Облыс:Жамбыл
Аудан: Байзақ
Ауыл:Аймантөбе
Мектеп: Берікқара орта мектебі
ФИО: Мусетова Меруерт Бахытжановна
Пән: Математика пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың қасиеттері және графигі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды тригонометриялық функциялардың графигін салу арқылы қасиеттерімен таныстыру және есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушының график салу шеберлігін қалыптастыру және практикамен ұштастыруға үйрету, шығармашылығын және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыны графикті тануға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу, сұрақтарға нақты жауап беруге баулу.
Көрнекілігі: формулалар, плакаттар, интерактивті тақта, слайд
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Кіріспе
ІV. Жаңа сабақ
4.1. Топтық жұмыс
4.2. Сергіту сәті
4.3. Қатесін тап
4.4. Ойлан, тап
V. Қорытындылау
VI. Бағалау
VII Үйге тапсырма
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Журнал бойынша түгендеу
Б) Сабақтың мақсатын нұсқау, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары арқылы өткен тақырыптарды қайталау
- Функция дегеніміз не
Функция – Х жиынының әр бір мәніне У жиынының бір мәні сәйкес келетін ұғымды айтамыз.
- Функцияның қасиеттері,яғни зерттеу әдісі
Анықталу облысы
Мүмкін мәндер жиыны
Периодтылығы
Тақ не жұп екендігі
Графигі және өсу, кему аралықтары
- Графигі бойынша функцияны ата
сызықтық функция, квадраттық функция гипербола, кубтық парабола
Достарыңызбен бөлісу: |