Байланысты: Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)
салыстыру немесе
салғастыру әдісін кеңiнен қолдануға тура
келедi. Алайда қандай әдісті қолдануға тура келсе де, мұғалiмнiң
пайдаланатын әдiстерi мен тәсiлдерi алуан түрлi болуы мүмкiн.
Мысалы, ауызша түрде бiлiм бергенде мұғалiм жай әңгiмелей,
хрестоматиялардан үзiндi оқи, бүкiл сыныпқа сұрақ берсе, жауап
ала, тиiстi қорытындылар шығара алады. Өзiнiң баяндағанын не-
месе әңгiмелегенiн оқушыларға көзбе-көз көрсету үшiн мұғалiм
неше түрлi көрнекi құралдар, қабырғаға iлiнетiн картиналарды,
диапозитивтердi, киноны, коллекцияларды, модельдердi, сынып
тақтасына салынған суреттердi, чертеждарды, т.б. қолдана ала-
ды. Соңында бiз жұрттың бәрiне белгiлi фактіні – географияны
географиялық картасыз оқытуға болмайтынын айтуға тиiстiмiз.
Ал картамен ойдағыдай жұмыс iстеудiң барлық ерекшелiктерiн
жақсы бiлуге тиiспiз. Географиядан сабақ беруде қолданылатын
әдістер, әдiстер мен тәсiлдер туралы осы айтылғандардың бәрi-
нен мынау анық болды: бұл әдiстер мен тәсiлдердiң түрi өте көп
және бiз олардың ең бастыларымен жақсы танысуымыз керек.