағдылану.
Пәннің міндеттері:Арнайы пәндерде қолданылатын статистиканың негізгі әдістерін оқыту.ҚазақстанРеспубликасындағыстатистиканыңұйымдастырылуын; мәліметтердіжинаужәнеөңдеуәдістерін; статистикалықөзарабайланыстардыталдауәдістерін;статистикалықбақылаужүргізуді, бақылау бағдарламасын жасауды және әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстарға статистикалық зерттеулер жүргізуде басқа да әдістер мен тәсілдерді қолдануды, қорытынды жасауды оқыту.
Жалпы құзіреттіліктер (оқыту нәтижелері):
Берілген курсты оқу нәтижесінде студент
Білуі керек:
ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық Кодексін және ҚР басқа да заң актілерін;
Кәсіби этика нормаларын, рухани өсуге ұмтылу;
Мемлекеттік экономиканы реттеудің әдістерін;
Заманауи ақпараттық технологиялардың негізін білу;
статистикалық бақылау жүргізуді, бақылау бағдарламасын жасауды білу;
әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстарға статистикалық зерттеулер жүргізуде басқа да әдістер мен тәсілдерді қолдануды, қорытынды жасауды білу;
Орындай алу:
Мәліметтерді жинау және өңдеу әдістерін жасай алу керек;
Статистикалық әдістерді қолдану арқылы әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестердін сандық өзгерістерін, сапалық жағына байланыстыра отырып, зерттеу жұмыстарын қалай жүргізуді;
Статистиканың ережелері мен принциптерін іс жүзінде қолдану;
Кәсіпорын мен мекеменің экономикалық қызметтегі мәселелерді кәсіби тұрғыда шешу;
Құрылтай құжаттары мен коммерциялық шарттарды құру, іскерлік кездесулер өткізу;
Аналитикалық тұрғыдан шаруашылық шешімдерін қабылдау және объектілерді фунционалдырудың тиімділігі туралы бағалау мақсатында есептік және есептеме ақпараттарды ой елегінен өткізу;
Логикалық ойлау, индукция, дедукция және критикалық анализ әдістерін қолдану, туындаған мәселелерді шешу, қатал графикті есепкеала отырып жұмысты жоспарлау.
Мамандырылған экономикалық терминологияны және кәсіби терминдарды;
Болашақ қызмет сферасындағы стандартты жағдайларды талдаудағы кәсіби аргументацияның әдістерін іздеу және қолдану;
Дағдысының болуы:
- жинаудың компьютерлік әдістерін,кәсіби қызметте қолданылатын ақпаратты өңдеу және сақтау;
- Есеп және аудит, қаржы және несие, кәсіпкерліктің және коммерцияның құқықтық негізіндегі статистиканың шаруашылық қызметіндегі анализ, аудит, бағалы қағаздар нарығы, маркетинг және менеджмент, экономиканы математикалық моделдеу;
- есептік-бюджеттік сферадағы тәжірибелік жұмыс.
Құзіретті болу: Меңгерген теориялық білім мен тәжірибелік икемділікті, дағдыны өндірісте, ғылыми тәжірибелік және оқытушылық қызметте пайдалану.
ГЛОССАРИЙ
Статистика - қоғамдағы құбылыстарды, процестерді сандық және сапалық жағынан тығыз байланыстыра отырып қай жерде және қай уақытта болғанын зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы.
Статистикалық бақылау - қоғамдық құбылыстар,процестер туралы мәліметті жинау,тіркеу.
Статистикалық жинақтау - бақылауда жинақталған мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық бірліктерінің белгілері бойынша бөліп, қортынды көрсеткіштерді есептеу
Статистикалық бақылау бағдарламасы - бақылау процесінде жауап алуға қажетті сұрақтар тізімі
Статистикалық бақылау зерзаты - зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы.
Статистикалық топтау - қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына, түрлеріне сәйкес бір-бірінен ажырату үшін топтарға бөлу.
Қайта топтау - алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісі.
Статистикалық таратпалы қатарлар - қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп топтарға бөлу.
Статистикалық кесте - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану.
Статистикалық нақты шамалар - қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер.
Қатысты шамалар - қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштер.
Әлеуметтік- экономикалық статистика - әлеуметтік- экономикалық құбылыстардың сандық жағын зерттейді, олардың пропорцияларын, экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарды көрсетеді.
Орташа шамалар - біртектес жиынтықты белгілі бір жағдайда және уақытта өзіне тән белгілері бойынша жинақтап көрсететін орташа сан мөлшері, яғни біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасы.
Мода - статистикалық қатарлардың ішінде ең жиі кездесетін белгінің үлкен шамасы, яғни өзгермелі сандық қатарда жиіліктің үлкен мәні жатқан белгі.
Медиана -статистикалық қатардың ортасында жатқан белгі.
Статистикалық өзгерме - жиынтық бірліктерінің белгілеріне әртүрлі себептердің әсерінен болған сандық өзгеріс.
Әлеуметтік- экономикалық статистиканың қоғамдық дербес ғылым ретіндегі мақсаты – мемлекеттің жағдайын дамудың кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау.
Бақылаудың объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер.
Тақырып 1. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1. Статистиканың пайда болуы мен дамуы, статистика туралы жалпы түсінік .
2.Статистика пәні және әдістері.
3.Статистиканың зерзаты мен зерттеу кезеңдері.
4.Статистиканың органының ұйымдастырылуы, статистика агенттігінің міндеттері мен қызметтері
Сабақ мақсаты:- статистиканың пайда болуы және дамуын, статистика пәнін, оның зерттеу кезеңдері мен әдістерін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау
Бақылау сұрақтары:
1.Статистиканың пайда болуы туралы не білесіз?
2.Статистика неліктен қоғамдық ғылымдарға жатады?
3.Статистиканың басқа қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы қандай ?
4.Статистикалық зерттеудің кезеңдерін атап, сипаттама беріңіз.
5.Статистикалық жиынтық дегеніміз не?
6.Статистиканың қандай міндеттері бар?
Тапсырма 1. Тест сұрақтарына дұрыс жауапты таңдап алыңыз:
Мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерді бекіту
1 Статистика теориясының пәні не?
А) қоғамдық құбылыстардың сапалық жағын зерттеу
В) қоғамдық өмірдегі бұқаралық құбылыстар
С) қоғамдық құбылыстарды, процестерді сандық және сапалық жағынан тығыз байланысты зерттеу
қоғамда болып жатқан фактілердің сандық жағын оқыту
сандар тізбесі
2 Статистиканың жалпы теориясының теориялық базасы не болып табылады?
А) экономикалық теория және әртүрлі экономикалық қатысулар
В) философия
С) тарих
социология
барлық жоғарыдағылар дұрыс
3 Статистиканың жалпы теориясы статистикалық мәліметтерді талдауда қандай әдістерді қолданады?
А) статистикалық бақылау
В) мәліметтерді жинақтау және топтау
С) нақты және қатысты шамалар
индекстер
барлық жоғарыдағылар дұрыс
4 Статистиканың жалпы теориясының міндеттері қандай?
А) статистикалық мәліметтерді талдау
В) ағымдағы,оперативтік,перспективалық жұмыстардың артынан бақылау
С) мемлекеттік органдарды сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету
коммерциялық,акционерлік құрылымдарды нақты, қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету
барлық жоғарыдағылар дұрыс
5 Қазақстанда алғашқы статистика органы қай жылы құрылды?
А) 1948 жылы
В) 1931 жылы
С) 1995 жылы
1919 жылы
1930 жылы
В) 1931 жылы
С) 1995 жылы
D) 1996 жылы
1930 жылы
Негізгі әдебиеттер
Статистика: учеб. / Ю.К. Шокаманов; К.К.бельгибаева.- Алматы: 2010.- 521 с.
Әлеуметтік-экономикалық статистика бойынша есептер жинағы/ Ы. Әміреұлы; Е.М. Киіков, Б.Х.Оспанова.- Алматы: Экономика, 2002.- 160б.
Тақырып 2. Статистикалық бақылау
Тәжірибелік сабақ жоспары :
1. Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның міндеттері.
2. Статистикалық бақылау бақылау бағдарламасы.
3. Статистикалық бақылаудың формалары, түрлері және тәсілдері .
4. Статистикалық бақылау кезінде жіберілетін қате және оны тексеру тәсілі.
Сабақ мақсаты:статистикалық бақылау түсінігін, оның түрлерін, бақылауды ұйымдастыру және бақылау бағдарламасын жасауды, бақылау кезінде жіберілетін қателер мен оны түзету тәсілдерін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Бақылау сұрақтары:
1.Статистикалық бақылау дегеніміз не?
2.Статистикалық бақылаудың қандай негізгі формалары бар?
3.Статистикалық бақылаудың қандай түрлері бар?
4.Статистикалық бақылаудың қандай тәсілдері бар?
5.Статистикалық бақылау кезінде қандай қателіктер кездеседі?
6.Қателерді түзетудің қандай әдістерін білесіз?
Тапсырма 1 тест сұрақтарына дұрыс жауапты таңдап алыңыз:
Мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерді бекіту
1Статистикалық бақылау - бұл:
А) жиналған мәліметтерді өңдеу,топтау
В) жинақталған мәліметті қортындылау
С) зерттеу нәтижелерін тұжырымдау
D)қоғамдық құбылыстар,процестер туралы мәліметті жинау,тіркеу
Е)барлық жоғарыдағылар дұрыс емес
2 Бақылау бағдарламасы - бұл:
А) жауап алу үшін сұрақтар
В) бақылау процесінде жауап алуға қажетті сұрақтар тізімі
С) барлық жиынтықтың жан-жақты сипаттамасы
бақылау жоспары
бақылау зерзатының шегін анықтау
3 Статистикалық бақылаудың мақсаты қандай ?
А) зерзаттар туралы шындықты дәл көрсететін,сапалы мәліметтерді уақытында жинау
В) сандық мәліметтерді жинау
С) қоғамдық құбылыстардың бағалылығы жоғары болуы керек
мәліметтерді талдау және қорытындылау
мәліметтерді бір жүйеге келтіріп жинақтау,өңдеу және топтау
4 Статистикалық бақылаудың қандай түрлері бар?
А) жаппай бақылау
В) жартылай бақылау
С) үзіліссіз бақылау
үзілісті бақылау
барлық жоғарыдағылар дұрыс
5 Статистикалық бақылау кезіндегі зерзаттың жиынтық бірліктерінің толықтығына,тіркелуіне қарай қандай түрлерге бөлінеді?
А) жаппай,жартылай
В) үзілісті,үзіліссіз
С) почталық,телеграфтық
жеке ауқымды,жиынтықтың негізгі бөлігі
қарапайым,күрделі
6 Жартылай бақылау дегеніміз не?
А) жиынтық бірліктерді толықтай тіркеуге алу
В) жалпы жиынтық алдын - ала іріктеп зерттеу
С) жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктерінің алынуы
зерттеу жұмыстарын есепке алатын күн мен уақыт мерзімі
зерттеу жұмыстарының бір рет жүргізілуі
Негізгі әдебиеттер
Статистика: учеб. / Ю.К. Шокаманов; К.К.бельгибаева.- Алматы: 2010.- 521 с.
Әлеуметтік-экономикалық статистика бойынша есептер жинағы/ Ы. Әміреұлы; Е.М. Киіков, Б.Х.Оспанова.- Алматы: Экономика, 2002.- 160б.
Тақырып 3. Статистикалық мәліметтерді жинақтау,
топтау және кесте құру
Тәжірибелік сабақ жоспары:
1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау.
2. Статистикалық мәліметтерді топтау түрлері мен белгілері.
3. Статистикалық таратпалы қатарлар және статистикалық кестелер.
Сабақ мақсаты: статистикалық мәліметтерді жинақтау, оларды нышандарына қарай топтау, олардың әдістері мен тәсілдерін және топқа бөлу белгілері мен принциптерін, қайта топтауды, таратпалы қатарлар, сонымен қатар статистикалық кестелерді оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - әдебиеттермен және қаржылық есеп нысандарымен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау қорытынды жасау.
Бақылау сұрақтары:
1.Статистикалық жинақтау дегеніміз не?
2.Статистикалық топтаудың қандай түрлері бар?
3.Қайта топтау деген не?
4.Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз не?
5.Статистикалық кесте деген не?
6.Статистикалық кестелердің қандай түрлері болады?
Есептер
1. Ет өнеркәсібінің 25 кәсіпорындары бойынша келесідей есептік мәліметтер берілген:
Кәсіпорындар
№
|
Негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құны, млн. теңге.
|
Көтерме бағамен жалпы өнім, млн. теңге.
|
1
|
5,6
|
7,2
|
2
|
7,3
|
9,6
|
3
|
4,1
|
4,8
|
4
|
6,5
|
5,3
|
5
|
3,7
|
3,1
|
6
|
4,6
|
7,2
|
7
|
4,8
|
7,4
|
8
|
3,9
|
3,0
|
9
|
6,5
|
8,1
|
10
|
9,2
|
11,7
|
11
|
6,5
|
6,8
|
12
|
7,2
|
9,1
|
13
|
8,3
|
10,1
|
14
|
7,2
|
6,0
|
15
|
6,9
|
8,2
|
16
|
3,0
|
2,8
|
17
|
4,2
|
4,8
|
18
|
5,6
|
6,4
|
19
|
4,1
|
4,9
|
20
|
4,9
|
6,7
|
21
|
5,2
|
3,9
|
22
|
5,8
|
6,1
|
23
|
6,9
|
9,2
|
24
|
6,1
|
4,6
|
25
|
5,3
|
8,2
|
Негізгі өнідірістік қорлар мен жалпы өнімнің өндірілу арасындағы тәуелділікті зерттеу мақсатында негізгі өндірістік қорлар бойынша тең интервалмен кәсіпорындарды төор топ құрып, топтау жүргізіңдер. Әрбір топ бойынша және барлық кәсіпорындар бойынша есептеңіздер:
1)кәсіпорындар санын;
2) негізгі өндірістік қорлардың (негізгі құрал) орта жылдық құнның барлық кәсіпорындар бойынша және бір кәсіпорынға орташасын;
3) жалпы өнімнің құнын барлық кәсіпорындар және кәсіпорын бойынша;
4) бір теңге негізгі өндірістік қорларға жалпы өнім мөлшерін (қор қайтарымын).
Есептің шешуін топтық кесте түрінде көрсетіңдер. Соңынан қысқаша қорытынды жасаңыздар.
Негізгі әдебиеттер
Статистика: учеб. / Ю.К. Шокаманов; К.К.бельгибаева.- Алматы: 2010.- 521 с.
Әлеуметтік-экономикалық статистика бойынша есептер жинағы/ Ы. Әміреұлы; Е.М. Киіков, Б.Х.Оспанова.- Алматы: Экономика, 2002.- 160б.
Тақырып 4. Нақты және қатысты шамалар.
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1. Статистикалық нақты және қатысты шамалар, олардың түрлері.
2. Статистикадағы графиктік әдіс.
Сабақ мақсаты:-статистикалық нақты және қатысты шамалар , олардың түрлерін және статистикалық графиктер мен олардың қолданылуын оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Бақылау сұрақтары:
1.Статистикалық қатысты шамалар дегеніміз не?
2.Статистикалық нақты шамалар деген не?
3.Нақты шамаларды есептеуде қандай өлшем бірліктері қолданылады?
4.Статистикалық қатысты шамалардың қандай түрлері бар?
5.Статистикалық график деген не?
6.Статистикалық графиктердің қандай түрлері болады?
Есептер
Төрт сүт өнеркәсібінің сатылған өнімдерінің жоспарлы және іс жүзіндегі көлемі келесідей:
Сүт өнеркәсіптерінің №
|
Сатылған өнім көлемі (іс жүзіндегі көтерме бағамен), мың теңге.
|
Базистік кезең
|
Есепті кезеңге жоспарлы тапсырма
|
Есепті кезең
|
1
|
2213
|
2238
|
2346
|
2
|
3235
|
3247
|
3565
|
3
|
4164
|
4270
|
4322
|
4
|
4701
|
5145
|
5424
|
Жоспарлы тапсырманың қатысты шамаларын, жоспардың орындалу дәрежесін және есепті кезеңдегі сатылған өнімдердің көлемінің іс жүзіндегі өзгерісін әрбір сүт өнеркәсібі бойынша және төрт өнеркәсіп бойынша бірге базистік кезеңмен салыстыру арқылы анықтаңыздар.
Негізгі әдебиеттер
Статистика: учеб. / Ю.К. Шокаманов; К.К.бельгибаева.- Алматы: 2010.- 521 с.
Әлеуметтік-экономикалық статистика бойынша есептер жинағы/ Ы. Әміреұлы; Е.М. Киіков, Б.Х.Оспанова.- Алматы: Экономика, 2002.- 160б.
Тақырып 5. Орташа шамалар және өзгерменің көрсеткіштері
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1. Орташа шаманың мәні және түрлері.
2. Өзгерме көрсеткіштері және оны есептеу тәсілдері.
3. Шашыранды , оның түрлері және қосу ережесі.
Сабақтың мақсаты - орташа шамаларды, олардың түрлерін, өзгерменің көрсеткіштерін және олардың есептеу тәсілдерін, статистикалық шашыранды түрлері мен қосу ережесін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Бақылау сұрақтары:
1.Статистикалық орташа шамалар дегеніміз не?
2.Орташа шамалардың қандай түрлері бар?
3.Үйлесімдік орташа шама деген не, оның қандай түрлері бар?
4.Мода дегеніміз не, оны есептеудің формулаларын көрсетіңіз.
5.Медиананы қандай формуламен есептеуге болады?
6.Статистикалық өзгерме дегеніміз не?
7.Өзгерменің қандай көрсеткіштері бар?
8.Шашыранды деген не, оны қалай есептеуге болады?
Есептер
№1. Халық шаруашылығының екі салысндағы жұмыстың жылдық формасына көшкен бригадаларының жұмысшыларының саны туралы келесідей мәліметтер берілген:
Топ номері
|
Өнеркәсіп
|
Құрылыс
|
Бір бригададағы жұмысшылар саны, адам
|
Бригада-лар саны
|
Бір бригададағы жұмысшылар саны, адам
|
Бригада-лар саны.
|
1
|
13
|
120
|
18
|
98
|
2
|
16
|
140
|
21
|
162
|
Бірбригаданыңжұмысшыларыныңорташасанынесептеңіздер:
- өнеркәсіптегі;
- құрылыстағы.
Бұл көрсеткіштерді есептеу үшін орташа шамалардың қандай түрін қолдануға болатындығын көрсетіңіздер және алынған шамаларды салыстырыңыздар.
№2. Жұмыс күнінің ұзақтығында 5 жұмысшы бірдей өнім дайындайды. Өнімді дайындауда бірінші жұмысшы – 20 минут, екіншісі – 18 минут, үшіншісі – 19 минут, төртіншісі – 22 минут, бесіншісі – 24 минут жұмсады.
Бір өнімді дайындауға жұмысшылар мен орташа қанша уақыт жұмсалғанын анықтаңыздар.
№3.Зауыттың жұмысшылары бір бөлшекті дайындауға уақыт шығынын зерттеу мақсатында 10 пайыз кездейсоқ қайталанбайтын таңдау жүргізілді, нәтижесінде уақыт шығыны бойынша бөлшектерді келесідей бөлу алынады:
Бір бөлшекке уақыт шығыны,
Минут
|
Бөлшектер саны, дана
|
10 – ға дейін
|
10
|
10 – 12
|
30
|
12 – 14
|
40
|
14 – 16
|
15
|
16 және одан жоғары
|
5
|
Жиыны
|
100
|
Осы берілген мәліметтер негізінде есептеңіздер:
бір бөлшекті дайындауға орташа шығындар;
ауытқудың орташа шаршысын (дисперсия) және орташа шаршылық ауытқуды;
өзгерменің коэфициентін;
зауытта бір бөлшекті дайындауға кететін уақыттың орташа шығындар күтілетін мүмкін шекаралары және таңдау орташаның 0,954 ықтималдығымен шекті қатесін;
таңдау үлесінің 0,954 ықтималдығымен шекті қатені және 10 – нан 14 минутқа дейін оларды дайындауға уақыт шығындарымен бөлшектердің санының үлес салмағының шекараларын.
№4. Берілген дүкендер тобы бойынша айлық тауар айналымының мөлшері бойынша анықтаңыздар:
моданы; 2) медиананы.
Тауар айналымы, мың теңге
|
5-ке дейін
|
5-10
|
10-15
|
15-20
|
20-25
|
25 және одан жоғары
|
Дүкендер саны
|
10
|
13
|
10
|
7
|
5
|
5
|
Негізгі әдебиеттер
Статистика: учеб. / Ю.К. Шокаманов; К.К.бельгибаева.- Алматы: 2010.- 521 с.
Әлеуметтік-экономикалық статистика бойынша есептер жинағы/ Ы. Әміреұлы; Е.М. Киіков, Б.Х.Оспанова.- Алматы: Экономика, 2002.- 160б.
Тақырып 6. Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1. Өсіңкілік қатарлар , оның түрлері.
2. Өсіңкілік қатарларды негізгі және орташа көрсеткіштері бойынша есептеу тәсілдері.
3. Өсіңкілік қатарларды талдау және аналитикалық тегістеу тәсілдері.
4. Интерполяция және экстраполяция. Маусымдық ауытқу.
Сабақ мақсаты- өсіңкілік қатарлар түсінігі, олардың түрлері және өсіңкілік қатарларды негізгі және орташа көрсеткіштер бойынша есептеу тәсілдерін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар- әдебиеттермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау қорытынды жасау.
Бақылау сұрақтары:
1.Өсіңкілік қатарлар дегеніміз не, оның статистикалық зерттеудегі мәні не?
2.Өсіңкілік қатарлардың қандай түрлері бар?
3.Өсіңкілік қатарлардың деңгейінің өзгеруін сипаттауда қандай көрсеткіштер қолданылады?
4.Өсіңкілік қатарлардың өсу және өсім қарқыны қалай анықталады?
5.Өсіңкілік қатарларда маусымдық ауытқу қалай өлшенеді?
Есептер
1. Кәсіпорын бойынша өнім өндіру туралы мәліметтер 2005 – 2010 жылдары (салыстырмалы бағамен) берілген:
Жылдар
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Өнім өндіру
|
67,7
|
73,2
|
75,7
|
77,9
|
81,9
|
84,4
|
Өсіңкілік қатарда талдау үшін анықтаңыздар:
а) өсіңкілік қатардың орташа деңгейін;
б) өсу және өсімнің тізбектелген және тұрақты қарқынын;
в) әрбір жыл үшін бір процент өімнің нақты мәнін.
Есептеу нәтижелерін кесте түрінде көрсетіңіздер.
Негізгі әдебиеттер
Статистика: учеб. / Ю.К. Шокаманов; К.К.бельгибаева.- Алматы: 2010.- 521 с.
Әлеуметтік-экономикалық статистика бойынша есептер жинағы/ Ы. Әміреұлы; Е.М. Киіков, Б.Х.Оспанова.- Алматы: Экономика, 2002.- 160б.
Тақырып 7. Индекстер.
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1. Индекстер туралы түсінік.
2. Жеке және жалпы индекстерді есептеу.
3. Орташа индекстерді есептеу.
4. Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.
Сабақ мақсаты- индекстер түсінігі, олардың түрлері және есептелуін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар- әдебиеттермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау қорытынды жасау.
Бақылау сұрақтары:
1.Индекстер дегеніміз не?
2.Статистикада индекстер қандай міндеттерді шешеді?
3.Жеке индекстер деген не? Мысалдар келтіріңіз.
4.Жалпы индекстер дегеніміз не?
5.Жеке индекстерден орташа индекстер қалай құрылады?
6.Тұрақты және өзгермелі индекстер туралы не айтасыз?
Есептер
№1. Қала базарында орташа баға мен сту көлемінің динамикасын келесідей мәліметтермен сипатталады:
Тауарлардың аттары
|
Сатылған тауарлар, мың кг.
|
1 кг орташа бағасы, теңге.
|
Базистік кезең
|
Есепті кезең
|
Базистік кезең
|
Есепті кезең
|
Қала базары № 1
|
|
|
|
|
Капуста
|
5,1
|
5,3
|
0,4
|
0,5
|
Морковь
|
3,6
|
3,4
|
1,0
|
1,3
|
Қала базары №2
|
|
|
|
|
Капуста
|
10,0
|
12,0
|
1,2
|
0,8
|
Берілген мәліметтер негізінде келесілерді есептеңіздер:
1.№ 1 қала базары үшін (екі тауар бойынша бірге):
а) тауар айналымының жалпы индексін;
б) бағаның жалпы индексін;
в) тауар айналымының табиғи көлемінің жалпы индексін.
Есептелген индекстердің арасындағы өзара байланысты көрсетіңіздер:
2.Екі қала базарындағы капуста бойынша:
а) ауыспалы құрамының баға индексі;
б) тұрақты құрамның баға индексін;
в) капустаның сату көлемінің құрылымының өзгерісінің орташа бағаның динамикасына әсерінің индексін.
Негізгі әдебиеттер
Статистика: учеб. / Ю.К. Шокаманов; К.К.бельгибаева.- Алматы: 2010.- 521 с.
Әлеуметтік-экономикалық статистика бойынша есептер жинағы/ Ы. Әміреұлы; Е.М. Киіков, Б.Х.Оспанова.- Алматы: Экономика, 2002.- 160б.
Тақырып 8. Халық және еңбек статистикасы
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1. Халық саны және құрамының статистикасы
2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы
3. Халық қозғалысының статистикасы
4. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері
5.Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы
Сабақ мақсаты- халық саны және құрамының, жұмысбастылық және жұсыссыздық статистикасын, халықсанын болжаудың статистикалықәдістерін оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар- әдебиеттермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Бақылау сұрақтары:
1. Ұлттық Шоттарды құрудың негізгі принциптерін атаңыздар.
2. Әр Ұлттық Шоттың үлгісін, мазмұнын айтыңыз:
- өндіріс шотын;
- табыстардың құрылу шотын;
- бастапқы табыстардың таратылу шотын;
- табыстарды қайта тарату шотын;
- қолдағы табыстарды пайдалану шотын;
- капиталмен операциялар шотын;
- қызметтер және тауарлар шотын.
Есептер
1. Келесі мәліметтер берілген (шартты):
Көрстекіштер
|
Базистік жыл
|
Есеп жылы
|
1.Жұмыс істейтіндердің жылдық орташа саны, мың адам
|
7820
|
7835
|
2.Жұмыссыздар саны, мың адам
|
366
|
394
|
3.Жалпы ішкі өнім (тұрақты бағамен), млн. долл.
|
3742
|
3964
|
4.Негізгі капиталдың орташа жылдық құны, млн. долл.
|
15022
|
15981
|
Есептеу керек:
1. Еңбек өнімділігінің динамикасы мен деңгейін (1 адамға АҚШ долл. есептегенде);
2. Жұмыссыздық әсерінен жалпы ішкі өнім көлемінің шығынын (АҚШ долл. мың);
3. Еңбектің капиталмен жарақтануы мен оның динамикасын.
Негізгі әдебиеттер
Статистика: учеб. / Ю.К. Шокаманов; К.К.бельгибаева.- Алматы: 2010.- 521 с.
Әлеуметтік-экономикалық статистика бойынша есептер жинағы/ Ы. Әміреұлы; Е.М. Киіков, Б.Х.Оспанова.- Алматы: Экономика, 2002.- 160б.
Тақырып 9. Ұлттық байлық статистикасы
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1. Ұлттық байлықтың құрамы, мәні
2. Негізгі капиталдың бар болуы, күйі және қозғалысының статистикасы
3. Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс статистикасы
4. Негізгі капиталды пайдалану статистикасы
5. Айналым капиталының статистикасы
6. Инвестиция статистикасы
Сабақ мақсаты- ұлттық байлық құрамын, негізгі капитал және айналым капиталының, инвестиция капиталының статистикасын оқыту.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.
Есептер
№1. Қазақстан Республикасының меншік формасы бойынша негізгі капитал туралы келесідей мәліметтер берілген, жыл аяғына ағымдағы құны бойынша – млрд. теңге.
Көрсеткіштер
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
Барлық негізгі капитал, соның ішінде меншік формасы бойынша:
мемлекеттік
мемлекеттік емес
шетелдік тұлғаларды
|
1997,8
788,4
1140,8
68,6
|
2731,0
1149,2
1292,4
289,4
|
2717,2
657,3
1801,2
258,7
|
2879,7
727,2
1866,4
286,1
|
Есептеу керек: Әр жылға раналған негізгі капиталдың құрылымын және құрылымдық қозғалысыын. Экономикалық қорытынды жасау, құрылымын графикпен бейнелеу.
№2. Акционерлік қоғам капиталының бастапқы құны – 4,8 млн. теңге, олардың жарамдылық коэффициенті – 90 пайыз, тозу сомасын шегергендегі қалпына келтіру құны – 5,2 млн. теңге.
Анықтау керек:
1. Қалдық құнын;
2. Амортизация сомасын;
3. Қалпына келтіру құнын.
№3. Қазақстан Республикасының қаржылық емес активтерге салынған инвестицияларды қаржыландыру көздерінің динамикасы туралы мәліметтер берілген (млрд. теңге)
Көрсеткіштер
|
2000жыл
|
2001 жыл
|
2002 жыл
|
2003 жыл
|
Қаржылық емес активтерге салынған инвестициялар
|
439,0
|
512,3
|
752,6
|
1158,1
|
Соның ішінде қаржыландыру көзі бойынша:
Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты есебінен
|
299,8
|
349,3
|
492,6
|
751,8
|
Тартылған қаражат есебінен
|
139,2
|
163,0
|
260,0
|
406,3
|
Олардан банктердің несиелері
|
33,1
|
31,8
|
39,7
|
115,9
|
Шетелдік банктерден (резидент еместер)
|
20,9
|
24,9
|
17,8
|
81,8
|
Резидент еместердің басқа да шетел қаражаты есебінен
|
59,1
|
102,0
|
169,6
|
198,0
|
Бюджеттік қаражаттар есебінен
|
28,8
|
26,5
|
45,5
|
76,3
|
Басқа да қаражаттар есебінен
|
18,2
|
2,7
|
5,2
|
16,1
|
Әр жыл бойынша есептеңіздер.
1. Қаржылық емес активтерге салынған инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымын;
2. Инвестицияларды қаржыландыру көздеріндегі құрылымдық қозғалыстарды;
3. Инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылым динамикасын график түрінде бейнелеңіздер.
Негізгі әдебиеттер
Статистика: учеб. / Ю.К. Шокаманов; К.К.бельгибаева.- Алматы: 2010.- 521 с.
Әлеуметтік-экономикалық статистика бойынша есептер жинағы/ Ы. Әміреұлы; Е.М. Киіков, Б.Х.Оспанова.- Алматы: Экономика, 2002.- 160б.
Тақырып 15. Халықтың тұрмыс дәрежесінің статистикасы
Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
1. Әлеуметтік статистика пәні және объектілері
2. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуы
3. Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі
Сабақ мақсаты- әлеуметтік статистика пәнін, объектілерін оқыту, үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуын үйрену.
Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Есептер
1. Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейі туралы берілген мәліметтер:
Көрстекіштер
|
2007жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
1.Есептелген орташа айлық жалақы, тг.
|
8541
|
9683
|
11256
|
2.Халықтың орташа айлық күнкөрісінің минимумы, тг.
|
3505
|
3716
|
3394
|
3.Белгіленген зейнетақысының бір айдағы орташа мөлшері, тг.
|
3283
|
3554
|
3964
|
4.Халықтың жан басына шаққандағы орташа жылдық табысы, тг.
|
34187
|
36241
|
40896
|
5.Тұтыну бағаларының индексі (%)
|
117,4
|
107,1
|
115,2
|
Әр жыл бойынша көрсеткіштерді есептеңіздер:
Алдағы жылдағы нақты орташа жалақыны (%-бен);
Алдағы жылдағы белгіленген зейнетақының нақты орташа мөлшерін (%-бен);
Алдағы жылдағы жан басына шаққандағы орташа жылдық табысты (%-бен);
Орташа жалақының, белгіленген зейнетақының халықтың орташа айлық күнкөрісінің минимумына қатынасын. Халықтың өмір сүру деңгейі туралы экономикалық тұжырым жасаңыздар.
Бақылау сұрақтары:
1. Әлеуметтік статистканың пәні не?
2. Әлеуметтік статистканың зерттеу объектілеріне не жатады?
3. Әлеуметтік статистка қандай бөлімдерді қамтиды?
4. Үй шаруашылығын ішінара зерттеудің принциптері
5. Үй шаруашылығының бас жиынтығы қандай страттарға бөлінеді?
6. Халықтың тұрмыс деңгейі деген не?
7. Құрылымдық айырмашылықтардың квадраттық коэффициенті қалай есетеледі?
8. Нақты және номиналды табыстар қалай анықталады?
5.1 Негізгі әдебиеттер
5.1.1Статистика: учеб. / Ю.К. Шокаманов; К.К.бельгибаева.- Алматы: 2010.- 521 с.
5.1.2Әлеуметтік-экономикалықстатистикабойыншаесептержинағы/ Ы. Әміреұлы; Е.М. Киіков, Б.Х.Оспанова.- Алматы: Экономика, 2002.- 160б.
Достарыңызбен бөлісу: |