2. Климаты 3. Өсімдігі және жануарлар дүниесі
Еуропамен арадағы шартты шекарасы- Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.
Түбектері:
Таймыр түбегі,Чукот түбегі,Камчатка түбегі,Корей түбегі,Үндіқытай түбегі,Декан түбегі,Арабия,Кіші Азия түбегі,Үнді түбегі,
Құрлықтың шеткі нүктелері:
солтүстігінде – Челюскин мүйісі
оңтүстігінде Пиай мүйісі
батысында Рока мүйісі
шығысында Дежнев мүйісі.
Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан (Эверест шыңының биіктігі 8848 м) 1-орында, орташа биіктігі жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-ы таулар мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған.
Ең биік таулар мен тау қыраттары:
Памир,Тянь-Шань,Тибет тау қыраты,Гималай,Гиндукуш,Қарақорым.
Гималай тауының шыңдары 7 – 8 мың метр және одан да биік болып келеді. Солтүстік шығыс белдеуі Тянь-Шань тауынан Чукот түбегіне дейін созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді. Солтүстік-шығыс белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа, аласа таулар мен тау үстірттері тарайды.
"'Ең ірісі: Орта Сібір таулы үстірті."' Құрлықтың шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау солтүстіктен оңтүстікке қарай Коряк таулы қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Алин, Корей таулары, Наньмин, Аннам тауқыраты тізбектеліп орналасқан. Азияның жалпы аумағының 25% жазықтар. Ең ірі жазықтары: Батыс Сібір,Тұран,Ұлы Қытай жазығы,Үнді-Ганг жазығы,Месопотамия .
2.Климаты: Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңтүстігі мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық Азия жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық. Қыста ең төмен температура солтүстік-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа температурасы –50°С, кейде ең төмен температура –70°С-қа дейін жетеді. Экваторлық өңірде қаңтардың орташа температурасы 25°С-қа дейін өседі. Жазғы температура ендікке байланысты өзгеріп отырады. Шілденің орташа температурасы тундраның оңтүстік шекарасында 10°С, ал 55° – 60° солтүстік ендіктерде 20°С, тропиктік, экуаторлық белдеулерде 25 – 28оС-қа дейін жетеді.
Азияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс шеткі аймақтары өте ылғалды келеді. Гималайдың оңтүстік етегіндегі Черрапунджи өңірінде жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 12665 мм (Жер шарындағы ең ылғалды аудан). Экваторлық белдеуде жылына 2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық белдеудегі таудың ық жақ беткейлерінде ылғал мөлшері күрт азайып, 1000 мм-ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай теңізді аймақтарда 600 – 1000 мм, Сібірдің басым көпшілік жерінде 300 – 500 мм, тундрада 150 – 200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия шөлдерінде 100 – 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады.
4.Өсімдігі және жануарлар дүниесі. Азияның көпшілік бөлігі Голарктикалық флоралық облысқа кіреді. Араб түбегінің оңтүстігі, Үндістан, Үндіқытай түбектері, Филиппин және Малай топаралы палеотропиктік облысқа жатады. Палеотропиктік флора мезозойдың соңғы кезеңінен бері бірқалыпты жылы климат жағдайында дамып келеді.
Өсімдігі алуан түрлі, құрамында реликтер мен эндемиктер көп. Солтүстік мұзды мұхит жағалауында арктикалық, мүкті-қыналы тундра тараған. Солтүстік Азияда орман өте кең алқапты қамтиды, оның көп жерін тайга (батысында шырша, майқарағай, самырсын, шығысында балқарағай мен қарағай өседі) алып жатыр. Қиыр Шығыстың аралас және жалпақ жапырақты ормандары өсімдік түріне бай. Орман белдемінен оңтүстікке қарай орманды дала белдемдері (Батыс Сібірдің оңтүстігі, Солтүстік Моңғолия, Байкал сырты, Солтүстік-шығыс Қытай) өтеді. Орта және Орталық Азияда шөл өсімдігі басым. Тибет пен Памирдегі тау басын суық шөл алып жатады. Субтропиктік шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдігі Иран, Кіші Азия таулы қыраттарында, Месопотамияның солтүстік бөлігінде өседі. Месопотамияның оңтүстігі мен Араб түбегі тропиктік шөлге жатады. Субтропиктік белдеудің батыс жағына қарай, Кіші Азиядағы теңіз жағалауында негізінен маквис және мәңгі жасыл еменнен тұратын жерортатеңіздік өсімдіктер өседі. Тынық мұхит жағалауында қоңыржай белдеудің ормандары субтропиктік орманға ауысады (мәңгі жасыл ағаштар – магнолия, лавр, емен, камфора, тунг ағашы, кипарис, т.б.). Малакка түбегі мен Малай топаралында мәңгі жасыл ылғалды тропиктік қалың орман (гилея) өседі. Оның тауларындағы өсімдіктер биіктік белдеулерін құрайды. Солтүстік Азияда тау тайгасы мен тау тундрасы, Орта және Орталық Азияда тау даласы мен шөлі, Оңтүстік Азияда тропиктік тау орманы басым. Азия негізінен Голарктика облысының Палеоарктика бөліміне жатады. Жануарлары ендік белдемдер мен биіктік белдеулер жиынын құрайды. Тундрада жануарлардың түрі аз. Құрлықтың шығысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ жапырақты орманның және субтропиктік аймақтың жануарлары өмір сүреді. Дала мен шөл жануарлары Кіші, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда, Солтүстік-батыс Үндістанда тараған. Әсіресе кемірушілердің түрі көп.Батыс жағын жерорта-теңіздік жануарлардан: қабылан, гепард, қорқау қасқыр, жайран, т.б. мекендейді. Өзен бойы тоғайларында жолбарыс, Солтүстік-батыс Үндістанда арыстан сақталған.Құрлықтың субэкваторлық және экваторлық ендіктерінде Үнді-Малай жануарлары (піл, орангутан, гиббон, макака, лемур, тупайя, тапир, мүйізтұмсық, жолбарыс, аю, қабылан, т.б.) басым. Құстардың түрі көп. Жорғалаушылардан алып ешкіемер, қолтырауын, өте улы көзілдірікті жылан, питон (ұзындығы 8 – 10 м) көп тараған.
Бақылау сұрақ-тапсырмалары:
Азия дүние бөлігінде неше мемлекет орналасқан ?
Батыс Азия елдерін айтыңыз?
Азия елдерінің климатын атаңыз.
Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1.В.П. Максаковский. География. Перевод З. Сарыевой. «Дүние жұзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» Мектеп 2004 ж.
2.В.П. Максаковский. География. Перевод Ш.М. Надырова «Дүние жұзінің экономикалық әлеуметтік географиясы», Алматы: Просвещение – Қазақстан 2004 ж.
3.В.П. Максаковский, Дүние жүзіндегі жаңалықтар: цифрлар мен дерктер: «Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» оқулығына қосымша тарулар.
Сабақ №14
Сабақ түрі: лекция
Лекция №14
Сабақ тақырыбы: Аустарлия құрлығы
Сабақ жоспары:
1.Аустралия құрлығы.
2.Аустралия елінің өзен және көлдері.
Сабақтың мазмұны:
Аустралия - құрлықтың ішіндегі ең кішісі. Аустралия 10°41′ оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11′ оңтүстік ендіктегі Оңтүстік-Шығыс мүйіске дейін және 113°05′ шығыс бойлықтағы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34′ шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршайды. Жағасының су жырған жерлері аз кездеседі; ірі шығанақтары : солтүстігінде - Карпентария, оңтүстігінде Аустралияның Үлкен шығанағы; үлкен түбегі - Кейн-Йорк. Оңтүстігінде Басс бұғазы (ені 224 км) бөліп жатқан Тасмания аралы бар. Шығыс жағалауын бойлай 2300 км-ге созылып, Үлкен Тосқауыл Рифі жатыр.
Аустралияда өзен, көлдер аз. Материктің 60%-ын қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кебетін өзен арналары - криктер тән. Олар қалдық көлге құяды. Өте таяз, суы тұзды болып келетін, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған көлдер – қалдық көлдер. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында көп. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик. Аустралия өзендері жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзені – Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей өзені жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлингтөменгі ағысында мүлде тартылып қалады. Аустралияда 33 артезиан алабы (жер асты сулар) бар. Австралия индустриялы-аграрлы ел.АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, ГФР сияқты елдермен экономикалық қатынасы жақсы дамыған.Пайдалы қазбаларға бай.Көмір, қорғасын, темір, мырыш, мыс, боксит, алтын, күміс өндіріледі.Қара және түсті металлургия өндірістері, мұнай айыру өнеркәсібі дамыған.Өңдеуші өнеркәсіп салаларынан металлургия мен машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, қағаз және полигр., ағаш кесу және жиһаз өнеркәсібі, кеме жасау, электротехникалық приборлар құрастыру кәсіпорындары елдің әр түрлі аймақтарында орналасқан.Австралия шаруашылығының маңызды саласы - қой шаруашылығы.Ол Австралия шаруашылығының 60-70%-ін құрайды.А.ш. дақылдарынан бидай, арпа және сұлы өсіріледі.Жер көлемінің 90%-ін жайылымдар, жемшөп алқаптары алып жатыр.А-ның ұлттық табыс көлемі 228,1 млрд.Американ доллары, жан басына шаққанда 16 мың доллардан келеді(1995 ж.).Экспортқа жылына 65 млн долларлық өнім шығарылып, 12 млн долларлық импорттық өнім әкелінеді.А-ның дүн. жүзі ішкі жиынтық өнімдегі үлесі - 1,1%.
Бүгін Австралияда радио 68 тілде, теледидар 60 тілде хабар таратады. Бұл аздық етіп, диаспораларға парламентте, үкіметте, оқу орындарында квота бөлінді, диаспора кәсіпкерлеріне салықтардан жеңілдік берілді
Аустралия алты штатқа, екі материктік және көптеген басқа да кішкентай территорияларға бөлінеді.
Виктория штаты - жер аумағы: 237 629 км² (Аустралия штаттары мен территориялары бойынша 6-шы орын), халқы: 5 012 000 (2-ші орын), астанасы: Мельбурн қаласы;
Батыс Аустралия штаты - жер аумағы: 2 645 615 км² (1-ші орын), халқы: 2 003 000 (7-ші орын), астанасы: Перт қаласы;
Квинсленд штаты - жер аумағы: 1 852 642 км² (2-ші орын), халқы: 4 020 000 (3-ші орын), астанасы: Брисбен қаласы;
Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты - жер аумағы: 809,444 км² (5-ші орын), халқы: 7 099 700 (1-ші орын), астанасы: Сидней қаласы;
Тасмания штаты - жер аумағы: 90 758 км² (7-ші орын), халқы: 502 600 (6-шы орын), астанасы: Хобарт қаласы;
Оңтүстік Аустралия штаты - жер аумағы: 1 043 514 км² (4-ші орын), халқы: 1 584 500 (5-ші орын), астанасы: Аделаида қаласы;
Материктік территориялар:
Солтүстік территориясы - жер аумағы: 1 420 968 км² (3-ші орын), халқы: 202 500 (8-ші орын), әкімшілік орталығы: Дарвин қаласы;
Аустралияның астаналық территориясы - жер аумағы: 2 358 км² (8-ші орын), халқы: 339 900 (7-ші орын), әкімшілік орталығы: Канберрақаласы.
Әр штаттың және материктік территорияның өз заңшығарушы органдары (Парламент) бар. Солтүстік территориясыда, Аустралияның астаналық территориясында және Квинсленд штатында бірпалаталық ал қалған штаттарында екіпалаталық Парламенттері бар. Төменгі палата - Заңшығарушы Ассамблеясы (Оңтүстік Аустралия және Тасмания штаттарында - Заңшығарушы жиын) деп ал жоғарғы палата - Заңшығарушы Кеңес деп аталады. Штат басшылары - Премьер ал территория басшылары - Бас министр деген атақтарына ие.
Бақылау сұрақ-тапсырмалары:
Төменде берілген нысандарды картадан көрсету.
- Үлкен Тосқауыл Рифі
- Косцюшко тауы
- Виктория шөлі
- Карпентария шығанағы
- Сидней қаласы
- Мельбурн қаласы
Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.
2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.
3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.
Сабақ №15
Сабақ түрі: аралас сабақ
Лекция №15
Сабақ тақырыбы: Африка құрлығы
Сабақ жоспары:
1. Африканың географиялық орны
2. Африканың табиғаты мен климаты.
3. Өзен-көлдері.
4. Халқы мен елдері.
Сабақтың мазмұны:
Африка елінің жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегіненбөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында – Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан. Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады.
Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 200С-тан жоғары, Сахара мен Суданныңсолтүстігінде 350 – 380С-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +580С 1933 жылы Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағы ыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және субтропиктік жерортатеңіздік климатбелдеулеріне бөлінеді. фрика- үлкен өзендер құрлығы.[3] Ол құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км3) бойынша Еуразия мен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері – Ніл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж.[4] Нілдің су алабының кеңдігі соншалық. ол бүкіл Африка құрлығының оннан бір бөлігін торлап жатыр. Ніл Руанда мен Эфиопияаның таулы аймақтарынан бастау алып, оңтүстіктен солтүстікке қарай қарай ағады. Оранж өзенінің төменгі бөлігі Калахари мен Намибия шөлдері арқылы ағады. Өзеннің сағасында өте бай гауһар кені бар. Асау Нигер өзені Батыс Африканың бес мемлекетінің қалқы үшін азық пен су көзі болып отыр. Африканың жиырмадан астам тайпасы тіршілігін Нигермен байланыстырып, осы өзенге үміт артады. Заир ( Конго) өзені ұзындығы жағынан әлемде бесінші орында. Ал қара құрлықта солтүстік шығыс Африкадағы Нілден кейін екінші орында. Замбези - Африканың Ніл, Заир, Нигер өзендерінен кейінгі төртінші өзен жүйесі. Ол Орталық Африкадан Үнді мұхитына қарай алты мемлекеттің жерінен ағып өтеді. Лимпопо өзені Ботсванадан бастау алады.[3] Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахарижерінде жатыр. Африка көлдерінің ірілері: Виктория, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад. Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-ге жететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Карру шөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны. Африкада жануарлар өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетін сүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға тән жануарлардан африка піл, керік, зебр, адам тәріздес маймылдар – шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас маймылдар павиан мен мандрил, сондай-ақ бегемоттар, Мадагаскар аралығындағы лемурды атауға болады. Құрлықтың жануарлар дүниесі 19 ғасырда, әсіресе, 20 ғасырдың басында аяусыз қыру нәтижесінде күрт азайып кеткен. Қазір құрлық бойынша 150-ден астамұлттық саябақтар, қорықтар, қамашаулар құрылған. Ірі ұлттық саябақтарға Рувензори, Кения, Серенгети, Вирунга, Цаво, Кафуэ, Калахари-Хемсбок, Крюгер, Намиб жатады.
Бақылау сұрақ-тапсырмалары:
1. Жерорта теңізінің жағалауындағы ірі портты қалаларды ата?
2. Ніл аңғарындағы ең ірі және көне қала? Орналасқан мемлекетінде әлемнің жеті кереметіне жататын нелер бар?
3. Гвинея елінің табиғат байлықтары?
4. Судан халқы қандай кәсіппен айналысады?
5. Нигерия қандай ел, халқы қандай кәсіппен шұғылданады?
6. Кения жерінің табиғаты қандай
дақылдар өсіруге қолайлы?
7.Оңтүстік Африка Республикасы туралы не білесіңдер?
Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.
2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.
3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.
Сабақ №16
Сабақ түрі: лекция
Лекция№16
Тақырыбы: Солтүстік Америка елдері.
Сабақтың жоспары:
Солтүстік Американың жер бедері
Климаты, топырағы
Ішкі сулары
Сабақтың мазмұны:
Солтүстік Америка (ағылш. North America, фр. Amérique du Nord, ис. América del Norte, Norteamérica, Үлгі:Lang-nah) — батыс жарты шардағы құрлық. Жер аумағы 20,36 млн. км² (аралдарымен қоса есептегенде 24,25 млн. км2). Тұрғыны 476 млн. адам (2000). Солтүстік Мұзды мұхит (құрлыққа тереңдеп еніп жатқан Гудзон шығанағымен), Атлант (Мексика шығанағымен) және Тынық мұхитпен (Калифорния шығанағы) қоршалған. Ірі аралдары: солтүстігінде Гренландия, Канаданың Арктикалық топаралы, батыс жағалауында Алеут, Александр топаралдары, Ванкувер, Шарлотта патшайым; шығысында Вест-Индия, Ньюфаундленд, т.б. аралдар бар. Iрі түбектері: Бутия, Мелвилл (солтүстігінде), Лабрадор, Флорида (шығысында), Юкатан (оңтүстігінде), Аляска, Калифорния (батысында).
Солтүстік Американың шеткі нүктелері:
Солтүстігінде Мерчисон мүйісі (71°51' с.е.),,
Оңтүстігінде Марьято мүйісі (7°12' с.е.)
Батысында Принц Уэльс мүйісі (168°б.б.),
Шығысында Сент-Чарльз мүйісі (55°40').
Жер бедері.Құрлықтың беткі құрылысы әр түрлі: бат-н Кордильера тау жүйесі, шығ-н кең алқапты жазықтар мен орташа биіктіктегі таулар алып жатыр. Батыс бөлігінің орташа биікт. 1700 м, шығысында 200 – 300 м, құрлық бойынша 720 м. С. А-ның ең биік жері – Мак-Кинли шыңы (6193 м), теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жері – Ажал аңғары (–85 м). Солт. және солт.-шығысында Лаврентий қыраты (300 – 600 м), оңт-ке қарай Орталық жазық (200 – 500 м) орналасқан. Бат-ндағы Ұлы жазық (500 – 1500 м) солт-ндегі Макензи ойпатына жалғасады. Орт. жазық шығ-нда Аппалач тауларына тіреледі. Кордильера тау жүйесі солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай созыла орналасқан бірнеше доға тәрізді тау жоталарынан тұрады. Шығыс доға Брукс, Макензи, Элберт және Шығыс Сьерра-Мадре тау жоталарын біріктіреді. Бұл жоталар батысқа қарай Жағалық жоталар, Юкон, Колумбия, Колорадо, Үлкен Алап, т.б. үстірттер мен оңт-ндегі Мексика таулы қыратына ұласады. Бір-бірінен тау жоталары мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген.
Геологиясы.Құрлықтың геол. негізі – Солт. Америка платформасы. Бұл ең көне құрылым каледондық (құрлықтың солт.-шығысы, Гренландия, Ньюфаундленд аралдары, Солт. Аппалач), герциндік (Оңт. Аппалач, Уошито жотасы, Канаданың Арктик. топаралы), мезо-кайнозойлық (Кордильера) құрылымдармен қоршалған. Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы жағалауларындағы мезо-кайнозойдың қалың шөгінділерімен жабылған ойпаттар осы платформалардың плиталары болады. Плейстоценде бүкіл Солт. Американың солт. бөлігін Тынық мұхитынан Атлант мұхитына дейінгі 14 млн. км2 жерді мұздықтар басты. Платформаның мейлінше тұрақты бөлігі – Канада қалқаны (7 млн. км2) кембрийге дейінгі кристалды тау жыныстарынан (гранит, гнейс) тұрады. Платформаның шөгінді беткі қабаты палеозой, мезозой және кайнозойдың континенттік жыныстарымен жабылған. Іргетас аум-нда бірнеше антеклизалар мен синеклизалар бар. Кен байлықтары. Кен байлықтарының негізгі бөлігі Канада қалқаны мен Кордильера тау жүйесінде шоғырланған. Жоғ. көл мен Лабрадорда ірі темір кендері, платформаның шөгінді жыныстарында мұнай мен газдың, тас көмірдің мол кендері бар. Кордильерада алтын, күміс, мырыш, қорғасын, молибден, вольфрам, Колорадо үстіртінде уран, Аппалач тауларында тас көмір мен темір кентасы, Сеңгір таулардың палеозой шөгінділерінде фосфорит, төм. мезозойда уран кендері бар. Мексика шығанағы жағалауында, Калифорнияда, Оңт. Аляскада, Ұлы жазықтың солт-нде мұнай мен газдың ірі кен орындары шоғырланған.
Климаты
С. А. қиыр солт-те арктикалық белдеу мен оңт-нде субэкваторлық белдеулер аралығында орналасқан. Батыс және шығыс жағалауының климаты мұхиттық, ішкі аудандарында – континенттік. Арктик. климаттық белдеуге Солт. Мұзды мұхит суымен қоршалған аймақ кіреді; бұл өңірдің климаты қатаң, жауын-шашынды. Субарктик. климаттық белдеудің батыс бөлігінің жауын-шашыны мол, қысы жылы, жазы салқын. Қоңыржай климаттық белдеу (40° с.е-тен солт-ке) жұмсақ, өте ылғалды (бат-нда), қоңыржай континентті (шығ-нда). Субтропиктік климаттық белдеу жұмсақ жерортатеңіздік типке жатады. Калифорния түбегі мен Мексика таулы қыратының орт. бөлігі тропиктік климаттық белдеуде жатыр. Субэкваторлық климаттық белдеуге жататын Орт. Американың оңт. бөлігінің климаты тұрақты ыстық, жазы ылғалды, қысы құрғақ келеді. Қаңтардың жылдық орташа темп-расы –36°С-тан (солт-нде) 20°С-қа дейін (оңт.) артады. Ең төм. темп-ра – 64°С (Аляска мен Канаданың солт.-батысында) және – 70°С (Гренландияда) байқалды. Шілденің жылдық орташа темп-расы – 4°С-тан (солт.) 32°С-қа дейін (оңт.). Ең жоғ. темп-ра – 56,7°С Ажал аңғарында (Батыс жарты шардағы ең жоғ. көрсеткіш) байқалды. Жылдық жауын-шашын мөлш. Аляска мен Канаданың батыс жағалауы мен АҚШ-тың солт.-батысында 2000 – 3000 мм, құрлықтың оңт.-шығысында 1000 – 1500 мм, Орт-ндағы жазықтарда 400 – 1200 мм, ішкі үстірттерде 100 мм, Калифорния түбегінде 100 – 150 мм-ден аспайды.
Iшкі сулары.Солтүстік Америка жер беті ағын суларына бай. Солтүстік Америка құрлығын жүздеген өзендер мен өзен салалары бөліп жатыр.Солтүстік Америкада ішкі су жолдары өте жақсы дамыған. Бұл құрлықтың басты өзендері Арканзас,Бразос,Черчил,Колорадо,Колумбия,Фразер,Маккензи,Миссисипи, Миссури,Огайо,Қызыл өзен,Әулие Джон,Рио Гранд,Әулие Лоренс және Юкон өзендері.[1] Мұнда дүние жүзіндегі ең ұзын өзен жүйесі (Миссисипи және Миссури) мен тұщы судың көп шоғырланған аймағы (Ұлы көлдер) орналасқан. Миссисипидің ұзындығы 3765 шақырым.Миссисипи-АҚШ-тағы су көлігінің маңызды күре жолы. Миссисипсді оның негізгі екі саласы-Миссури мен Огайомен қосқанда,әлемдегі үшінші үлкен өзен жүйесіне айналады. Канаданың ең ұзын өзені Маккензи- Солтүстік Америкадағы екінші ұзын өзен. Миссури Жартасты таулардағы оңтүстік Монтанадан бастау алып,алдымен солтүстікке қарай ағады да,сосын оңтүстік-шығысқа қарай бұрылып,Миссисипи өзеніне қосылады.Ол- Солтүстік американың ең ұзын өзені. Рио Гранд өзені де-ұзын өзендердің бірі.[2] Бұндағы өзендердің орташа жылдық ағын мөлш. 8200 км3. Құрлықта өзен торы біркелкі таралмаған. Өзендердің көпшілігі (Миссисипи, Рио-Гранде, Әулие Лаврентий, т.б.) Атлант мұхиты алабына жатады. Тынық мұхиты алабындағы өзендер (Юкон, Колумбия, Колорадо, т.б.) қысқа, суы мол болып келеді. Солт. Мұзды мұхит алабындағы өзен торлары толық жетілмеген, көлдер мен батпақтар көп. Ірі өзен жүйесі – Финли – Пис-Ривер – Еріксіздер – Макензи. Құрлықтың мұз басқан солт. бөлігі мұздық-тектоник. көлдерге бай: Ұлы көлдер, Виннипег, Виннипегосис, Манитоба, Үлкен Еріксіздер көлі, Үлкен Аюлы көлі, Бұғылы көлі, т.б. орт. Америкада (Никарагуа қолатында) ірі тектоник. көлдер – Никарагуа және Манагуа орналасқан. Үлкен Алап үстіртінде ылғалды плейстоцен дәуірінен қалған Үлкен Тұзды көл бар. Жағалық ойпаттарда лагуналық, Кордильерада жанартаулық көлдер кездеседі.
Топырағы.Арктик. және тропиктік белдеулер аралығындағы топырақтың барлық түрі кездеседі. Канаданың Арктик. топаралына тундралы арктик. және тундралы-глейлі топырақ тән. Алясканың бат., Алеут аралдарының жанартаулық күлдерін шымтезекті субполюстік топырақ жапқан. Лабрадор түбегінің оңт-нде иллювийлік – темірлі-шірінділі күлгін топырақ, Лаврентий қыратының оңт.-батысында және Ұлы жазықтың солт-нде шымды-күлгін топырақ таралған. Қоңыржай белдеудің оңт. мен субтропикте біркелкі топырақ субмеридиандық бағытта немесе жинақталған массивтер түрінде таралған. Ұлы көлдер мен Солт. Аппалач аудандарында орманның қоңыр топырағы таралған. Орт. жазықтың солт.-батысында прерияның қара топырақ тәрізді қышқылы аз, шіріндісі мол топырағы Ұлы жазықтар шекарасында қара топырақпен алмасады. Ұлы жазықтар мен Колумбия үстіртінде қызыл қоңыр топырақ кең өңірді алып жатыр. Үлкен Алап аймағында сортаңмен араласқан шөлейттің сұр топырағы, құрлықтың ылғалды оңт.-шығыс бөлігіндегі теңіздің сазды және құмдақты тұнбалары үстінде құнарлы қызыл және сары топырақ басым келеді. Миссисипидің бат-нда субтропиктік прерияның қызғылт қара, бұталы даланың сұр топырағы, Мексика таулы қыратында сұр, субтропиктік шөл, Калифорния түбегінде тропиктік шөл топырақтары таралған. Кордильера беткейлеріне әр түрлі тау топырағы, ылғалды бөлігін таудың сұр топырағы, құрғақ өңірін таудың қоңыр топырағы алып жатыр.
Өсімдігі.с.е-тен оңт-ке қарай субтропиктік ормандарға ұласады: шығ-нда мәңгі жасыл аралас орман және бат-нда мәңгі жасыл қылқан жапырақты орман таралған. Ұлы көл ауданы мен Солт. Аппалач өңірінде аралас орман (сары қайың, қант үйеңкісі, шамшат, жөке, ақ және қызыл қарағай) өседі. Жалпақ жапырақты орман Аппалачтың оңт. мен Ұлы жазықтың шығыс бөлігін қамтиды. Мұнда еменнің америкалық түрлері, шамшат, ақ үйеңкі, жөке, шынар, қызғалдақ ағашы өседі. Тау беткейлерінде орманды алқап (800 – 2000 м) тау-тайгалық самырсынды-шыршалы орманға, жоғарыда субальпі және альпі шалғындарына ұласады. Құрлықтың орт. аудандарын орманды дала, дала, шөл және шөлейт алып жатыр. Орманды дала белдемі Кордильераның шығ-нда Ұлы жазықтың Канадалық бөлігі мен Орталық жазықтың бат-нда жатыр; биік шөптесін өсімдіктерден тұратын шалғынды дала мен емен ағашынан тұратын сирек орман кезектесе орналасқан. Дала белдемі Ұлы жазық, Колумбия үстірті және Калифорния аңғарын қамтиды. АҚШ-тың Ұлы жазығы боз шалғын және бидайықты даладан, қалған бөлігі бизон шөбі, сС. А-ның басым бөлігі Голарктик., оңт. бөлігі Неотропиктік флоралық әлемге жатады. Канаданың Арктик. топаралының солт. мен Гренландияда мүк пен қынадан тұратын арктик. шөл, арктик. тундра басым; топаралдың оңт-н тундра белдемі алып жатыр. Лабрадордан Макензи тауына дейін ені 100 – 200 км өңірмен орманды тундра табиғат белдемі өтеді. Бат-нда орманды тундра мұхит жағалауының шалғынымен алмасады. Орман белдемі құрлық аум-ның 1/3-ін қамтиды. Қоңыржай белдеудің орманы: тайга, Тынық мұхит жағалауының қылқан жапырақты орманы, аралас және жалпақ жапырақты орман болып бөлінеді. Тайга негізінен қара және ақ шырша, америка балқарағайы, бальзамды майқарағайдан тұрады. Кордильера тауларының Тынық мұхит жағалауындағы ормандарда негізінен биік ағаштар: ситхин шыршасы, дуглас майқарағайы, батыс туясы және қарағайдың бірнеше түрлері өседі. Қылқан жапырақты орман 40елеу, т.б. астық тұқымдас аласа шөпті құрғақ даладан тұрады. Шөлейттер мен шөлдер Үлкен Алапты, Колорадо үстіртінің шығыс бөлігін және Мексика шығанағының солт.-батысын (субтропиктік шөлдер) алып жатыр. Астық тұқымдас жусанды өсімдіктермен қатар суккуленттер (ағаш тәрізді кактус, алоэ, юкка, т.б.) басым өседі. Мексика таулы қыраты мен Флориданың оңт-нде, Орт. Америка және Вест-Индияны тропиктік ормандар алып жатыр. Лиана шырмалып өскен алып ағаштар мен бамбуктен тұратын ылғалды мәңгі жасыл ормандар емен, жөке, магнолия, т.б. жапырағын түсіретін ағаштардан тұратын ауыспалы ылғалды орманға өтеді. Тау жоталарының жел жақ беткейлерінде тропиктік саванна, жағалық ауданда мангр орманы өседі.
Бақылау сұрақ-тапсырмалары:
1. Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктері бар?
2. Солтүстік Америка материгінің экваторға, меридианға қатысты орны.
3. Солтүстік Америка материгі ежелгі қай материктің құрамында болды?
4. Материкті қандай мұхиттар шаяды, олардың материк табиғатына ықпалы бар ма?
5. Материктің абсолют биіктігін атаңдар.
6. Жер бедерінің негізгі ерекшеліктерін ата.
7. Материкті қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?
8. Материк өзендерінің неше алабы бар? Оларды ата.
9. Тайга зонасы қандай климаттық белдеуге сәйкес келеді?
10. Материкті ашқан саяхатшының есімі кім?
Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова. География. Общий обзор мира. Страны СНГ. 10 класс. Учебник.- Алматы: Мектеп, 2014-320с.
2.А.С. Бейсенова, К.Д. Каймулдинова, С.А. Абилмажинова.Ж.Д.Достай. География Региональный обзор мира. 11 класс. Учебник.-Алматы: Мектеп. 2015-368с.
3.В.П.Максаковский. Экономическая и социальная география мира. 10класс. Учебник.-Москава: Просвещение. 2012. – 397с.
Сабақ №17
Сабақ түрі: лекция
Лекция №17
Сабақ тақырыбы: Латын Америка елдері.
Сабақ жоспары:
Достарыңызбен бөлісу: |