«О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
Наурыз тойы
Орындаған: Шертанова А.
2016-2017 оқу жылы
Наурыз тойы.
Мақсаты:Балалардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыра отырып, мерекедегі ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге , құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік:нақыл сөздер, шарлар, суреттер.
Ассалаумағалейкум ағайын! Ынтымақ пен ырыстың басы әз Наурыз құтты болсын ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар ,құрметті қонақтар Бүгінгі күн біз үшін - дүбірлі күн !Ұлыстың ұлы күні Наурыз баршамызға бақ -берекесімен келсін ! Араздасқан ағайын татуласқан табысқан күн, барша түркі халықтары бір-бірімен амандасып қауышқан күн. Наурыз- қазақша жыл басы.Наурыздың 22-сіне күн мен түн теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп, шаруа кенеледі. Наурыз күнінің бір ерекшелігі - бұл күн көрісуден басталады.Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар, кісілер бір-бірімен қаушып көріскен.
Армысыңдар, халайық, Бармысыңдар, халайық. Наурыз тойын жұп жазбай, Биыл қарсы алайық. Досқа құшақ ашайық, Өлең-жырды бастайық. Қазақтың бір салты деп, Тойға шашу шашайық.
Ау, аман ба ,жараңдар! Алтын таңға қараңар. Келе жатыр жылымыз. Мейрамдаймыз мұны біз. Жас балаша нұрланып, Жадырайды күніміз.
Ерте жайнап атты таң, Естіліп тұр шаттық ән. Жұрағатым тапты жан. Күннің жаңа нұры бар. Мұның ғажап сыры бар! Халық сүйген мейрам - бұл. Қарсы алайық , тұрыңдар.
Бәрі орындарынан тұрып, ду шапалақтап келе жатқан Күнді қарсы алады.
Күн:Сәлем ата-аналар! Айналайын балалар! Қызыр баба аман ба? Жаса жайлы заманда. Уақыт үдеп, келдім мен, Бақыт тілеп адамға! Қудым жерден суықты Қырдан салқын су ықты Құтты болсын мерекең , Наурыз айы туыпты. Әне, Наурыз келеді Әсемденер жер енді. Салтанатпен Наурыз келеді Наурыз: Сәлем анам- алтын күн! Сәлем қарты халқымның! Уақытыма риза боп, Бақытыма шалқыдым!
Қызыр баба:
Қош келіпсің ,аманмын! Арман тойы анамның, Қуанышы баланың, Қуанышы ғаламның, Құтты болсын қадамың! Сені тойлап қарсы алып, Бар әлемге жар салып, «Бейбітшілік тойы!» деп, Қол соғады барша жұрт.
Көрермендер қол соғады.Наурыз оларға бас иіп, ізет білдіреді.
Наурыз: Ашық болса Күніміз, Ашылады нұрымыз. Бай, тұлғалы өңірде Айтылады жырымыз.
Күн: Күн менен түн теңеледі. Күнде ұзарам мен енді Гүлмен жерді жайнатып Гүлден, Наурыз, сен енді. Наурыз: Жайнатамын гүл – гүлді, Сайратамын бұлбұлды, Мерейлі жұрт тойласын, Мейрам етіп бұл кұнді. Қызыр баба: Ау, жараңдар келіндер! Той қызығын көріңдер! Наурыз айға бас йіп Күнге сәлем беріңдер! Тазша бала: Көктем тойы –әніміз, Көркем өнер- сәніміз Өлең әнмен той сәні Өрнектейміз бәріміз. Егін өңін толқытқан Елдің көңілін шалқытқан Наурызға бас иемін. Жарқыраған жас нұрлы, Жаса,Наурыз, дәстүрлі!
Қожанасыр: Амансың ба,Күн ана! Алаулай бер, қуана, Қызыр баба,Жиренше, Сәлем бердім қуана! Өлмес Қожанасырмын, Келмес ойды жасырғым. Қабілетке шорқақпын, Әділетке бас ұрдым.
Алдар: Сәлем, Ай мен Күніміз! Мейман парқын біліңіз.. Қыруар істі бастаймыз, Қуанышты үніміз! Қайтқан емес талайым. Той болсын деп ,толайын Айналайын ағайын, Қолдарыңды алайын
Тазша: Күн мен Айға әлемнің Берем ыстық сәлемін! Қарттарыма сүйеніп,, Сәлем берем иіліп! Орындалды ойларың, Құтты болсын тойларың!
Ақын: Ақ сақалды шалдарға, Сақалы жоқ алдарға, Күнімізге мың сәлем ! Күн сүйіп тұр күллі әлем! Төлімізді ойнатып, Белімізді жайнатып, Елімізді тойлатып, Егін өңін толқытқан, Елдің көңілін шалқытқан, Наурызға бас иемін! Ақ бетінен сүйемін!
Наурыз: Ертеде мен жүдедім, Елге бақыт тіледім, Халыққа бақ келген соң, Қайта туып түледім. Берекелі жайымның Мерекелі айымның. Тойларыңа дайынмын.
Тазша бала: Құрғақ сөзді қойыңыз! Ақын тойды басқарсын. Алқалы той басталсын!
Ақын:Ел дәстүрі - арымыз: Той бастығы кәріміз... Қызыр баба той бастар, Ал тыңдайық , бәріміз!
Қызыр баба:Баста десең бастайын, Той тойлап ой тастайын! Күн,Ай туды жаңаша, Күлкі шаттық тамаша! Айналайын балалар, Айтыс,күрес, жарыста.. Өнеріңді қарышта!
Оқушылар арқан тартысады, күреседі.
Ақын:Той пердесін ашайын, Тойға шашу шашайын! Той-шашуға тойыңдар; Бұдан кейін ойын бар! Алдар аға ән айтсын, Қәне құлақ қойыңдар!
Алдармын мен - көсемін, Айтар сөзге көсеммін! Алдап , сараң байлардың Айықтырған кеселін. Енді бүгін тойлаймын, Елдің қамын ойлаймын. Шолжыңымды қойсам да, Қалжыңымды қоймаймын! Әділетке иемін. Әділ сөзді сүйемін! Ақ көңілді достарым, Алдарыңа бас иемін!
Наурыз:Тойда өнер сынайық, Өнер жасқа лайық. Өлең айтқыш балалар, Әндеріңді тыңдайық.
Ән:Қазақы дастарқаным.
Оқушыларды дастарқанға « Наурыз көже» ішуге шақырамыз
Наурыз- бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
Бірге.Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ағайын.
Ал енді Наурыз мерекесіне арнаған концерттік бағдарламамызды тамашалаңыздар көрермен. 1.Наурызды не үшін мерекелейміз? 2. «Наурыз көжені» қалай пісіреді? 3.Наурыз мерекесінде болатын қандай ырымдарды білесіңдер?
Бата:Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Қайда барсаң, жол болсын, Ұлыс бақты болсын, Ұлыс береке берсін. Төрт түлік ақты болсын, Бәле-жала жерге енсін. -Бақытты ас берсін, Ұлыстың ұлы күнінде, Ұлың оңға қонсын, Қызың қырға қонсын. Қыруар малың өріске толсын, Дәулетіңді асырсын, Дұшпаның басылсын, Менің берген бұл батам - Ұлыс күніне сақтап жүрген сүр батам, Аумин!
.
Достарыңызбен бөлісу: |