В.В.Церлинг тәсілі бойынша өсімдіктің қоректік эле- менттермен қамтамасыз етілуін анықтау принципі мынадай: 1) нитрат азотын анықтау үшін жас өсімдіктің жапырақ сағағы мен сабағын пайдалану керек. Өсімдіктің кесіндісіне дифениламинмен әсер еткенде құрамындағы нитраттардың осы тұзбен реакцияға түсуінің нәтижесінде көк түске боя- луына негізделген. Пайда болған түстің қарқындылығын ар- найы дайындалған түсті шкаламен салыстырып, өсімдіктің азотқа қажеттілігі жөнінде қорытынды жасалады
Достарыңызбен бөлісу: |