2.8. Өзіндік бақылауға арналған тестік тапсырмалар
1. Әр жас кезеңінің өзіне ғана тән және сол кезеңдегі психикалық дамуға әсер ететін психикалық жағдай?
А) жетістік
В) жетекші әрекет
С) дағдарыс
D) дамудың әлеуметтік жағдайы
E) дамудың қозғаушы күштері
Бала психикасының дамуында әлеуметтік орта факторын алға жылжытатын теория?
А) социогенетикалық
В) биогенетикалық
С) екі фактордың конвергенциясы
D) диалектикалық- материалистік
E) өріс теориясы
«Скачок роста», «эндокринный шторм», «гормональность роста» деген түсініктерді қолданып суреттейтін кезең:
А) нәрестелік кезең
В) сәбилік кезең
С) мектепке дейінгі кезең
D) жеткіншек кезең
E) жастар психологиясы
Адамдардың белгілі бір жас кезеңінде пайда болатын және қалыптасатын негізгі психикалық жетістіктерді анықтайтын әрекет?
А) жас
В) дағдарыс
С) жетістіктер
D) жетекші әрекет
E) дамудың қозғаушы күштері
Дүниетанымы, кәсіби қызығушылығы, өзіндік санасы, арман, мұраттың қалыптасуы қай жас кезеңінің жетістігі?
А) төменгі сынып оқушыларының психологиясы
В) мектепке дейінгі жас
С) нәрестелік кезең
D) жеткіншек шақ
E) жастар психологиясы
Бұл жас кезеңінің жетістігі болып психикалық құбылыстардың ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, рефлексия алынады.
А) нәрестелік кезең
В) сәбилік кезең
С) төменгі сынып оқушыларының психологиясы
D) жеткіншек шақ
E) балғын жастық кезең
7. Әр жас кезеңінің өзіне ғана тән және сол кезеңдегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдай?
А) жас
В) дағдарыс
С) жетістік
D) жетекші әрекет
E) дамудың әлеуметтік жағдайы
8. Жетекші әрекет түсініктерін өз еңбектерінде ашқан психолог?
А) Л.С.Выготский
В) А.Н.Леонтьев
С) Д.Б.Эльконин
D) С.Л.Рубинштейн
E) А.Р.Лурия
9. Балалар өз көңіл- күйлерін басқара алады, ал кейде оны жасыра да алады. Бұл қай жас кезеңіне тән әрекет?
А) нәрестелік кезең
В) сәбилік жас
С) мектепке дейінгі жас
D) төменгі сынып оқушыларының психологиясы
E) жеткіншек жас
10. Мектеп жасына дейінгілердің жетекші әрекеті?
А) заттық әрекет
В) танымдық әрекет
С) рольдік ойын
D) оқу
E) еңбек
11. Ұйымдастыру әдістері:
А) салыстыру, лангитюд, құрылым
В) бақылау, эксперимент
С) тест, әңгіме, анкета
D) интервью, социометрия
E) модельдеу, сұрақ-жауап, контент- анализ
12. «Мен» деген қасиеттің қалыптасуы, «ересек» болуға ұмтылу, ұжым өмірінің нормаларына бағына білу іскерлігі мен дербестігі қандай жас кезеңіне тән өзгешелік?
А) нәрестелік
В) сәбилік
С) мектепке дейінгі жас
D) геронтопсихология
E) жеткіншек жас
13. Психодиагностикалық әдістер:
А) бақылау, эксперимент
В) тест, интервью, анкета, әңгіме
С) салыстыру, лангитюднәрестелік кезең
D) моделдеу, сұрақ- жауап, контент- анализ
E) әлеуметтік өлшем әдісі, сұхбат
14. Нәрестелік кезеңнің жетекші әрекеті?
А) эмоционалды қарым- қатынас
В) заттық қарым- қатынас
С) рольдік ойын
D) оқу
E) кәсіптік оқу
15. Жеке бас өз өмірінде ішкі қайшылықтардың әсері негізінде дамиды және жаңа қасиеттердің және жеке сапалардың тууына байланысты шешілетін негізгі типологиялық заңдылық?
А) жас
В) дамудың қозғаушы күштері
С) дамудың әлеуметтік жағдайы
D) жас дамуындағы дағдарыстар
E) жетекші әрекет
16. Психикалық дамудағы оқытудың жетекші ролі жағдайын жылжытқан психолог:
А) Л.С.Выготский
В) А.Н.Леонтьев
С) Д.Б.Эльконин
D) С.Л.Рубинштейн
E) А.Р.Лурия
17. Даму сызықтарының қиылысуы, бұл:
А) дамудың таяудағы аймағы
В) дамудың актуалды аймағы
С) конвергенция
D) акселерация
E) лангитюд
18. Қандай жас кезеңінде қарым- қатынастың негізгі құралы- сөйлеу?
А) нәрестелік
В) сәбилік
С) мектеп жасына дейінгі
D) жеткіншек жас
E) қариялар психологиясы
19. Даму психологиясының саласы:
А) әлеуметтік
В) салыстырмалы
С) педагогикалық
D) қариялар психологиясы
E) еңбек
20. Басқа адамдармен қарым- қатынасқа деген қажеттілік қандай жас кезеңінің жетістігі?
А) нәрестелік
В) сәбилік
С) жеткіншек жас
D) жастар психологиясы
E) геронтопсихология