О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет93/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

1. Бас сенімхат.
2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
3. Арнайы сенімхат.
1. 
Бас сенімхат
 
дегеніміз – белгілі бір тұлғаға толықтай құқық 
беретін құжат. Мысалы, көлік жүргізуде көлік иесімен бірдей құқықта 
болады, яғни көлікті сатуға, айырбастауға, сыйға беруге т.б. болады.
2. 
Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат
дегеніміз

әртүрлі 
іс-әрекеттер орындауға белгілі бір мерзімге ғана құқық беретін құжат. 
Мысалы, көлікті жүргізуге ғана, пәтерді уақытша пайдалануға т.б. бола-
ды.
3.
 Арнайы сенімхат
дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында сенім 
білдірушінің атынан қандай да бір іс-әрекеттер орындауға құқық беретін 
құжат. Мысалы, мекеме басшысының іссапарға кетуіне немесе басқа да 
жағдайлармен байланысты өз құқығын орынбасарына уақытша беруі.
6
Құрылымы:
1. Құжат атауы;
2. Күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы); 
3. Сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, 
жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);
 
4. Сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-
жайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);
5. Берілген құқық немесе алынған зат туралы мәлімет;
6. Сенімхаттың жарамдылығы (cенімхаттың қандай мерзімге дейін 
күшін сақтайтыны туралы);
7. Сенімхат берушінің қолы;
8. Нотариалдық кеңсенің жазбасы;
9. Нотариустың аты-жөні, қолы,
 
мөрі. 
Сенімхат өз күшін мынадай жағдайда жоғалтады:
1. Сенімхат мерзімі аяқталғанда
2. Сенім білдіруші сенімхат күшін тоқтатқанда;
3. Сенімхат берілген тұлға сенімхаттан бас тартқанда;
4. Сенімхат берушінің өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз 
болғанда;
5. Сенімхат берілген тұлғаның өлімінен кейін немесе еңбекке жа-
рамсыз болғанда.


99
Орынғазы Әбутәліп



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет