Махаббат жыршысы.
Жүгініп ел қорғаған ерлігіңе,
Құттықтап туған жұртың келді, міне.
Батырды Бауыржандай жырлап едің,
Жайылған атақ-даңқы жер жүзіне!
Сексеннің келген кезде бесеуіне,
Жүрмедің кәріліктің жетегіне.
Секілді шежіресі заманымның,
Бүгін мен куә болдым кешегіге...
Жүрдіңіз Отан үшін отты кешіп,
Өмірден талай қыршын кетті көшіп...
Өзіңді жас ұрпақтар мақтан еткен,
«Мәңгілік махаббат» боп, жетті десіп.
Жаңғырып тәуелсіз күнмен атақ-атың,
Көрдіңіз туған елдің шапағатын.
Бар қазақ қыздарына үлгі еттіңіз,
Арудың Халимаңдай махаббатын.
Өмірдің толқынында шынықтың да,
Бөленген күндерің көп тұнық мұңға...
Халқың мен қарапайым, кішіпейіл
Сырласып тұрсыз бүгін,
Шығып шыңға!
Марфуға Айтхожа.
Шынымен, Артында өшпес мұра қалдырған жазушы әр оқырманымен бүгін де сырласып тұрғандай. Өлді деуге болама айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...
Достарыңызбен бөлісу: |