О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет16/37
Дата21.06.2023
өлшемі4,58 Mb.
#179074
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
Kewirdim x Asik

Өзін бағалайтын адам
Орынды сөйлейтін адам кешірім 
сұрауға мәжбүр болмайды.
Фатих Сұлтан Мехмед
Өзін бағалайтын адам астамсынған немесе 
төмендетілген адам сияқты емес. Ол - әр нәрсенің 
ыңғайын тапқан тұлға. Шектен шықпайды. Мұндай 
тұлға өзінің бағасын, қадірін біледі. Ол өзінің дәрежесін 
асыра көтеріп немесе өзін төмен түсіріп, ауытқымайды. 
«Мутаффифин» сүресінің 1-3 аяттарында: «Өлшеу-
тартуда кемітушілерге өкініш болсын! Солар, қашан 
адамдардан өлшетіп алса, толық өлшеп алатындар. 
Ал егер өздері өлшеп немесе тартып беретін болса, 
кемітеді», – делінген. 
Негізінде, өлшеу-тарту - тек таразыға, сауда-саттыққа 
ғана қатысты емес. Керісінше, өзіңді және өзгелерді 
бағалауға да қатысты. Өзін дұрыс бағалайтын адамдар 
өздеріне де, өзгелерге де бір өлшеммен, яғни әділдік 
пен ынсаптылық өлшемімен қарайды. Өз хақысын 
толық алып, адамдардың хақысын кемітпейді. 
Өзіне дұрыс баға бере алатын адамның мысалы 
Юсуф пайғамбардың оқиғасынан анық көрінеді. 


Кешіру
70
«Юсуф» сүресінің 55-аятында: «Мені осы жердің 
(елдің) қазыналарына (жауапты) етіп қой. Расында, 
мен (бұл іске) өте жауаптымын, (ол істің) білгірімін», 
– делінген. Юсуф пайғамбар өзінің сипаттарын, 
қабілеттерін толық сеніммен, анық айтып тұр. Мұндай 
сипатты ашық айту - тәкаппарлық емес әрі қабілеттерін 
жасырып тұрған жоқ. Керісінше, бұл лауазымға өзінің 
лайық тұлға екенін білгендіктен, сипаттары мен 
қабілеттерін ашық айтқан. Мұның нәтижесі келесі 
аяттарда анық көрінеді. Аталмыш сүренің 92-аятында: 
«Бүгін сендер жазғырылмайсыңдар. Алла сендерді 
кешірсін. Ол мейірімділердің ең мейірімдісі», – 
делінген. Яғни «сендер бүгін сөгіске тартылмайсыңдар, 
айыпталмайсыңдар» деген мағынада айтылған. Юсуф 
пайғамбар бауырларының қате-кемшіліктерін солай 
жаба салды. Мұндай кеңшілік өзін дұрыс бағалай 
білетін адамнан ғана көрінеді. 
Өзін дұрыс бағалай білетін адам - жетілген, есейген 
тұлға. Ондай тұлға балаға тән есерлік, әуейілікке бой 
алдырып, асығыстық танытпайды. Шектен тыс салмақты 
көрініп, паңданбайды. Расында, адам балалық 
шағында айтқанның, үйреткеннің бәрін қабылдайды. 
Ал орта жаста өзгелердің айтқаны мен үйреткенінің 
бәрін қабылдай алмай қалады. Тіпті мәселе оның 
игілігіне тікелей қатысты болса да, ол мәселеге деген 
көзқарасын, қарым-қатынасын оңайлықпен өзгерте 
қоймайды. Алайда өзін дұрыс бағалаған адам жас 
жігіттей жаңарып, жаңғырып тұрады. Естігенін түсініп, 
әр нәрсенің мәніне терең бойлай алады. 


iqup
71
Егер өздеріне дұрыс баға берген тұлғалар туралы 
мысалдарды көбірек білгің келсе, онда оны пайғамбар 
қиссаларынан, қазақтың ғұлама ойшылдарының, 
алаш тұлғаларының еңбектерінен, өмір жолдарынан 
ізде. Өйткені олар - Алланың аманаты мен қоғамның 
міндетін арқалаған, таңдаулы ізгі жандар. 
Мұндай тұлға төмендегідей сипаттармен танылады:
• Алғысты қуана қабыл алып, өзгеге де алғысын 
білдіреді. 
• Өз жетістіктерін ұлғайтып көрсетуге тырыспайды. 
Кішірейтіп те көрсетпейді. Керісінше жетістіктерін 
орнымен бағалап, лайықты өлшемін береді. 
• Сын-пікір мен насихаттарды дұрыс қабылдайды. Сын 
мен насихатты тәлім алудың мүмкіндігі деп біледі. 
Және оны тұлғасына тағылған мін деп санамайды. 
• Өзгелерге шектен шығуға, тұлғалық құқықтарды 
бұзуға жол бермейді. Алайда оларға қателіктерін 
әдеппен, көркем мінез-құлықпен барынша көрсетуге 
тырысады. 
• Өзіне, өзгелерге кешірімді болып, өмірдегі 
жағдайларға кең қарайды. Алайда бір істеген 
қателігін екінші рет қайталамауға тырысады. 
Осындай ынсапты тұлға болуды қаласақ, 
бұған жетудің екі жолы бар. Үшінші жол жоқ. Өзін 
бағаламайтын адам осы түсінігінен арылып, өзіндік 
бағасын көтергені жөн. Өзін асыра бағалайтын 
адам болса, тұлғалық өлшемін бір мәрте тексеріп, 
айналасына зер салғаны абзал. 


Кешіру
72


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет