Нурпеисова Кунсулу Алимовна Санаты: 1 1-сабақ «Вирус» тақырыбына арналған ашық сабақ



бет2/5
Дата20.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169471
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сабақ жоспары Вирус

II. Үй жұмысын қайталау (3 мин)
Оқушылар сұраққа жауап береді (слайд 2):

  1. Тірі табиғат пен өлі табиғаттың айырмашылықтарын ата?

  2. Тірі ағзалардың қандай қасиеттері бар?

  3. Әр бір тірі ағзалардың ең ұсақ өлшем бірлігі?

  4. Жасушаларды зерттейтін ғылым саласы?

  5. Барлық тірі ағзалар жасуша санына байланысты қандай топтарға бөлінеді?

  6. Өсімдік жасушасының органоидтарын атап, сипаттама беріңдер?

III. Топқа бөлу: 1-топ «Тірі табиғат»
2-топ «Өлі табиғат»
3-топ «Бактериялар»
Бүгінгі сабаққа дайындалған кезде мені мынадай материалдар таң қалдырды
(1-2 мин)

  1. Қазақстанда тұмаудан қайтыс болған адамдар саны

  2. ИТИС-тен қайтыс болған адамдар саны

  3. Басқа да ісік ауруларынан қайтыс болған адамдар саны.

Бүгінгі сабақта біз не туралы айтамыз? Қалай ойлайсыздар неге қазіргі ХХІ ғасырда барлығы дамыған заманда осындай қауіпті ауруларға қарсы тұратын вакциналар жоқ. Мысалы: ЖИТС-тан?
Бүгінгі сабаққа қандай проблемалық сұрақ қоюға болады?
Проблемалық сұрақ: Неліктен ауру тудыратын вирустар мен күрес жүргізу және оларды мүлдем жою өте қиын?
Вирустарға қарсы тұру үшін нені білу керекпіз? Өздерінді вирустардан қорғай алатын адамбыз деп ойланыңыздар, ең бірінші не істейсіздер?
Вирустар туралы қандай білім қажет сіздерге?
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
Вирустардың құрылысын, құрамын, тіршілік әрекетін білу.
Оқушыларға Twig-Bilim мектеп бағдарламасы негізінде жасалған мыңдаған керемет қысқа фильмдер мен оқу материалдарынан тұратын сайытынан оқытушы фильмдер бөлімінен Вирус дегеніміз не? Атты бейне фильм көрсету арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал жасадым.
IV. Жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)
Оқушылар ақпарат береді (3 минуты)
Вирустардың ашылу тарихы.
1887 ж Крымдағы темекі плантациясында белгісіз ауру тарала бастады. Өсімдік жапырақтары абстракты суреттермен жабылып, әр түрлі мазайкалар тәрізді бір жапырақтан екінші жапырақтарға жұғып, бір өсімдіктен екіншісіне тарала бастады. Ауыл шаруашылығы үлкен шығынға тап болды. Оқиға болған жерге жас ғалым Санкт-Петербург университетінің бітірушісі Дмитрий Ивановский жұқтырушы аурулар туралы әр түрлі тәжірибелер мен зерттеулер жүргізе бастады. (слайд 6) 1892 ж. ғаламшарға жаңа жаңалық жаңа тіршілік формасы өте ұсақ микроскопиялық ағзалар, сүзгіштердің ең жіңішке жерлерінен өте алатын ағзаларды ашты. Ашылған ағзаларды Ивановский «фильтрлеуші бактериялар» деп атады. 1899 ж голландиялық ғалым Мартин Бейеринк вирус деген терминді енгізді (слайд 7). Латын тілінен аударғанда «vira» сөзі «у» деген мағынаны білдіреді. Ивановскийдің ашқандарынан кейін жаңа вирустар және вирус арқылы таралатын өсімдік, жануарлар мен адамдар аурулары: тұмау, сіреспе, топалаң, балалардың сал ауруы, ЖИТС, өсімдіктерде темекі теңбіл ауруы т.б. аурулар ашыла бастады. Осы ашылулар биология ғылымына жаңалық болып, сонымен қатар өз бетінше бір ғылым – вирусология («vira» - у, «logos» - ғылым) болып енді.
Вирустарды зерттейтін ғылым саласы вирусология деп аталады. (слайд 8)
Оқушылар бүгінгі сабақ басында қойылған сұраққа жауап беру үшін біз сіздермен зерттеу жүргізе отырып, не себепті вирустар деп аталды? Олардың құрылыстарында қандай ерекшеліктер бар? Жұмысымыз тез жүру үшін әр топ вирустардың әр түрлі қасиеттерін сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет