3-үлгі.
Шағым түрі
Алматы қаласы,
«Меруерт» дүкенінің директоры
Б.А. Мұратоваға
Алматы қаласы,
Қастеев көшесі, 12 үй, 2 пәтердің
тұрғыны (Тел: 8 701 678 753 543)
Құралай Мақсатқызынан
АРЫЗ
Менің сізге арыз жазу себебім, 2010 жылдың 18 қаңтар күні сағат
14.00-де Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Меруерт»
дүкенінен 1 литрлік «Айналайын» сүтін (майлылығы 6%, бағасы 250
теңге, қолданылу мерзімі: 01.01.11, сериясы: 56297532, чек бар) сатып
алған болатынмын. Оның сапасы төмен, жарамсыз болып шықты.
Қолымдағы чекпен сатушыға (Б.С. Жоламановаға) келіп сүтті ауыстырып
беруін немесе ақшасын қайтаруды талап еттім. Бірақ менің талабым
қанағаттандырылмады. Сол себептен осы мәселеге байланысты шара
қолдануыңызды сұраймын.
19.01.10. (Қолы) - - - - - - - - - - - -
Достарыңызбен бөлісу: |