МҮМКІНДІК
64
«Сахарада кемемен жүзіп қайда бармақшысың» деп
күлген. Нұх пайғамбар да кеменің қалай жүзетінін, оны
жүздіретін себептерді де ойламаған. Ақылға салсаң
да күлетін жағдай ғой. Ал Нұх пайғамбар себептердің
Раббысына бас ұрды. Ол Раббысына: «Мен жеңілдім,
маған көмек бер», - деп дұға қылған. [54:10].
Өйткені, ол құлшылық қылатын Құдайының құдіретін
білетін.
Алла да оның дұғасын қабыл алды.
«Біз бірден көк қақпаларын ашып, нөсерлеттік.
Жерден де қайнар сулар атқылаттық. Нәтижеде су
әу баста жазылған істің жүзеге асуы үшін қосылды».
[54:11]
Нұх пайғамбардың
құтылуына себеп болған
еңбекпен жасаған кемесі. Себеп шама-шарқыларының
аясында ғана болды. Себебін жасау үшін аянбай еңбек
етті. Өмірдің барлық аспектілерінде шамамыз жететін
ғана себептер бар. Оны қалай жүзеге асырамын деп
бас қатырма. Себебі Нұх пайғамбар да кемені қалай
жүргіземін деп ойланбаған. Ол тек күш- қуаты жететін
нәрсесін жасады. Осы себептерді жүргізген Құдіреттіні
адам ұмытпауы үшін және иманын жаңарту үшін
себептерді жүзеге асыруды
Алла Тағала өз мойнына
алды.