О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет26/37
Дата21.06.2023
өлшемі4,58 Mb.
#179074
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Байланысты:
Kewirdim x Asik

Маңызды принциптер
«Кешіре алмайтын адамдарды жек көремін» 
Ницше Ф.
К
өп жағдайда бәріміз өмірдегі жағдайларға, әлемге 
деген көзқарасымызды өзгертуге тырысамыз. Бұл 
қоршаған ортаға, дүниеге қатысты ескі ұстанымнан 
бөлек жаңа ұстанымды, көзқарасты қалыптастыру 
арқылы жүзеге асады. Бізді бүгінгі жағдайымызға 
жеткізген ескі ұстанымымыз - дұрыс ұстанымды 
қалыптастырмайынша, қол жеткізгіміз келген ертеңгі 
мақсатқа жеткізбейді.
Адамдармен кешірім мен кеңшілікке негізделген 
өмір құруың үшін, жаңа ұстаным қалыптасуы керек. 
Ендеше, солардың ең маңыздыларына тоқталайық:
• Пенде әрбір айтар сөзін ойламайды. Әрбір ниетін, 
ойын айта бермейді. Әрбір істер ісін ойламайды. 
Әрбір ниетін, ойын істей бермейді; 
• Адамдар қажеттіліктерін байыппен жеткізетін 
даналыққа мұқтаж. Нәтижесінде өзіне толық назар 
аударту үшін, мінез көрсетеді; 


Өткеннен сабақ ал
114
• Барлығымыз аталмыш қателікке ұрынамыз. Ешбір 
адам қателіктен пәк емес; 
• Қателікті, қателескен адамды кешу, оған кеңшілік 
таныту сипатын бойымызда дамыта аламыз; 
• Өмірімізде орын алған, орын алып жататын, алдағы 
уақытта орын алатын барлық жайт белгілі бір 
хикметпен болады. Біз одан сабақ алып, одан мән 
іздегеніміз жөн. 
Өмірімізге маңызды сенімнің, көзқарастың көбісі 
бізді күннен күнге жақсырақ өмірге бастайды. 
Біз көптеген ұстанымдарды тәлім-тәрбиеден 
соң келтірдік. Ал қазір өмірге қажет ұстанымдар 
туралы ойланып, солар арқылы өмірімізге оң өзгеріс 
әкелудің жолын қарастырамыз. Жекелей алғанда, жеке 
басыңа деген қатынасыңды, жалпы алғанда, өміріңе 
деген қатынасыңды жақсарту үшін, дұрыс ұстаным 
қалыптастырудың жайын ойла. 
Өмірлік ұстанымдарың өзің жететін нәтижелерге 
әсерін тигізеді. Өмірлік ұстанымдарың құдды 
әлемге қарайтын айнаң сияқты. Ол өткен шақтағы 
жағдаяттардан жиылған білім мен тәжірибелерге 
сай адамдар мен өмірлік жайттарға дұрыс қарауға 
көмектеседі. Бұл айнаң таза болса, ол арқылы әлемді 
көркем түрде көресің. Кейде сол айнаң шытынап, кірлеуі 
мүмкін. Сонда сен оны тазалауды немесе ауыстыруды 
қажет етесің. 


iqup
115
Өзіңнің көптеген наным-сенімді ұстанып жүргенің 
есіңде болсын. Оның жартысы жақсы, ал екінші 
жартысы бұрыс болуы да мүмкін. Өзіңнің ұстанымыңды 
тексер. Оны қайдан алғаныңа қара. Ол өмір иіріміндегі 
ұзақ сапарға жарайтын ұстаным ба, әлде мақсат-
арманыңнан, жеткің келіп жүрген шынайы өмірден 
бөгейтін ұстаным ба, соған мән бер.
Өйткені бүгінгі жағдайыңа жеткізген ұстанымдарың 
ертең өзің қалаған мақсатыңа жеткізбеуі мүмкін. Сонда 
көбірек қуат, табандылық сыйлайтын, түбінде баянды, 
тыныш өмірге жетелейтін ұстанымдарды қажет етуің 
мүмкін.


Өткеннен сабақ ал
116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет