Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2016-2017 учебном году


«Казахская литература» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения



бет18/39
Дата23.08.2017
өлшемі6,64 Mb.
#24814
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39

«Казахская литература» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения


Қазақ әдебиетін жаңаша оқыту – шынайы ұлттық патриотизмді қалыптастырып, рухани болмысымыз бен идеялық мұратты орнықтырудың бірден-бір тұжырымы. Пәнді оқыту барысында білім алушыларға білім мазмұнын игертумен қатар, оларға ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген мәдени құндылықтарды, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі, үздіксіздігі, сабақтастығы, білім

мазмұнының тарихилық сипаты мен пәнаралық байланыс ұстанымдары басшылыққа алынуы тиіс.

Оқыту барысында оқушыларға білім мазмұнын игертумен қатар, оларға ұлттық мәдени құндылықтарды таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі, білім мазмұнының сабақтастығы мен пәнаралық байланыс ұстанымдары басшылыққа алынады. Әдеби көркем туынды арқылы оқушының мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігін арттыру; қазақ халқының әдебиеті, тарихы, тілі, мәдениеті, өнері туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыру көзделеді. Оқыту қазақ тілінде емес мектептердегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту барысында қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын өз бетінше оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыруға бағытталған.

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытовтардың шығармаларының негізгі арқауы болған. Әсіресе ұлы ғұлама Абайдың еңбектерінде сауатты, адамгершілігі жоғары, парасатты жан- жақты жетілген тұлға тәрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделеді.

Әдебиет арқылы оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптастырамыз. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып өсулеріне тигізетін әсері көп.

5-9-сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген) «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілді емес) пәнінен типтік оқу бағдарламасымен жүзегеасырылады.


Оқу жүктемесінің көлемі:


оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:

5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

оқыту орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде: 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында –34 сағат.

Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық жәнеқорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес 5-8-сыныптағы білім алушылар оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін емтихан түрінде аралық аттестаттаудан өтеді. Жалпы білім беретін күндізгімектептердің 9-сыныптың білім алушылары таңдауы бойынша «Қазақәдебиеті» пәнінен қорытынды мемлекеттік емтихан түрінде (ауызша) қорытынды аттестаттаудан

өтеді.


Шығарма – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі.

Шығарма құрылымы:



  1. кіріспе;

  2. негізгі бөлім;

  3. қорытынды.

Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:

  • тақырыпты оқушы өз ойы арқылы толық аша білуі;

  • жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуы;

  • шығарманы 5-сыныптан бастап жазады, бірақ 5,6-сыныптарда үйрету шығарма болып саналады, сондықтан 5,6-сыныптарда үлгі жоспар беріледі.

Кез келген шығарма мен мазмұндама екі бағамен бағаланады:

1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін:



  • мазмұны мен идеясы,

  • ой-пікірдің жүйелілігі;

  • стилі;

  • грамматикалық сауаттылығы;

  • әдеби материалдарды пайдалануы.

2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін:

  • оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы;

  • баяндау жүйесі;

  • сөздік қорының деңгейі;

  • сөйлем құрылысы, мәтіннің стильдік біртектілігі, сөз шеберлігіне назар аударылады;

  • орфографиялық, пунктуациялық және грамматикалық қателіктері бойынша сауаттылығы бағаланады.

Мазмұндама – оқушының қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жазбаша жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді (1, 2-кесте).
1-кесте – Қазақ әдебиеті пәндерінен мазмұндама мәтінінің көлемі

Мазмұндама мәтініндегі сөз мөлшері

Сынып

Сөз мөлшері

5

80-100

6

100-120

7

120-140

8

140-160

9

160-180

2-кесте – Мазмұнда мәтінінің шартты белгілері.



Шартты белгілер

Белгілер

Нені білдіреді?

/

емле қатесі белгіленеді

V

тыныс белгісінен кеткен қате

Z

абзац керек деген белгі

Z

артық қойылған абзац

?

екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі

?!

пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік

!

осы жерге ерекше көңіл аудар

~ ~

ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер

...

стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі

...

сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді

Оқушының білім дағдысын қалыптастыруда мазмұндаманың мынандай түрлерін жүргізуге болады:



  • дайын мәтін бойынша;

  • сурет бойынша;

  • аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.

Мәтін мазмұнын мазмұндап жазу формалары әр түрлі болады:

  • мәтін мазмұнын дәлме-дәл жеткізіп жазу;

  • мәтін мазмұнын өз бетінше меңгеріп, өз сөзімен құру;

  • өз ниетімен қосымша оқиға қосу;

  • мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни, бірінші жақ, осы шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;

  • қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің негізгі мәселелерін ғана мазмұндау;

  • мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;

  • берілген мәтін мазмұнына сәйкес ой қорытындысын жасау.

Шығарма мен мазмұндаманы бағалау. Оқушы жазбасын тексеру, бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарстырылады:

  1. мазмұндылығы мен идеялығы;

  2. ой-пікірдің жүйелілігі;

  3. стилі;

  4. грамматикалық сауаттылығы;

  5. әдеби материалдарды пайдалануы.

Шығарма мен мазмұндама екі бағамен бағаланады:

Бірінші баға – мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі) қойылса, екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады.

Дәптерлерді тексеру тәртібі. 5-9 - сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына 1рет тексерілуі қажет (3-кесте).

3-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны



Пән

Жұмыс дәптері

Жазба жұмыс дәптері

Сөздік

Барлығы

Қазақ әдебиеті

1

1

1

3

«Қазақ әдебиеті» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстарын келесі тәртіп бойынша орындау ұсынылады:



  • дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу;

  • көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;

«Қазақ әдебиеті» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптер (бұл дәптерге мазмұндамалар, шығармалар, эсселер орындалады) және «Қазақ әдебиеті» пәнінен сөздікке арналған дәптері.

Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:



  • ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

  • күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.

Үлгі:

Қазанның тоғызы Сынып жұмысы

Сабақ тақырыбы жазылады. 19-жаттығу;


  • үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;

  • жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 13-жаттығу (тапсырма);

  • сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;

–мәтін азат жолдан басталады;

–сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады.

«Қазақ әдебиеті» пәнінен сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыруда келесі мерекелерді ескеру ұсынылады:


  • 2 қараша – ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл(1841-1889жж);

  • 5қыркүйек – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл (1872-1937жж);

  • Исатай Таймановтың 225 жылдығы (1791-1838 жж) – халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры;

  • 5наурыз – қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, публицист Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы (1866-1937 жж);

  • Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығы - қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет

қайраткері (1659-1765 жж).

Әдістемелік бірлестік білім беру ұйымындағы әдістемелік қызметтіңнегізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді.

Әдістемелік бірлестік бір пән немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде 5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестіктерді құру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2016-2017 оқу жылының отырыстарында келесі тақырыптарды қарастыру ұсынылады:



  1. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында «Жаңа формация мұғалімі: тәжірибе және кәсіби диалог»»;

  2. «Білім беруді жаңарту аясында жаңа ақпараттық технология арқылыоқушылардың қазақ тілін үйренуге деген ынта-ықыласын арттыру және жан-жақты дамыған, сыни көзқарасы бар тұлға қалыптастыру: халықаралық тәжірибе және отандық практика».

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуда жаңаша әдістер мен иновациялық технологияларын пайдалану оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырып, пәнге деген қызығушылығын оятады.

Осыған орай пәнді оқытуды ұйымдастыру барысында «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасын қолдануды ұсынамыз. Мұнда әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту ұсынылады. Оқушылардың қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйрету мақсатында белсенді оқыту, коммуникативтік технология негізінде оқытуда қазақ әдебиеті сабақтарында «Әдеби шеңбер»,

«Болжау», «Блум таксономиясы», «Венн диаграммасы», «Кубизм»,

«Жолаушының екі жақты күнделігі», «Галлереяны аралау», «Үщ қадамды сұхбат» стратегияларын қолдануарқылы оқушылардың сөздік қорын, ойлау, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамытуға болады.

Жалпы алғанда «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сабақтарды түрлендіріп, әр түрлі форматта өткізу ұсынылады, атап айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, баспасөз-конференциялары және т.б. оқушылардың сабақтағы жауапкершілігін, белсенділігін, өзін-өзі бағалауын қамтамасыз етеді.

Курс «Абаеведение»


«Абайтану» курсы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы

3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы оқыту жүзеге асырылады.

Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты

таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет