АҚШ-тағы сұраныс пен ұсыныс. Екі мемлекетті қарастырайық — Канада, АҚШ. Екеуі де алюминий өңдіреді. Сауда бөгеті жоқ. Көлік шығынын да қарастырайық. 90-суретге /а/ АҚШ-тағы алюминийге деген сұраныс пен ұсыныс қисығы көрсетілген. S және D қисығының қиылысуы алюминийге деген мемлекет ішіндегі баға, 1 фунт алюминий = 1 долл. және алюминий мөлшерінің тепе-теңдігін (100 млн. фунт) сипаттайды. Егер баға 1 долл. болса, алюминий шектен тыс және аз да болмайды. Ал егер АҚШ экономикасы ашық болса және алюминийдің дүниежүзілік бағасы 1 долл. кем не көп болса не болады?
Достарыңызбен бөлісу: |