2. АЗОТ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ
“Батыс Еуропадағы егіншіліктің бүкіл тарихы, егінің орташа шығымдылығымен анықталады да, ал ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің азотпен қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты”-деген болатын академик Д.Н.Прянишников.
Азот жер бетіндегі ең көп таралған элемент. Ол табиғатта бос күйінде және түрлі қосылыстар түрінде кездеседі. Ауа құрамының 78 % осы газ болса, жер қыртысында азот қосылыстары 0,04% құрайды.
Қоректік элемент ретінде өсімдік тіршілігінде азот маңызды рөл атқарады. Ол барлық ақуыз құрамына енеді де, өсімдік клеткасы протоплазмасының басты бөлігі болып саналады. Ақуызда азоттың мөлшері оның жалпы массасының салмағының 16-18 пайызыне тең болады. Азот фотосинтез құбылысына қатысатын хлорофилл мен протоплазманың клетка ядросының аса маңызды бөлігі - нуклеин қышқылдарының құрамында кездеседі. Сонымен қатар азот фосфатидтерде, алкалоидтерде, кейбір витаминдер мен ферменттерде және өсімдік клеткасындағы басқа көптеген органикалық заттарда болады.
Өсімдік үшін азот көзі болып есептелінетін, топырақтағы қосылыстарды мынадай топтарға бөледі:
1) азот қышқылының тұздары,
2) аммоний тұздары,
3) азотты қышқыл тұздары,
4) азоттың кейбір органикалық, қосылыстары (мочевина, амин қышқылдары).
Түйнек бактерияларының қатысуымен бұршақ тұқымдас өсімдіктер атмосферадағы бос азотты пайдаланады. Өсімдік нитратты азотты органикалық заттарды синтездеу үшін пайдалана алмайды. Ол әуелі аммиак түріне айналады.
Өсімдік қабылдаған нитратты азот аммиакқа дейін мына схема бойынша тотықсызданады:
нитрат нитрит ипонитрит гидросиламин аммиак
Бұл реакция нитратредуктаза, нитритредуктаза, гипонитритедуктаза, гидросиламинредуктаза ферменттерінің қатысында өтеді.
Нитраттардың тотықсыздануына ферменттерден басқа мыс, темір, молибден қатысады.
Аммиак және нитраттардың тотықсыздануынан топырақтан пайда болған аммиак, өсімдіктің анаэробты және аэробты тыныс алудың бастапқы сатысында пайда болған органикалық кетоқышқылдармен әрекеттеседі де алғашқы амин қышқылдарын түзеді. Мұны аминдеу реакциясы дейді.
Осы ферменттік реакциялар көмірсулар мен ақуызды заттардың алмасуының арасында байланыс болатынын көрсетеді. Аминдеу реакциясынан түзілген аспарагин, глютамин, аланин сияқты амин қышқылдары өздерінің амин топтарын басқа органикалық қышқылдарға ауыстыра алады. Бүл құбылысты қайта аминдеу реакциясы дейді.
Қайта аминдеу реакциясының амин қышқылын дезаминдеуі мен ақуызды синтездеуде маңызы үлкен. Дезаминдеу реакциясы жүргенде амин қышқылынан кетоқышқылы және аммиак түзіледі. Өсімдік пайда болған кетоқышқылын көмірсуларды синтездеуге жұмсайды, ал аммиак аминдеу реакциясына қатысады.
3. Азот тыңайтқыштарының құрамы мен қасиеттері
және тиімділігін арттыру жолдары
Кәзіргі кезде өндірілетін азот тыңайтқыштары төрт топқа бөлінеді (4-сурет):
1) Аммиак-нитратты тыңайтқыштар. Бұған амоний селитрасы, әк-аммоний селитрасы, аммоний-сульфат селитрасы жатады.
2) Аммиакты тыңайтқыштар. Бүл топқа аммоний сульфаты, аммоний хлориді, аммоний-натрий сульфаты, сұйық аммиак, аммиак суы, аммоний карбонаты, аммоний бикарбонаты жатады.
3) Нитратты тыңайтқыштар. Бұл топқа натрий селитрасы мен кальций селитрасы жатады.
4) Амидті тыңайтқыштар тобына мочевина, кальций цианамиді, уреаформ немесе мочевинді-формальдегидті тыңайтқыштар жатады.
Аммиак -нитратты тыңайтқыштар
Аммоний селитрасы Құрамында 34-35% азот бар, ақ түсті түйіршік түрінде өндіріледі. Бұл тыңайтқышты 56-60% азот қышқылын газ күйіндегі аммиакпен әрекеттестіру арқылы алады:
Ақ түсті ұсақ түйіршік түрінде шығарылады.
Тыңайтқышты битум, автол қоспасымен өңделген, целлофанды қапшықтарға салып шығарады.
Д.Н.Прянишников лабораториясында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде аммоний селитрасын физиологиялық қышқыл тыңайтқыш тобына жатқызады. Алайда оның физиологиялық қышқылдылығы аммоний сульфатынан едәір төмен. Қүрамындағы азоттың жартысы аммоний, бір бөлігі нитрат түрінде болады. Мұның өзі топырақ қасиетіне, климатқа және тыңайтылатын дақыл түріне қарай, оны қолданудың әдістерін, мөлшерін, пайдалану мерзімдерін өзгертіп отыруды қажет етеді. Аммоний селитрасы тиімділігі жағынан басқа азот тыңайтқыштарының арасында бірінші орын алады, оны барлық топырақта өсірілетін алуан түрлі дақылдарға қолдануға болады. Бұл тыңайтқышты ылғалы өте көп аудандарда және суармалы егіске күзде қолданудың қажеті жоқ, өйткені оның нитратты азоты шайылып кетеді. Аммоний селитрасын күздікті ерте көктемде үстеп қоректендіру үшін, басқа дақылдарды вегетациялық кезеңінде қоректендіру үшін пайдаланады.
Әк-аммоний селитрасы құрамында 20,5% азот бар. Бұл селитра барлық дақылдар үшін жақсы тыңайтқыш бола алады.
Аммоний сульфат-нитраты (сульфонитрат) аммоний нитраты мен аммоний сульфаты тұздарынан тұратын қоспа. Құрамында 25,5-26,5% азот бар, суда жақсы еритін, құрғақ қоймада сақтағанда нығыздалмайтын тыңайтқыш. Физиологиялық қышқылдығы аммоний селитрасымен салыстырғанда едәуір жоғары. Бүл тыңайтқышты барлық топырақ түрлеріне және барлық ауыл шаруашылық дақылдарына қолдануға болады.
дәріс 12
Тақырыбы: ФОСФОР ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ
Мақсаты: Фосфор өсімдікте оның барлық мүшелерінде кездеседі.
Міндеті: Фосфор өсімдік тіршілігіне аса қажетті элементтің бірі екендігін түсіндіру.
Түйінді сөздер: Фосфор,апатит,суда еруі.
Дәріс жоспары:
1. Фосфорды алу жолдары,құрамы
Достарыңызбен бөлісу: |