Көзқарас дегеніміз - дүниеге белгілі бір түсінікпен қарау. Көзқарас болу үшін сана, оның жетілуі үшін білім керек. Ол неғұрлым көп білу, ынталану арқылы жүреді. Көзқарас - негізінен әртүрлі дәрежеде қалыптасады.
1. Сезімдік. Сезім сананы оятады. Мысалы, музыка адамды қуантады, әдемі әсер береді, ойды билейді, ал кей қайғылы әуендер - адамды қайғыртады.
2. Ұғым - жеке қабылдау бейнелерін жинақтаудан туады. Қорқу, уайымдау, қуану күйлері (эмоциялар) бейнелердің ерекшеліктеріне әсер етеді.
3. Ұғыну - ойға салу, неге олай болды деп пайымдау алғашқы көзқарастарды тудырады.
4. Илану (сену). Иланусыз көзқарас болмайды, сенім күресуді талап етеді. Дін де илануды (нануды) талап етеді, бірақ ол еш нәрсенің себебін ашпайды. Наным, сенім - көзқарастың өзегі.
5. Тұрақты пікір. Пікір тұрақталмаса, көзқарастың мәні болмайды. Дүниеге көзқарас бағалаудан, іс-әрекеттен ғана тумайды, объективтік шындықтың адамға ықпал жасайтын әсерінен пайда болады. Олар: күдіктену, уайымдау, қайғыру, мазасыздану, қорқу, ренжу, шаттану, масаттану және қуану. Бұлар адам интеллектісі мен эмоциясына тікелей байланысты. Эмоция (сезіну, әуестік, көңілкүйі) - әрдайым ізденістің бастамасы.
Көзқарастың тарихи түрлері: Миф, дін, философия.Дүниеге көзқарастың тарихи алғашқы түрі- миф (аңыз, ертегі). Мифология (гр mythos - аңыз, logos - ілім) қоғамдық сананың түрі. Дүниені түсінудің бұл архаикалық түрі - біздің ертедегі бабаларымыздың өмірінде маңызды рөл атқарды, алғашқы қауым адамын табиғатпен үйлесімді біріктіре білді, рулық өмірді реттеп отырды. Миф - қоршаған ортаны қиял, керемет, ғажап ретінде қабылдауға мүмкіндік берді. Миф - мына негізгі сұрақтарға жауап беруге тырысады: әлемнің пайда болу жолдары, жер және адам қатынасы, табиғи құбылыстар, оларды түсіну, мәнін ашу, адам тағдырының көзі, адам қызметі мен оның табыстары, намыс пен ар мәселесі, қарыз бен борыш, этика және өнегелік, т.б.
Мифтің ерекшелігі: табиғатқа адамның өз қасиеттерін беріп адам қатарына қосуы, құдіретті құдайдың бар болуына кәміл сену. Адамдардың өзара қатынасы және әрекеті, абстрактылық толғануы (рефлексия - сананың өз-өзіне бағытталып, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі) нақты өмірдегі шаруашылықты практикалық бағытта дамытып, апаттан қорғауға арналады. Бұл мәселелерде мифологиялық сюжеттердің біртүрлігі және үстірттілігі басым, яғни барлық халықтар бастауын дүниеге көзқарастың осы деңгейінен алады.
Әрбір жеке адам өз дамуында адамзат тарихын өте қысқа түрде қайталайды деп В. И. Ленин айтқандай, мифологиялық сананы жас баланың санасымен теңестіруге болады. Олар да өзінің саналы жан екенін түсінбей ойыншықтармен сөйлесіп, ұрысып, әке-шешесінің өзіне істегенін оларға істеп, шын көңілмен оларды өздеріне тең санап өмір сүреді. Балалар санасы да синкретикалық сипатта көрінеді. Сана біртұтас қалыпта, ақыл мен сезім деңгейлері ажыратылмаған, жақсы мен жаман істер анықталмаған күйде өтеді. «Балалы үйде ұрлық жатпайды» деген қазақ халқының мақалы да осыдан туған болар. Бала тек өсе келе, шындықты жасырмай айтып, таяқ жегеннен кейін ғана өтірік айтуға, кейбір ойын, іс-әрекетін жасырып қалуға, яғни ақылмен сезімде берілгенді тежеп ұстауға үйренеді. Мифологиялық сана арқылы ғана адамдар алғашқы қауымға бірігіп, адамдық қатынастарды дамытып жетілдіре алады. Ұрпақ жалғастырудың не себепті өтетінін білмеуге байланысты ру мүшелерін бір тотемнің (көбіне жануарлардың бір түрі) тұқымдары деп санап, өзара бауырластық, теңдік, көмектесу талаптарын, кейін сүйіспеншілік, борышты болу қасиеттерін дамытты. Биологияның «тіршіліктің басқа түрлерімен және өзара мәңгі күресу» заңының шеңберінен шығып, әлеуметтік заңдылықтарға бағынуға үлкен қадам жасады, өздерінің рухани жандық сипатын (санадағы бейне, түсініктерге сүйеніп, жоспарлы түрде іс- әрекет жасау) жетілдіре түсті.
Миф сананы оятады, прогресс дамуының негізі - жазба мәдениетінің пайда болуы арқылы дін, философияға біртіндеп өтеді.
Дін - көзқарастың бір түрі. Дін - табиғаттан тыс ғажап күштердің бар болуына негізделінген сенім. Ол адам өміріне және қоршаған ортаға ықпал етеді. Діни көзқарас қоршаған ортаны сезімдік, бейнелік - эмоциональдық түрде қабылдауды сипаттайды.
Дін қазіргі кезде үш дүниежүзілік діндерден: христиан, ислам, буддизм және көптеген ұлттық діндерден: синтоизм, иудаизм, индуизм, тәңірлік, конфуцийлік, даосизм, т. б. тұрады. Дін адамдардың үлкен топтарын, халықтарды біріктіріп, қоғамды идеялдар арқылы тұрақтандырады. Ол мәдениеттің кеңістікте тарауына мүмкіндік туғызды да, ортақ салт-дәстүрлердің қалыптасуына ықпал етеді. Өнегелік-тәрбиелік саласыда жақыныңа сүйіспеншілік, қайғысына ортақтасу, адалдық, төзімділік, парасаттылықты міндет деп санайды. Дін адамды адамгершілікке, тазалыққа үйретеді.
Европалық философияның дамуы ежелгі Грециямен байланысты. Антикалық философия б.з.д. 5 – 6 ғасырларда қалыптасты. Алғашқы ойшылдардың көтерген проблемалары қоршаған ортаны, өсімдік, жер, күн, жұлдыз.
Ежелгі грек философта“жаратылыстанушылар. Грек философиясының ерекшелігі табиғат, әлем, космос мәнін бірлігін түсіну. Алғашқы грек философтарын физиктер деп атаған. Грек философиясының негізгі сұрағы. Дүниенің бастауы неде? Егер мифологияда бұл сұрақ шешілсе (дүниені құдай жаратты) ал философтар супстанционалдық бастауы яғни дүние неден пайда болды, неге пайда болды? Деген сұраққа жауап іздеді. Грек философиясының негізін қалаушы Фалес әр түрлі заттар мен табиғат құбылыстарының мәңгі бастауы – су, сол сияқты Анаксимет дүниенің алғашқы кірпіш ауа деді. Анаксимандр апейрон туралы пікірі материяны философиялық тұрғыдан қазіргі пайымдауға жақын келеді. Апейрон шексіз деген сөз.
Грек философы Гераклит өз шығармасының “ Табиғат” туралы, дүниенің генетикалық бастауы от деп қарастырды, ал әлем космос деп түсіні. Ерте грек философиясының дамуында өзіндік үлес қосты Элей мектебінің философтары (Парменид, Зенон, Ксенофон )
Бұл табиғаттың басты тақырыбы – болмыс. Ежелгі грек философиясының дамуына антологиялық бағыт Демокрит ілімі өзіндік із қалдырды, яғни дүниенің бастауы – атом. Грек философиясында адамға бетбүрыс бағыты Сократ есімімен байланысты. Адам проблемасы алғашқы көтерген софистер.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары: 1.Дүниетанмның тарихи түрлері.
2.Ерте грек философияның дамуының негізгі кезеңдері.
3.Аристотель, Платон, Сократ т.б. философиялық көзқарастары туралы.