121
Экскурсия iсiнiң сәтсiздiкке ұшырауының себебi тек қана мұ-
ға лiмнiң дайындығының жеткiлiксiздiгi емес. Егер мектеп жұ-
мы сы жақсы жоспарланған болса, одан экскурсия жұмысына да
нұқсан келмей қоймайды. Мұғалiмдердiң сабақ басты нәрсе деуi,
топтарда оқушылардың аса көп болуы, ең қажеттi деген жаб-
дықтардың болмауы экскурсия iсiне үлкен қиыншылық ту ғы зады.
Бiздiң пiкiрiмiзше, осылардың барлығы ондайлық маңызды се-
бептер емес, бұлардың өзi көбiнесе бiрiншi себепке байланыс ты.
Кейде экскурсия жұмысына бөгеттердiң бiрi ретiнде экскур-
сия жасайтын жер жоқ деген сылтау айтылады. Осы сияқты се-
бептер мұғалiмнiң дайындығы шала екендiгiн тағы да айқынырақ
көрсетедi. Экскурсия үшiн пайдалануға келмейтiн жер бол-
майды. Бұлай деп тек Мәскеу, Алматы секiлдi iрi, физикалық-
географиялық экскурсия өткiзуге қажет объектiлерi мектептен
алыс немесе өзгерiп кеткен қалалар туралы айтуға болады. Бiрақ
iрi қалалардың жол қатынастары өте жақсы болады да, топ-
та қанша бала болса да 20-30 минутта қаладан 15-20 шақырым
шығып кете алады. Ал түрлi ұсақ қалалар мен ауылдарды ала-
тын болсақ, физикалық-географиялық экскурсия үшiн олардағы
жағдай анағұрлым қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: