Ата-ананың міндеті –ескі өмірлік таптаурындардан бас тартып, адамдар өзара соғыспай, ынтымақтасатын жаңа таптаурындар жасау.«Жекеше» қаралатын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең бастысы ата-ананың отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде отбасының әсерін бәрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның ішінде ата-ананың әлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі баланың өмірлік жолын едәуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына саналы түрде беретін тәрбиеден басқабалаға отбасындағы атмосфера да әсер етеді. Бұл әсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы есейген сайын көбейе түседі.Баланың кез келген жастағы мінез-құлқындағы әлеуметтік немесе психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі және өткен уақыттағы отбасылық жағдайына байланысты болады. Əрине, бұл тәуелділіктің сипаты өзгереді. Мысалы, баланың үлгерімі және оның оқуының ұзақтығы отбасының материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-анасының білім деңгейі әсер етеді (жоғары білімді ата-ананың балалары жақсы оқиды). Ата-анасының білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты әсер етеді.Салыстырмалы түрде жеке болатын балаларды тәрбиелеуде бірқатар психологиялық механизмдер бар, олардың көмегімен ата-ана өз баласының тәрбиесіне ықпал етеді.Біріншіден, қолдау: ересектер баланың дұрыс деп санайтын әрекеттерін марапаттап, ал белгіленген ережелерді бұзғаны үшін жазалау арқылы баласының санасына ережелер жүйесін ендіреді, оларды сақтау біртіндеп бала үшін әдетке сай әрі ішкі қажеттілік болып қалыптасады. Екіншіден, идентификация: бала атаанасының үлгісін байқап, оларға еліктейді, сондай болуға тырысады. Үшіншіден, түсіну: баланың ішкі дүниесін біле тұра, оның мәселелеріне көңіл бөліп, ата-ана баласының санасы мен коммуникативтік қасиеттерін қалыптастырады.Балаларды тәрбиелеудегі отбасылық әлеуметтендіру дегеніміз бала мен ата-ананың тікелей «жұптасып» өзара қарым-қатынас жасауын ғана білдірмейді. Идентификацияның әсері қарсы рөлдік өзара толықтыру арқылы бейтараптандырылады. Мысалы, ата-ананың екеуі де шаруашылықпен жақсы айналысса, балада мұндай қабілеттің дамымауы мүмкін, себебі баланың көз алдында жақсы үлгі болса да, отбасы баланың осы қабілеттерін қолдауын керек етпейді. Керісінше, шешесі шаруашылықпен айналыспайтын отбасында бұл рөлді қызы жақсы атқарады. Психологиялық қарсылық механизмінің де маңызы зор: еркіндігі шектелген жасөспірімнің дербестікке ұмтылу қабілеті жақсы қалыптасады, ал ештеңеден шектелмеген бала тәуелді болып өседі. Сондықтан баланың нақты қасиеттері, негізінде, ата-анасының қасиеттеріне байланысты болмайды (ұқсастығы жағынан да, айырмасы жағынан да), тәрбиелеудің жеке әдістерінен де шықпайды.Отбасылық тәрбиенің ерекшелігін оның анықтамасынанкөруге болады. Отбасылық тәрбие дегеніміз –ата-ананың баласының рухани және дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Тәрбиелеуәдістерінің
түрлі топтамасынан да, оның ерекшеліктерін байқаймыз. Отбасылық тәрбиеде біз келесі әдістерді қолданамыз: сендіру; тіршілікті ұйымдастыру; үзету; марапаттау және жазалау; Сендіру әдісінің басты мақсаты тәрбиеленушілердің саналығын дамытуда, көзқарастар мен пікірлер жүйесінің қалыптасу үрдісін ұйымдастыруда, өзіндік ойлауды дамытуда (ақпараттық, іздестіру, өзара ағарту, дискуссиялық әдістерінің көмегімен).Тіршілікті ұйымдастыру дегеніміз баланыңденебітімінің, әлеуметтік және рухани қалыпты дамуы үшін ересектердің тиімді жағдай жасауы. Бұл әлеуметтік, шаруашылықтұрмыстық, санитарлық-гигиеналықжағдай, отбасындағы еңбек және рухани атмосфера, ата-ананың білімділік деңгейі.Түзету дегеніміз –педагогикалық тәсілдердің көмегімен баланың жағымсыз мінезқұлық көріністерін түзету. Марапаттау мен жазалау педагогикалық ынталандыру әдістері, олар баланы қоғамдық пайдалы қызметке итермелей отырып, сонымен бірге жағымсыз мінезқұлық пен әрекеттерді тежейді.Балаларды тәрбиелеуде ата-ананың стилі демаңыздырөлойнайды.Атапайтқанда, А. Болдуин ата-аналық тәрбие тәжірибесінің екі стилін бөліп көрсетеді: демократиялық және қадағалаушы.Демократиялық стиль келесі параметрлермен анықталады: ата-ана мен баланың арасындағы тікелей сөзбен қарым-қатынас жасаудың жоғары деңгейі; баланы отбасы мәселелерін талқылауға тарту; ата-ананың баласына көмек беруге даярлығы.Қадағалаушы стильде ата-ана баласының әрекеттерін едәуір шектеп отырады: балаға шектеудің мәнін анық түсіндіру, ата-ана мен баланың арасында жаза шаралары жөнінде келіспеушіліктің болмауы.Тәрбиелеудің демократиялық стилі қолданылатын отбасындағы балалар жетекшілік қабілеттерінің байқалуымен, шабуылдаушылығымен, басқа балаларды қадағалауға ұмтылуымен сипатталады, ал балалардың өзі сырттан қадағалауға қиын көнеді, алайда оларға альтруизм, эмпатия тән емес.Тәрбиелеудің қадағалаушы стилі қолданылатын балалар көнгіш, қорқақ, шабуылдаушы емес болып келеді. Тәрбиелеудің аралас стилі қолданылған балаларға іштей тыну, шабуылдамаушылық, қызығушылықтың болмауы, ойлаудың айрықшылығы, қиялшылдық тән емес.Отандық педагогтар ата-аналық тәрбие стилінің келесідей топтамасын ұсынады: босаң (либералдық), авторитарлық және демократиялық.Біріншісі қандай да бір қарым-қатынастың жоқтығымен сипатталады: отбасы мүшелерінің бір-бірінен алшақтығы, бөтенденуі, бір-бірінің істері мен сезімдеріне немқұрайлы болуы. Келесі екеуі –авторитарлық және демократиялық стильдер –өзіндік шкала құрайды, оның бір жағында қатаң авторитарлық сипат басым болады, яғни отбасы мүшелерінің шағымдануға жатпайтын, ешкіммен санаспайтын қарым-қатынасы, қатыгездігі,
шабылдаушылығы орын алса, екінші бөлігінде –ынтымақтастық, өзара көмек, сезім мен эмоция дамыған мәдениет,сондай-ақотбасылықодақтыңбарлық мүшелерінің шын мәніндегі толық тең құқықтылығы орын алатын алқалы демократия. Авторитарлық стиль –баланың отбасында мәнсіздігі мен керексіздігісалдарынан ол атаанасынан алшақтайды.Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс отбасының педагогикалық үрдіс аясында жүреді. Мектеп оқушылары отбасының педагогикалық үрдісіне қатысатынын және осы үрдістің нәтижесі ата-ананың үрдісті қаншалықты саналы басқаратынына көбірек байланысты болатынын ескере отырып, осы екі педагогикалық үрдіс өзара байланысты деуге болады. Олардың нәтижелері қосылып, не оның тиімділігін арттыра түседі, не бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, онда тәрбиелікәсер едәуір төмендейді.Балалардың екі педагогикалық үрдіске қатысуы отбасындағы тәрбие жұмысының жағдайын білу, ата-ананың педагогикалық мәдениетін көтеру, отбасындағы педагогикалық үрдістің оң және теріс жақтарын ескере отырып, мектептегі педагогикалық үрдісті жасау қажеттігін туындатады.Балаларды тәрбиелеудегі әлеуметтендіру дегеніміз –индивидке қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік беретін білім, қағидалар мен құндылықтардың жүйесін меңгеруге көмектесетін бүкіл әлеуметтік және психологиялық үрдістер жиынтығы. Оған саналы, қадағаланатын, мақсатты әсер ету (кең мағынада алғанда тәрбиелеу) ғана жатпайды, сонымен бірге жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін тылсым, кездейсоқ үрдістер де жатады.Ата-ананың отбасы –әлеуметтендірудің маңызды институты. Алайда қазіргі отбасы бұрынғы кезеңде алған басым рөлін жоғалтты. Бұған жалпы тәрбиенің мәні де, ерекшелігі де, отбасының өзінің өзгеруі де әсер еткен: тұрақтылықтың өзгеруі, баланың аздығы, әкенің дәстүрлі рөлінің әлсіреуі, әйелдердің еңбекпен шұғылдануы және т.б. Отбасындағы қарымқатынас стилі де өзгерді. Авторитарлық тәрбиенің күйреуі ата-ана мен баланың өзара қарымқатынасын жұмсартып, жақындатып, екі жаққа да жекеше әрі эмоционалдық тұрғыдан маңыздырақ ете түсті. Қазіргі күні тәрбиелеуде атаананың билігі емес, моральдық беделі жөніндегі мәселе маңыздырақ. Күшке сүйенетін билікке қарағанда, ата-ананың моральдық беделін ұстап тұру қиынырақ. Тәрбиелеудегі қарым-қатынасты жекелендіру оның мәнін арттырады, сонымен бірге бұл қатынастарды, әсіресе ата-ананың қарым-қатынас ауқымы мен таңдауы кеңейген жасөспірімдік кезеңде нәзіктендіре түседі.Əйел мен еркектің әлеуметтік рөлдері жүйесіндеалғатүпкіліктіқадамдар жасалды.Əйелдің еркіндік алуы және оның өндірістік қызметке араласуы оның қоғамдағы және отбасындағы рөлін көтерді, сонымен бірге ана мен әке рөлдерінің дәстүрлі бөлінісін жойды. Қазір отбасында рөлдердің бөлінуі жұбайлардың жынысына емес, олардың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жалпы алғанда, бұл алға аяқ басу –биархатты отбасы тұрақтырақ және ондағы психологиялық климат жақсы. Алайда бұл да келіспеушілік туғызады. Əсіресе қазіргі күні балаларды тәрбиелеуде әкенің рөлі күрделі болып отыр.