Байланысты: Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)
7.2. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеті Сыныптан тыс жұмыстар төмендегiдей мiндеттер негiзiнде
құрылады:
1) оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiктерiн дамытып оқу iс-
әрекетiнде белсендiлiктерiн арттыруға, бағдарлама бойынша
берiлген материалдарды тез меңгеруiне көмектеседi;
115
2) сыныптан тыс жұмыстар өткiзу және оған дайындық ба-
рысы оқушылардың бақылау жүргiзуiне, қарапайым тәжiрибелер
қоя бiлуiне, белгiленген әдебиеттердi оқуына мүмкiндiк бередi.
3) сыныптан тыс жұмыстар – оқушылардың iскерлiгiн артты-
ру бағытында жүргiзiлетiн педагогикалық бiлiм, тәрбие беруде
басты орын алатын жұмыстардың басты салаларының бiрi.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрi көп, бiрақ олардың әр қай-
сысының өзiндiк ерекшелiктерi бола тұрса да бiрдей орындалуға
тиiстi мынадай ортақ ұстанымдары бар деп есептеймiз:
1) сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар түрлерiне оқушы-
ларды қатыстыру тек қана ерiктi түрде iске асырылады;
2) қандай жұмыстың түрi болса да оның қоғамдық және қол-
данбалы бағыты болуы керек;
3) сыныптан тыс және мектептен тыс жүргiзiлетiн жұмыс
түрiн белгiлегенде әр оқушының ықыласына, ұсынысына, құш-
тар лығы мен құмарлығына сүйенген жөн;
4) ұйымдастырылған жұмыс түрi оқушылардың белсене қаты-
суына, iзденушiлiктерiне бағыттайтындай болу керек;
5) балалар мен ұйымдастырылатын жұмыстардың әртүрiнде
романтика (елiктiргiштiк) басым болғаны дұрыс;
6) нәтижелi болу үшiн бұл жұмыстардың нақты белгiленген
күнi, мерзiмi немесе айқын жасалған графигi болуы керек;
7) сыныптан тыс жұмыстардың кешендi түрде iске асырылу
талабы үнемi сақталып отыруы қажет;
8) сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға оқушыларды
түгел қатыстыру жолын қарастыру керек;
9) сыныптан тыс жұмыстарға тартылатын және тартылған
оқушылармен жұмыс жүргiзгенде олардың жас ерекшелiктерiн,
қабiлетiн ескеру қажет.
География пәндерiнен жүргiзiлетiн сыныптан тыс жұмыс тар-
дың рөлiнiң артуына төмендегiдей жағдайлар әсер етедi:
1) сыныптан тыс жұмыстардың жан-жақты болуы, бiлiм беру
және тәрбие жұмысының әдiстемелiк дамуына әсерiн тигiзедi;
2) мектеп бағдарламасында оқу материалдарын сыныптан тыс
жұмыстармен байланыстыру барысында оқушылардың бiлiмiн
жан-жақты арттыруға мүмкiндiк бередi.
Сабақ мазмұндары мектеп бағдарламасында шектеулi болуына
116
байланысты күнделiктi өмiрде болып жатқан ғылыми-техника лық
өзгерiстердi кеңiнен қамти алмайды. Сондықтан тек қана iскер лiк
пен ұйымдастырылған сыныптан тыс кешендi жұ мыс тарда жаңа
материалдағы өзгерiстердi кең түрде қолдануға болады.