iqup
117
суару секілді түрлі істермен шұғылдандырады екен.
Осылайша бір шаруамен айналысу олардың басынан
өткенін ойлауға мүмкіндік бермейді. Бұл емнің
атауы - «Occupational Therapy – Еңбек Терапиясы».
Қазір ол психиатрияның бір саласына айналған. Ол
еңбекпен, яғни әлденемен
шұғылдануды ем ретінде
ұсынады. Психология ілімнің ұсынатын тыныштығы,
яғни тыныштықты сезіну, адам жұмыспен айналысқан
кездегі жүйкенің демалуы болып табылады.
Ричард Бэрд өзінің «Alone» атты еңбегінде 5 ай
бойы Антарктидада шатырда жалғыз өзі және жүз
миль қашықтықта ешқандай тірі жансыз өмір сүргенін
жазады. Оны жынданып кетуден жұмыспен шұғылдану
құтқарғанын айтады. Ол өзі былай дейді: «Түнде ұйықтар
алдында шамды сөндірмес бұрын ертеңгі жұмысымды
елестететін едім. Қиялымда ертеңгі күнді сағаттарға
бөлдім: екі сағатты тунель құрылысына арнадым. Бір
сағатты қар күреуге,
бір сағатымды асханаға сөре
орнатуға арнадым. Осылайша уақытымды сағаттарға
бөлдім. Егер бұл әдіс немесе осыған ұқсас нәрсе
болмағанда, мен мақсатсыз өмір сүріп,
құрдымға
айналар едім деп ойлаймын».
Еңбекпен шұғылдану – бұл бақыт жолындағы дауа.
Сондықтан бос отыруды рахат деп ойлап қалма. Күніңді
намаздың тәртібіне сай ретте. Қайғы мен уайымға уақыт
қалмайтындай етіп, намаздың арасындағы уақыттарды
толтыр. Намазбен өмір сүр. Осы тәжірибені тексеріп
көр!