ОәК төрағасы Ж. Антихович


Практиканы қорытындылау тәртібі



бет11/13
Дата11.05.2022
өлшемі228 Kb.
#142254
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
МУ произ пед практики каз 04.03.2022

5 Практиканы қорытындылау тәртібі
Практика соңында барлық есеп құжаттарын практика жетекшісіне (кафедрадан және педагогика кафедрасынан) тапсыру керек.
Практика соңында студент комиссия мүшелері алдында практика есебін қорғайды.
Студенттің практика бойынша есебін қорғауға жіберілуінің негізі бағдарламаға сәйкес практика бойынша толық әзірленген есеп болып табылады. Есеп жеке, талаптарға сай рәсімделіп, практика біткен соң келесі апта ішінде тапсырылуы қажет.
Есептерді қорғау үстінде комиссия мүшелері практика бағдарламасын толық орындалуын анықтайтын сұрақтар студентке қойылады.
Практика есебін қорғау мен тексеру нәтижесінде студент оқу жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесі бойынша дифференциалды сынақты (бағаны) алады.
Бағалау кезінде орындаған практика барысында студент орындаған жұмыстар сапасы; студенттің күнделігі және практика бойынша есепті рәсімдеуі; практика жетекшілерінің пікірлері есепке алынады. Практика бойынша баға тізімдемеде (ведомость), студенттің сынақ кітапшасында және транскрипте тіркеледі.
Практика нәтижелерінің бағасы төмен болған жағдайда комиссия оның себептерін талдайды. Сонымен қоса, комисся мыналарды есепке алады:
есептің толығымен болмауы (мысалы, міндетті есеп құжаттарының болмауы);
студенттің практикаға бейжай қарауы;
практика өту орнында тәртіп бұзушылықтың орын алу фактілері.
Анализ қорытындылары бойынша комиссия келесі ұсыныстарды дайындауы мүмкін:

  • практиканы қайтадан өту;

  • студенттер арасынан шығару.

Практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір немесе есепті қорғау барысында қанағаттанарлықсыз баға алған студент оқудан бос кезде практикаға қайтадан жіберіледі. Сонымен қоса, оқу жоспарымен белгіленген практиканың ұзақтығы сақталады.
Кәсіптік практика бойынша есепті қорғау барысында қанағаттанарлықсыз баға алған студент мемлекеттік емтихандарға жіберілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет