Тәжірибе 7 Жылуалмасу аппараттарын есептеу - Жылуалмасу кезінде жылуды беретін жоғары температуралы орта ыстық жылутасығыш, ал жылуды қабылдайтын төмен температуралы орта суық жылутасығыш (хладагент) деп аталады.
Тамақ өнеркәсібінде жылутасығыш ретінде қаныққан сулы бу, су, түтінді газдар, ал хладагент ретінде аммиак, фреон, ауа, азот кеңінен тараған. Жылутасығышты немесе хладагентті таңдау оның бағытымен, процесс температурасымен және бағасымен анықталады. Орталар арасында жылуды беру орныққан (стационарлы) және орнықпаған (стационарлы емес) шарттарда жүруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |