О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет33/37
Дата21.06.2023
өлшемі4,58 Mb.
#179074
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Kewirdim x Asik

Кешіруге тұрмайтын 
нәрсе бар ма?
«Егер дүниеде кешірілмейтін нәрсе болса, 
ол да - кешіре алмау болар еді» 
Asik
Б
ұл мәселе терең тыныс алып, оған жан-жақты 
қарауыңды талап етеді. Сонымен қатар кешіру - 
азаматтық, әлеуметтік түрлі факторларға байланысты 
қабылданатын адамның жеке шешімі екенін білген 
жөн. Мәселен, сен кешіруге болады деп санаған істі, 
өзге біреу кешірілмейтіндей көруі мүмкін.
Сенің көзқарасыңда кешіруге лайық болмайтын 
істер бар шығар. Алайда қандай да бір ұнамсыз 
істер, жағдайлар саған толассыз дау-дамаймен күн 
кештіріп, өміріңнің шырқын бұзуға лайықты емес қой. 
Мазаңды қашыруға лайықсыз мұндай кереғар істерден 
зейініңнің, сезіміңнің, тәніңнің қуаты түбінде таусылып, 
бітіп қалмай ма?!...
Өзіңе сұрақ қойшы! Өмірде сен кешіріммен, 
кеңшілікпен қарай алатын қандай істер, әрекеттер 


iqup
145
бар? «Кешірім бере алмаймын»,- деп ойлаған 
адамдардың көбісі - өздеріне зиян келтірген кісілердің 
сырқаттанғанын, аянышты халге түскенін немесе өлім 
сәтінде жатқанын көрген кезде ғана кешіру сезімдері 
оянған. Ал енді сенің кешірім сезімің қашан оянады? 
Сен кешірім танытуың үшін қандай қайғылы жағдай 
орын алуы керек? Көңіліңе жақпаған жағдай соған 
тұрарлық па? 
Егер сен зұлымдыққа ұшырап, қарымтаңды 
қайтарғың келсе, онда мына бір аятқа сай әрекет ет: 
«Расында, кімде-кім зұлымдыққа ұшыраған соң, есесін 
шариғатқа сай қайтарса, міне, соларға айып жоқ». 
Алайда кешірімді болу - адам баласының көпшілігі 
жете бермейтін өте биік дәреже, нағыз мәрт іс. 
Адам баласына кешіру нығыметі берілмегенде 
қоғамда «қанға қан» ұстанымы орнайтын еді. Ондай 
ұстаным орнаған әлем хаосқа айналар еді. 
Дегенмен, біз аталмыш ұстанымнан бұрын Алла 
Тағаланың сөзіндегі мына бір ұлы ұстанымды білгеніміз 
жөн: «Жанға жан (нақақтан-нақақ кісі өлтіргенді өлім 
жазасына бұйыру), көзге көз (нақақтан-нақақ көз 
шығарғанның көзін шығару), мұрынға мұрын (нақақтан-
нақақ мұрын бұзғанның мұрнын бұзу), құлаққа құлақ 
(нақақтан-нақақ құлақ кескеннің құлағын кесу), тіске 
тіс (нақақтан-нақақ тіс сындырғанның тісін сындыру) 
және сол сияқты (адам тәнін) жарақаттаудың барлық 
түрінде осылай бірге-бір қысас жасалады. Ал кімде-
кім қысас жасап кек алмай-ақ кешірім етсе, бұл ол 


Өткеннен сабақ ал
146
үшін күнәларының өтемі болады. Кімде-кім Алланың 
түсіргенімен үкім шығармаса, міне, солар - нағыз 
залымдар», – делінген. Егер де барлық адам бір-бірінен 
қысас ала беретін болса, расында, бұл әлемде өмір сүру 
қиындайтын еді. Сондықтан Алла Тағала аяттың соңғы 
жағында: 
«Ал кімде-кім қысастық жасап, кек алмай-ақ кешірім 
етсе, бұл ол үшін күнәларының өтемі болады», – деп, 
қажет кезде кешірім танытып отыруға шақырады.
Шын мәнінде, адам баласы табиғатынан өз 
«эгосының» есесін жібермейтіндей етіп жаратылғаны 
рас. Алайда аталмыш аяттағы кешірімділік ішіндегі 
«эгосы» асып-тасып, кешіруден бас тартқандарға 
қаратып айтылған. Жер бетінде тепе-теңдік орнау үшін, 
аятта қамтылған ұғымдар заң болып бекітілген. 
Мәселен, «Менің жанымды жаралаған адамдар 
ертең Жаратушының алдында есепке тартылады. 
Мен оларды ешқашан кешпеймін», «Бір күні сен де 
келерсің, сонда мен де кешірмеспін» деген сөздерді 
ел арасында кім таратып жүргенін білмеймін. Алайда 
сен қоғам ішінде кешірім мен кеңшілік ұғымын жүрген 
ортаңда насихаттап жай. Ал егер кешірімді болуға 
шамаң жетпей жатса, онда толықтай кешіргіш адам 
болуға тиісті емессің. Сенен талап етілетіні – кешірімшіл 
болу үшін нәпсіңмен үнемі күрес, арпалыс, кешіруге 
барынша тырыс. 


iqup
147
Қандай да бір кісінің олқылығына, нашар әрекетіне 
үнемі төзімділік танытуға міндетті емессің. Бірақ 
қолдан келгенше кешіріп, кеңшілік танытқаның абзал. 
Кешіре алатыныңа сенімді бол. Өмірдің қысқа сапар 
екеніне сен. Оны меланхолиямен, қатаңдықпен өткізбе.


Өткеннен сабақ ал
148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет