О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет12/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

ІІ.
 
Кеңес үкіметі құрылған кезең
1920 жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты 
төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
• 
1920 жылы Қазақ АССР-і Кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде 
республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін 
қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды. 
• 
Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда 
жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және 
орыс тілдерін қолдану туралы» Декреті;
• 
Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы 22 қарашадағы «Қазақ тілінде 
ісқағаздарын жүргізуді ендіру туралы» Декреті;
• 
Қазақ АССР ОАК Президиумының 1923 жылғы «Қазақ тілінде 
ісқағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту 
туралы» Қаулысы;
• 
Қазақ АССР Юстиция Халық комиссариатының 1923 жылғы 
11 маусымдағы «Сот-тергеу органдарының халық соттары мен халық 
тергеушілерінің қазақ тілінде іс жүргізуді ендіруге байланысты» нұсқау 
хаты.
• 
1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы 
бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып 
танылған. 
• 
Қазақ АССР ХКК-нің 1924 жылғы 23 сәуірдегі өлкелік мекемелерді 
қазақ тіліндегі жазу машинкасымен қамтамасыз ету жөніндегі өкімі;
• 
Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссариатының 1924 жылғы 
21 маусымдағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты 
қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза 
алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» Қаулысы;
• 
Қазақ АССР ОАК-нің 1927 жылғы 17 мамырдағы «Қазақ уездері 
мен өлкелік мекемелердің қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізуге көшірудің 
соңғы мерзімін белгілеу туралы» Қаулысы;
• 
Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының 1930 жылғы 3 
қаңтардағы Барлық өлкелік халыққа білім беру бөлімдеріндегі орыс 
мектептерінде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі нұсқау хаты; 
• 
1934 жылғы Орталық Атқару Комитетінің «Қазақ мектептерде 
қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі» Қаулысы және т.б. құжаттар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет