О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет25/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik

ТАҢ СИЯҚТЫ БОЛ


МҮМКІНДІК
88
Таң сияқты бол
Т
ыңдаған адамның өмірін өзгерткен «Ғажайып 
Таң» (The Miracle Morning) кітабының авторы 
Хэл Элрод таңертең ерте тұру арқылы өмірін қалыпқа 
келтіргенін баяндайды. 2007 жылғы дағдарыстан 
кейін бұл кісі жұмыссыз қалып қарызға батып, тіпті 
пәтерақысын төлеуге де шамасы жетпей, жағдайы 
күннен күнге нашарлай берген. Әлеуметтік және қаржы 
тұрғысынан қысылмай өмір сүрген адам осындай 
жағдайға тап болды. Кенеттен оның жазған кітабы кең 
тарап, көп сатылғаны себепті өмірі күрт өзгереді.
Хэл көп уақытын ұйқымен өткізетін еді. Өмірдің 
мәнін жоғалтқаны соншалықты ерте тұрғысы келмейтін. 
Бұл – депрессияға түскен адамның хәлі. Бір күні 
жақын досы оған депрессиядан шығу үшін спортпен 
шұғылданып, жүгіруге кеңес береді. Хэл досына өмірі 
жүгірумен айналыспағанын айтты, ол тіпті жүгіруді 
мүлде ұнатпайтын. Бірақ қазіргі өмірін онсыз да жақсы 
көрмейтінін есіне алып, спортпен шұғылданғанда 
тұрған ештеңе жоқ қой деп түйеді. Осылайша демалыс 
күндері аулада жүгіре бастайды. Бұл тәсіл оған 
пайдалы болады, себебі уайымның сейіле бастағанын 


iqup
89
сезеді. Өмірінде болып жатқан проблемаларға қатысты 
көзқарасын өзгертіп, позитивті ойлай бастады. Хэл 
Элрод спортпен шұғылданғанды ұната бастап, онымен 
жүйелі түрде айналыспақ болып шешеді. Артынша 
өмірін жақсартатын кейбір істерді де қолына ала 
бастады. Алайда кейбіріне уақыты жетпейтін себебі, 
жұмысы бастан асып жүретін. Бірде Метью Кэллидің 
кітабындағы мына сөз есіне түседі:
«Барлығымыз бақытты болғымыз келеді, 
тіпті бақытты болу үшін не істеу 
керектігін де білеміз. Алайда оларды 
жасауға уақыт таппаймыз. Біз бақытты 
болуға да босамайтын болғанбыз».
Басқалар секілді Хэл де ерте тұруға әдеттенбеген 
болатын. Ол өміріне өзгеріс енгізген спортпен 
жұмыстан кейін айналысам деп ойлады. Алайда 
түнгі уақыт спортпен айналысуға қолайсыз екенін 
түсінеді. Себебі адам кешке қарай психологиялық, 
физиологиялық түрде шаршайтыны анық. Ол жұмыс 
арасындағы үзілісті пайдаланамын деп ойлады. Бірақ 
ол уақыт та қолайлы болмады. Себебі үзіліс уақытында 
жұмысындағы тапсырмадан қолы босамай, соларды 
дайындайтын еді.
Осылайша Хэл таңертеңгі уақытты ең лайық деп 
тапты. Бірақ бұл ой оған сұмдық болып көрінді. 
iqup


МҮМКІНДІК
90
Себепсізден себепсіз таңғы 4:00-5:00 кезінде оянғанын 
елестете алмады. Себебі оған жұмысқа бару үшін 
таңғы 6:00- 7:00-де оянудың өзі қиын еді. Ол күнде 
өзін төсектен сүйреп алып шығатын. Тіпті бір кездері 
қиындықтан қашып бұрынғы сарынға қайта басқысы 
да келген. Алайда ол Кэвин Брэйси: «Қазіргі күніңнен 
басқаша өмір сүргің келсе, істеп жүрген ісіңнен басқа 
іспен айналыс» дегенін есіне алды. Бұл адамдардың 
жағдайын түсіріп, көтеруші Алла Тағаланың заңы еді:
«Расында бір қауым өзін өзгертпейінше 
Алла оны өзгертпейді» [13:11] 
Егер сен қазіргі сәтте бақытты болмасаң, онда 
міндетті түрде өмір сүру стиліңді өзгерту керек. Ал 
қазіргі өміріңде бақытты болсаң, онда істеп жүрген 
істеріңді жалғастыра бер.
Құдай сені өзгерткенін қаласаң, 
өзіңді өзгертуді баста!
iqup
iqup


iqup
91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет