Облыстыќ балалар оѕалту орталыєыныѕ логопед маманыныѕ 2008 жылєа арналєан


Арнайы логопедиялық топтарды құру, ондағы жұмысты ұйымдастыру және жүргізу бірнеше кезеңнен тұрады



бет2/3
Дата14.06.2020
өлшемі124,5 Kb.
#73446
түріСабақ
1   2   3
Арнайы логопедиялық топтарды құру, ондағы жұмысты ұйымдастыру және жүргізу бірнеше кезеңнен тұрады: 

  • топтарды іріктеу және топтастыру (толықтыру); 

  • балаларды кешенді тексеру; 

  • жеке және топтық жұмыстың алдын ала (перспективті) жоспарын құрастыру; 

  • сабақтардың жоспарларын іске асырумен байланысты, негізгі кезең; 

  • аралық және қорытынды бақылаудың қамтамасыздандырылуы; 

  • күнделікті анамнестикалық (түзете оқыту нәтижелерін талдау, балаларға мінездеме құрастыру). 

Кемістігі бар балалармен жүргізетін жұмыстан басқа логопедтің міндеті төмендегідей: 

медициналық-педагогикалық комиссияларды өткізу; 

ата-аналарға кеңес беру-педагогикалық жұмысы; 

күнделікті құжаттарын толтыру; 

тәрбиешілерге кеңестік-әдістемелік көмек көрсету; арнайы педагогика кафедрасымен өзара байланыс, көмек туралы келісім-шартқа сәйкес студенттермен оқу-әдістемелік жұмыс жүргізу. 

Балабақшадағы жұмыстың логопедиялық бағытының даму болашағы сөйлеу тіл кемістігі бар баланы оқытып тәрбиелеп, дамытудың әдістемелерінің мазмұнын жетілдіруге бағдарлауға байланысты.

Балабақшаның арнайы топтарындағы, сөйлеу тілінің кемістігі бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі жұмыс 
Арнайы топтарда түзету жұмысын оңды ұйымдастыру сөйлеу тілінің бұзылысы қаншалықты дұрыс және уақытылы зерттелгеніне, ауырлығына және түзету сабақтарының басталуына байланысты.

Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды уақытында айқындап, оларды топтарға дұрыс бөлу және арнайы оқыту – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде оңды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді және олардың мектепте ары дамып оқуына жағымды жағдайлар туғызады.

Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арнайы мектепке дейінгі мекемелерде сөйлеу тілінің түрлі ақаулықтары бар балаларды дифференциалды түрде оқыту және тәрбиелеу іске асырылады.

Сөйлеу тілінің әртүрлі бұзылыстары бар балаларды оқыту және тәрбиелеуде дифференциалды көзқарасты іске асыру үшін, мектепке дейінгі мекемелерде топтар құрылады:



  • жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар балаларға арналған (3-6 жас); 

  • сөйлеу тілінің фонетика-фонематикасы жетілмеген балаларға арналған топтар (5-6 жас); 

  • жеке дыбыстарды айту бұзылыстары бар балаларға арналған топтар (5-6 жас) 

  • тұтықпасы бар балаларға арналған топтар (2-6 жас). 

Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларды арнайы бөбекжай– балабақшаларына, балабақшаларға және жалпы білім беру балабақшаларының жеке топтарына іріктеу және топтарды топтастыру МППК отырысында төмендегідей қағидаларды ескере отырып жасалады:

1. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды басқа ақаулықтардан ажырату (мектепке дейінгі мекемелерге сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалар тек есту қабілеті қалыпты және зияты сақтаулы болған жағдайда ғана қабылданады). Сөйлеу тілі бұзылыстары бар ақыл-ойы кем балалар, зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерге қабылданады, себебі олардың сөйлеу тілінің кемістіктері зияттың біріншілік бұзылысымен күрделенген екіншілік кемістік болып табылады. Дұрыс диагностикалауда біріншілік және екіншілік ақаулық түсінігі өте маңызды екенін ескеру.

2. Жас ерекшелігін ескеру қағидасы. Балабақшалар, бөбекжай–балабақшаларына, жалпы білім беру балабақшаларындағы жеке топтарға сөйлеу тілі бұзылыстары бар 2-7 жастағы балалар қабылданады, бір топқа жастары бірдей балалар қабылданады. Мысалы, кішкентайлар тобына – 2-3 жастағы, 2-ші кішкентайлар тобына – 3-4 жастағы, ортаңғы топқа – 4-5 жастағы және мектепалды даярлық тобына – 6 -7 жастағы.

3. Сөйлеу тілі кемістігінің ауырлығына сай балаларды дифференциалды түрде оқыту қағидасы.

Топтарға толықтыру педагогикалық классификация негізінде іске асады. Сөйлеу тілі бұзылыстарының әртүрі бар мектеп жасына дейінгі балалар сөйлеу тілінің даму деңгейінің ұқсастығы (фонетика, лексика, грамматика, байланыстырып сөйлеуі) бойынша бір топқа біріктіріледі. Мысалы, ЖСТД топтарына алалия, афазия, ринолалия, дизартрия бұзылыстары бар балалар қабылданады, бірақ жас бойынша және сөйлеу тілінің даму деңгейі бойынша топтастырылады. Сөйлеу тілінің фонетика-фонематикасы жетілмеген балалар топтарына ринолалия, дизартрия, дислалия бұзылыстарымен, бірақ сөйлеу тілі даму деңгейі бірдей балалар қабылданады. Тұтықпасы бар балаларға арналған топтарға – тұтықпасы бар балалар қабылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет