О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Интернет арқылы жасалатын келісімшарттың үлгісі



Pdf көрінісі
бет116/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

Интернет арқылы жасалатын келісімшарттың үлгісі
Алдымен келісімшарт толтырылады, кейін сіздің жеке электрон-
ды поштаңызға хат жіберіледі. Өзіңіздің келісіміңізді білдіру үшін, 
бағдарламашыға хат жіберіңіз. Бағдарламашы келісімшарттың 
нөмірін қол қою үшін жібереді. Келісімшартқа қол қойып, компанияға 
тіркелгеніңізден кейін болашақта компанияның қоймасынан арзан 
бағамен алу және үйге жеткізу мүмкіндігіне ие боласыз. Келісімшарт ин-
тернет арқылы жүргізіледі.


131
Орынғазы Әбутәліп
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Келісімшарт қандай құжат?
2. Ол қандай жағдайларда жасалады?
3. Қатысатын адамдар санына қарай қандай келісімшарттар жасалады?
4. Келісімшарттар қайда куәландырылады?
5. Келісімшарт неше дана болып жасалады?
Тілдік бірліктер:
• 
сатушыға тиесілі 
• 
ешкімге сатылған жоқ 
• 
қарыз өтеу
• 
менің қатысуым кезінде 
• 
талап қойылған жоқ (тыйым салынбаған)
• 
маған тиесілі
• 
жекеменшік құқығы бойынша
• 
келісімшарттың негізінде
• 
жалпы пайдалы ауданы
• 
шаршы метр
• 
құрайды
• 
осы уақытқа дейін
• 
бағалау 
• 
болып табылады 
• 
бұдан әрі
• 
екінші жақтан 
• 
..... бастап ..... дейін жарамды 
• 
жеке басы 
• 
кепілге берілмеген 
• 
нотариалды түрде куәландыру 
• 
осы келісімшарт жасағанға дейін 
• 
тараптардың міндеттері 
• 
көрсетілген
1-жаттығу.
Сөз тіркестерін аударыңыз.
Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт
Осы уақытқа дейін
Тараптардың қолы
Пәтерді сатып алдым
Іс-әрекетке қабілеттілігі
Дау-таласта болған жоқ
Жалпы пайдалы аумағы


132
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
2-жаттығу.
Екі қатарды сәйкестендіріңіз.
1.Талап қойылған жоқ
 дееспособность сторон
2. Төмендегілер туралы осы 
келісімшартты жасадық
 указанная квартира принадлежит 
мне
3.Көрсетілген пәтер маған тиесілі
 нижеподписавшиеся
4.Ешкімге сатылған жоқ
 текст договора прочитан вслух
5.Тараптардың іс-әрекетке 
қабілеттілігі
 заключили настоящий договор о 
нижеследующем
6.Келісімшарт мәтіні дауыстап 
оқылды
 никому не продан
7.Төменде қол қоюшылар
 под арестом не состоит
3-жаттығу.
Келісімшарттағы көп нүктенің орнын толтырыңыз.
Қазақстан Республикасы ............... 2004 жылы 12 мамырда.............. 
жеке куәлігінің №5487962131.
Пәтердің жалпы ............ аумағы: 120 шаршы метр, 4 бөлмеден тұрады. 
Пәтердің инвентарлық құны: ТИБ – 2005 жылғы қазанында №6 бланкіде 
көрсетілген ................ бойынша жүз жиырма мың (120000) доллар тұрады.
Осы уақытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге ................, қарыз 
..............., салыққа берілген жоқ және ...............болған жоқ, ................ 
қойылған
жоқ.
Келісімшартты ресімдеуге байланысты ...................... азамат Ахметов 
Ерлан Елдосұлы төлейді.
Тараптардың ................... анықталды, олардың құқықтық ................. 
қабілеттілігі және сатылатын пәтердің Ахметов Ерлан Елдосұлына 
................. екендігі тексерілді.
Сату-сатып алу жөніндегі келісімшарттың мәтіні .............. оқылды.
Тариф бойынша 500 (бес жүз) теңге мемлекеттік .............. алынды.
ç
Тапсырмалар:
1. Тұрғын үйді сатып алу-сату туралы келісімшарт жасаңыз. 
2. Тұрғын үйді сыйға беру туралы келісімшарт жасаңыз.
3. Тұрғын үйді ауыстыру туралы келісімшарт жасаңыз.
4. Жер телімдерін сыйға беру туралы келісімшарт жасаңыз.
5. Жер телімдерін ауыстыру туралы келісімшарт жасаңыз.
6. Жер телімдерін сатып алу-сату туралы келісімшарт жасаңыз.
7. Автомашинаны сатып алу-сату жөніндегі келісімшарт жасаңыз.
8. Автомашинаны кепілге беру жөніндегі келісімшарт жасаңыз.
9. Автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт жасаңыз.
10. Пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт жасаңыз.
11. Айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт жасаңыз.


133
Орынғазы Әбутәліп
h


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет