Байланысты: 4808321122301 слайд процестер мен аппараттар
Айырумен ректификация кезінде сұйық қоспа құрамдық компаненттерге бөлінеді. Зат сұйық фазадан буға және будан сұйыққа айналады. Айыру және ректификация процестері техникалық және тағамдық этил спиртін алуда және ароматты заттарды өңдіруде кеңінен қолданылады. Айыруды қоспаларды қатаң бөлу үшін қолданады, ал оларды толық бөлу үшін ректификацияны қолданады.
Айыру және ректификация процестері бірдей температура кезінде қоспалар компаненттерінің әртүрлі ұшпалығынына негізделген. Жоғары ұшпалыққа ие қоспа компаненті жеңіл ұшатын, ал төмен ұшпалыққа ие компанет ауыр ұшатын деп аталады. сәйкесінше жеңіл ұшатын компанент ауыр ұшатын компанентке қарағанда төмен температура кезінде қайнайды. Сондықтан оларды төмен қайнатын және жоғары қайнайтын деп атайды.