О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет186/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

Омарова Дина Алтайқызы 
«Маркетинг» мамандығына 
2012-2013 оқу жылынан бастап ауыстырылсын. 
2. ХБА-мен Д.А. Омарованың арасында білім беру қызметін көрсету 
бойынша келісімшартқа сәйкес өзгертулер енгізілсін. 
3. Аталған бұйрықтың орындалуын қадағалау Оқу ісі жөніндегі 
проректор Ж.С. Қапалбековке жүктелсін. 
Ректор Т. Балықбаев


202
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу

4-үлгі 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2 сәуір 1999 жыл Астана қаласы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер 
туралы» Заңының іске асырылуын бақылауды күшейту туралы
№115 БҰЙРЫҚ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы 
тілдер туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
«Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту 
туралы» 1998 жылғы 14 тамыздағы №769, «Тілдер туралы Заңды 
сақтауды бақылау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 
8 қаңтардағы №19 Қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің 1999 жылғы 24 ақпандағы №01-8/49 нұсқауын іске асыруды 
қамтамасыз ету мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Ведомстволық мекемелер басшылары ішкі мүмкіндіктері есебінен 
Мемлекеттік тілде ісжүргізуші мамандар мен аудармашылар қызметін 
ескерсін.
2. Жоғары оқу орындарының ректорлары 1999-2000 оқу жылының 
оқу бағдарламасына сәйкес «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» 
мамандықтарының арнайы курсын енгізсін.
3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау және ақпараттық 
инфрақұрылым департаменті Қазақстан Республикасы Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Ғылым және жоғары білім 
министрлігінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі 
ақпарат жиынтығын әр тоқсан сайын ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет