ОәК төрағасы Ж. Антихович


Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық)



бет13/13
Дата11.05.2022
өлшемі228 Kb.
#142254
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
МУ произ пед практики каз 04.03.2022

Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық)
жоспар ____________пәні___________сыныбы
Барлығы:____сағат, аптасына:___сағат

№р/с

Бөлім/Ауыспалы тақырыптар

Сабақтың тақырыбы

Оқу мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

І тоқсан














































ІІ тоқсан














































ІІІ тоқсан














































ІV тоқсан

























Қосымша 2
Сабақтарды бақылау парағы (сабақтың бейнежазбасына жол беріледі)

Сабақты бақылау күні:

Баланың тобы немесе жасы:

Диагноз:

Пәні: Тақырып:

Педагог:

Бақылаушы:



Бақылау элементтері

Белгі (v)

1.

Күтілетін нәтижелер:




2.

қойылған мақсаттарға сәйкес




балалардың жас ерекшеліктерін және баланың (балалардың)даму бұзылыстарының айқындылық дәрежесін ескереді




баланың (балалардың)дамуының бұзылуын түзетуге бағытталған




3.

Сабақты жоспарлау кезінде баланың (балалардың)жеке ерекшеліктері мен жақын даму аймағы ескерілді




4.

Мұғалім тапсырмаларды орындау үшін психологиялық көзқарасты қолданады




5.

Дағдыларды қалыптастыру кезінде педагог мыналарды ескереді:




бұзушылық




баланың жасы




баланың максималды мүмкіндіктері мен қабілеттері




баланың даму деңгейі




пәндік орта (кабинетте және үйде)




6.

Сабақ барысында педагог:




дидактикалық материалдар мен АКТ ресурстарын пайдаланады




нәтижелерге қол жеткізу үшін дайын компьютерлік бағдарламаларды пайдаланады




өзінің әдістемелік құралдарын, бағдарламаларын қолданады




7.

ата-аналарды оңалту процесінде бірлесіп жұмыс істеуге тартады




8.

Мұғалім баланы тапсырмаларды орындауға ынталандырады




Қосымша бақылау элементтері

10.







11.







12.










Кері байланыс және ұсыныстар:

Бақылаушы: ________________________________________________________
Қолы, Т.А.Ә (болған жағдайда)
Қосымша 3


Оқушының психологиялық-педагогикалық мінездемесі


1. Жалпы мәлімет: сынып, жасы, физикалық дамуы мен денсаулық жағдайы.
2. Педагогикалық ұжыммен, жеке мұғалімдермен қарым-қатынасының қысқаша сипаттамасы, сынып ұжымындағы өзара қарым-қатынас.
3 Қарым-қатынас шеңбері:

  • сынып ұжымындағы қарым-қатынас шеңберінің кеңдігі;

  • адамдардың әр түрлі категорияларымен қарым-қатынас жасау сипаттамасы (үлкендермен, құрдастарымен, кішкентайлармен).

4. Оқу іс-әрекетінің ерекшеліктері:

  • оқу іс-әрекетіндегі жетістіктер;

  • оқу іс-әрекетінде көрінетін тұлға сапасы: белсенділік, қайсарлық, дербестік, ұқыптылық, кітаппен жұмыс істей білуі және т.б.;

  • оқу түрткілері.

5. Мінез-құлық (мектептегі оқушының тәртібі, мінез-құлық түрткілері).
6. Танымдық үдерістердің даму деңгейі (қабылдау, зейін, ес, ойлау, сөйлеу, елестету).
7. Эмоционалдық-еріктік саланың сипаттамасы:

  • эмоция мен көңіл-күйдің басымдылығы;

  • еріктік өзін-өзі реттеудің деңгейі мен тұлғаның еріктік қасиеті, өзін-өзі тәрбиелеуге деген қарым-қатынас.

8. Бақылау әдісі бойынша темпераменттің басым түрі анықталады.
9. Мектеп оқушысының қабілеттері мен кәсіби қызығушылықтарының сипаттамасы.
10. Жалпы қорытындылар (бала туралы өзінің пікірі, мінездемеде көрсетілмеген мәліметпен толықтыруға болады; балаға тілек – тұлғаның ары қарай дамуы мен тәрбиелеу жолы).
Ескерту. Психологиялық-педагогикалық мінездеме жоғарыда көрсетілген пунктерден басқа да мәліметерді қамтуы мүмкін (егер олар берілген оқушыға тән, оны сипаттайтын болса).
Мінездеменің үстіңгі жағында оның атауы көрсетіледі, мысалы, «Павлодар қ. №1 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Ахметов Санатқа университет (университет атауы) мамандық (мамандық атауы) курс (курс саны) студенті С.А.Ибраевпен құрастырылған психологиялық-педагогикалық мінездеме».
Төменде мінездеме құрастырылған күні қойылады. Мінездеме текстінің соңында студент өзінің қолтаңбасын қояды.
Мінездеме формасы (текст) ұсынылған мінездеме шеңберіне қарай ерікті болуы мүмкін. Жалпы қорытындыда мектеп оқушы тұлғасының артықшылығы мен кемшіліктерін қысқаша жинақтап қорытуы қажет.
Практика соңына дейін студент сынып жетекшісін өзі құрастырған оқушы мінездемесімен таныстырады. Сынып жетекшісі мінездемені қолтаңбасымен куәландырады.

  • Қосымшы 4



Сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық мінездемесі

  1. Сынып жайында жалпы мәлімет: сынып құрамы, сынып

белсенділері, сыныптың үлгерім көрсеткіші, сыныптың ұжым ретінде пайда болған уақыты, тұрақтылық, сынып жетекшілерінің ауысуы, тәртіптілік және т.б.

  1. Сыныптың ұжым ретіндегі ұйымдастырушылық құрылымы:

оқушылардың ұжым ішіндегі тұлғааралық қатынастарының сипаттамасы, сайланған сынып белсендісінің (егер болса) мінездемесі және оның қызмет мазмұнының (бастамашылдық, беделділік, өзіне талап қоюшылық, қызметтерді бөлу дұрыстығы) сипаттамасы. Сыныптың ресми емес сынып белсендісі және оның ресми сынып белсендісімен өзара қарым-қатынасы.

  1. Сынып ұжымы педагогикалық ықпалдың объектісі ретінде

а) мұғалімдердің сыныпқа қоятын педагогикалық талаптарының ынтымақтастығы және сынып қызметінің нәтижесінде көрінетін олардың тиімділігі: оқу жетістіктері, қоғамдық белсенділік, сыныпты ұйымдастыру (тәртіптілік), әлеуметтік-құндылықты қоғамдық көзқарастың болуы, сыныптың оқудан тыс қызығушылығы мен бейімділігінің әлеуметтік маңыздылығы мен кеңдігі;

  • б) сынып жетекшінің сынып ұжымын өмірлік іс-әрекетін жалпы ұйымдастырудағы педагогикалық ықпалының рөлі;

  • в) сынып жетістіктеріндегі сынып белсендісінің рөлі.

4. Сынып ұжымы іс-әрекет субъектісі ретінде (мұғалімдердің талаптарын меңгерулері бойынша):
а) оқушылардың жалпы даму деңгейі, олардың қызығушылықтары, ой-өрісі, сыныптың басым қызығушылықтарының анализы, оқу жұмысында көрсететін жағымды және жағымсыз жақтары;
б) сыныптың оқу әрекетінің негізгі түрткілері, қызметтің басқа түрлеріндегі түрткілер мен қызығушылықтардың сипаттамасы (еңбек, спорттық, техниқалық және т.б.);
в) сыныптың қоғамдық өмірі:

  • сыныптың оқиғаларға, әдебиетке, өнерге, спортқа және т.б. деген қызығушылықтары және сол қызығушылықтарды көрсету формалары (әңгіме, театрға бару, кино, пікірталас және т.б.);

  • сыныптағы қоғамдық пайдалы жұмыс (нақты түрлері, формасы мен нәтижелері);

  • сыныптың қоғамдық өмірге қатысуы;

д) сыныптың мұғалімдерге, сынып жетекшісіне, әкімшілікке деген қарым-қатынасы, мұғалімдердің беделі, берілген сынып үшін педагогикалық басшылықтың қолайлы стилі мен оқушыларға деген жеке тәсілді жүзеге асыру;
5. Сыныптың ұжым ретіндегі психологиялық ынтымақтастығы
Сыныптың топтық ауызбірлігінің, эмоционалды бірлігінің көрсеткіші және олардың анализы.
Ескерту. Сыныпты зерттеу барысында алынған мәліметтер негізінде ұжымдағы негізгі жағымды және жағымсыз жақтары қалыптасады. Сынып жетекшісі сынып ұжымының мінездемесін қолтаңбасымен куәландырады.
Қосымша 5
Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасы
Тапсырмаларды орындау үшін бір мұғалімнің 4-6 сабағына қатысу керек. Бір мұғалімнің әр түрлі сыныптардағы сабағына қатысу керек.
Мұғалімнен алдын ала сабаққа қатысуға рұқсат алу қажет.
Мұғалімнің рұқсатымен сабағына қатысу барысында сабақтағы мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың стильдік ерекшеліктері зерттеліп, талданады: қарым-қатынас стилінің жалпы сипаттамасы, мұғалімнің сөйлеу және вербалды емес жүріс-тұрысы, оның педагогикалық әдепі мен ырғағы, оқушыларға әсер ету әдістері.
Сабақ барысында үлгі бойынша бақылау парағы жүргізіледі:
Күні_______________________________________________________
Сынып______ сабақ № (кесте бойынша) __________________________
Мұғалім____________________________________________________
Тақырыбы____________________________________________________
Бақылау мақсаты: (мысалы, вербалды емес жүріс-тұрысы) ___________



Негізгі кезеңдер мен сабақ барысы

Бақылаулар, ескертулер

Дидактикалық және ұйымдастырушылық тапсырмаларға сәйкес сабақтың кезеңдері көрсетіледі (ұйымдастырушылық кезең, мақсатты тұжырымдау, үй тапсырмасын тексеру, өткен материалды көкейкестендіру, қайталау, жаңа материалды зерттеу, алғашқы тексеріс, оқығанды меңгеру, бекіту, қолдану, жалпылау, бақылау, үй тапсырмасы туралы ақпарат, сабақты қорытындылау).

Қарым-қатынастың жеке сипаттамасы (стильдің түрлері) бейнеленеді

Әрбір сабақта төменде келтірілген шкаласын пайдаланып қарым-қатынас үдерісінің жеке ерекшеліктері бағаланады, және де әр сабақта қарым-қатынастың біреуін зерттейді.
Сабақтардағы бақылаудың мазмұны:
0 сабақ (байқау) – төменде келтірілгін мінездемелердің барлығы бақыланып, «Ескерту» бағанасына жазылады.
1 сабақ – стильдердің жалпы сипаттамасы, мұғалімнің темпераменті.
Сипаттау үшін студент кез келген классификацияны қолдануына болады. Егер де қарым-қатынас стилі либералды, демократиялық, авторитарлық болып анықталса, бақылау және талдау үшін келесі ұсыныстарды пайдалануға болады:
а) демократиялық стиль. Бақыланады: бірігіп іс-әрекет етуге түрткі болу, жауапкершілікті бөлі «өкілеттіктерді табыстау», сөйлеп тұрған адамға деген құрмет, диалогты ұйымдастыру. Сөйлеуде – БІЗ есімдігінің, «Ал, бірге ...», «Кім басқаша ойлайды...», «Сіздер қалай ойлайсыздар?» және т.б. тіркестерінің басымдылығы.
б) авторитарлық стиль. Бақыланады: бұйрықты интонация, монолог, жеке-дара жауапкершілікке ұмтылу. Сөйлеуде – МЕН есімдігі, «Мен санаймын...», «Тыңдау!», «Жазыңдар» тіркестерінің болуы.
в) либералды стиль. Шақырулардың, өтініштердің басымдылығы, оқушылармен қарым-қатынаста қашықтықты қысқарту – әзілдесу, біреудің есебінен нығаю талпыныстары, оқушылармен ұқсастығын көрсету (демонстрация), жауапкершілік оқушыларға артылады, педагогикалық әдепті бұзушылық кездеседі. Сөйлеуде – жастар сленгін қолдану.
г) айнымалы – әдеттегідей белгілі мақсатқа бағынбайтын барлық стильдердің сипаттамасын үйлестіреді, стильдердің ауысуы жағдайға байланысты апатты түрде болады.
Темпераментті анықтау мен сипаттау үшін психология оқулықтарының көмегіне жүгіну керек.
2 сабақ – сөйлеу мінез-құлығы.
«Ескерту» бағанасында мұғалімнің барлық қақпа сөздері жазылып, сөйлеуді сипаттайтын жазбалар жазылады. Ол үшін: дауыстың сипатын анықтау – күші, дауыс ырғағы, дауыстың жоғарылығы; сөйлеу ерекшеліктері – темп, интонациялық икемділігі, мәнерлілік, кідірісті қолдануы, дикцияны анықтауға болады. Бақылай отырып, мұғалімнің сөзі қаншалықты түсінікті, дұрыс, қолжетімді, жинақы, қисыны бар екенін, лексикалық сөз қорының байлығын, жаргон сөздерін қолдануын анықтау қажет.
3 сабақ – вербалды емес мінез-құлығы.
«Ескерту» бағанасында сабақтың ым-ишара суретін бейнелейді (барлық ымдар, бет қимылы, мұғалімнің дене қозғалысы). Бақылай отырып, мұғалімнің жиі қолданатын ым-шараларын анықтау қажет (көрсеткіш, бейнелейтін, көмекші, қолдау, қауіп, тыйым салу) және олардың қаншалықты орындалғанын, қол сермеудің сипатын (белсенді, байқалмайтын, ұстамды) анықтау.
Мұғалімнің ым-ишарасын, бет қимылын сипатттау. Қандай жағдайда мұғалімнің беті қуаныш, ашу-ыза, реніш, өкініш, аяушылық, күту, назарды білдіреді. Бет қимылының айқындығына сипаттама беру (айқын, байқалмайды, жоқ).
4 сабақ - педагогикалық әдеп пен этикет.
Амандасу мен қоштасу жағдайының әдептілігін сипаттау. Әдептілік формулаларын қолдануын санау, олардың түрлерін сипаттау (өтініш, амандасу, қоштасу, кешірім сұрау, мақұлдау, өкініш, алғыс). Мұғалімнің балаларға қаншалықты әдепті екенін анықтау, әдепсіздік көрсете ме, кикілжің жағдайында өзін қалай ұстайды
5 сабақ – оқушыларға әсер ету тәсілдері.
Мұғалім сабақтағы тәртіптке қалай қол жеткізеді, өзінің пәніне деген қызығушылықты қалай қалыптастыратынын анықтау. Жеке және жанама әсер ету жолдарын сипаттау, олардың мақсаттылығын бағалау.
6 сабақ – оқушыларды бағалау тәсілдері.
Мұғалімнің бағалау, мақұлдау тәсілдерін сипаттау (ым-ишара, бет қимылы, сөз). Сапалы баға мен мадақтау қаншалықты жиі қолданады. Оқушылардың білімін бағалауда талаптардың тұтастығы сақтала ма. Оқу іс-әрекетін бағалауда тұтастық сақтала ма (бақылау сабағымен салыстырыңыз). Мұғалімнің жеке оқушылар мен сыныптарды бағалауда артық көруі бола ма.


Кесте 1 Сабақтағы қарым-қатынаста мұғалім мінез-құлығының стильдік ерекшеліктері



Жағымсыз

1

2

3

4

5

6

Орташа

Жағымды

1

Жай ғана тақырыпты хабарлайды, оқушыларды қызықтыруға тырыспайды






















Қызықтырады, тақырыпты біліктілікпен түсіндіреді

2

Талқылау барысын қадағаламайды, көп сөзділікке жол береді






















Тақырыптан ауытқымайды

3

Қайталауды бөле алмайды






















Айтылған қайталанса тоқтатады

4

Сабақ барысында қорытындылар жүргізбейді






















Сабақтың әр кезеңін қорытындылайды

5

Сабақты толық қорытындыламайды, қойылған мақсатпен оны салыстырмайды






















Сабақты дәлелді түрде қорытындылайды

6

Сөзді мым ерте бөледі, мұқият тыңдай алмайды






















Алдын ала бөлмей мұқият тыңдай алады

7

Селқос оқушыларды жеткілікті түрде белсендірмейді






















Селқос оқушыларды белсендіреді

8

Шиеленістердің алдын ала алмайды және оларды шеше алмайды






















Шиеленістің алдын алып, оны шеше алады

9

Барлық оқушыларды сабаққа араластырмайды






















Барлық оқушыларды сабаққа араластырады

10

Іскерлік ахуалды құра алмайды






















Іскерлік жағдайды қамтамасыз ете алады

11

Өзі көп сөйлейді, аз сұрайды және тыңдайды






















Пікірлерін сұрап, өзі қажет болғанда ғана сөйлейді

12

Дөрекі, әдепсіз, тұрпайы






















Әдепті, сыпайы, ибалы

Нұсқау:

  • бланк бір мұғалімнің сабақтарына қатысу барысында толтырылады;

  • бланктегі 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандары сабақтын нөмірін білдіреді;

  • қарым-қатынастың әрбір сипаты үшін бағалар тігінен қойылады (1 ден 7 баллға дейін);

  • егер де сабақтың сапасы әділ түрде бақыланса, 0 балл қойылады (мысалы, бақылау сабағындағы тыңдау сапасы, диктант жазғанда);

  • егер де сапа теріс бағаланса, 1 ден 3 баллға дейін бағалар қойылады, дұрыс 5 тен 7 баллға дейін;

  • соңғы бағанада 12 сипаттаманың әрбіреуі бойынша орташа арифметикалық сан саналады (барлық баллдарды қосып оны 6 бөлу);

  • егер де ойлаған сапа бақыланбаса, онда ол бағаланбайды (0 балл), бұл жағдайда орташа арифметикалық сан бар бағалардан алынады;

  • №8 пункте жоғары баллдар шиеленіс орын алмаған жағдайда қойылады.

Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасының жалпы анализы жеке бетте орындалып, сабақты бақылаудан алынған мысалдармен бірге барлық сабақтардағы қарым-қатынас сипаттамалары бойынша қорытындылардан тұрады. Жалпы анализдың соңында берілген мұғалімнің қарым-қатынас стилінің даралығына тән сипаты анықталады.
Қосымша 6


Практика бойынша студенттің есеп үлгісі


Студенттің ____________________________________практикасы бойынша
(практика түрі)
ЕСЕБІ
Студент ________________________________
_____ курс ________ тобы ____________________________ ЖМ
Ұйым ____________________________________________________
Мерзімі 20 _______ ж. __________ бастап _____________ дейін



  1. Практика барысында Сіз қандай оқу-тәрбиелік жұмыстарды орындадыңыз?

  2. Пратика жоспарын орындау. Жоспардан ауытқулар болды ма және себебі? Жоспардан тыс қандай жұмыстар орындалды?

  3. Сыныпта педагогикалық үдерістің жағдайы қалай зерттелді?

  4. Өткізілген сабақтар саны. Олардың қайсысы анағұрлым табысты болды және қайсысы қиындықтар туғызды? Не себепті?

  5. Сабақта оқытудың қандай дәстүрлі емес әдістер мен формалары қолданды?

  6. Сабақтарда оқушылардың танымдық әрекетінің жеке, топтық, ұжымдық формаларын ұйымдастыру кездесті ме?

  7. Практика кезінде қандай тәрбиелік мәселелер шешілді? Берілген балалар ұжымында тәрбиелік жұмыстардың қандай формалары анағұрлым тиімді әсер етті? Сәтсіз өткен тәрбиелік шаралар орын алды ма? Егер орын алған жағдайда оның себебі неде?

  8. Ата-аналармен жұмыс қандай формада өтті?

  9. Практика барысында Сіз қандай білік пен дағдыларға ие болдыңыз? Практика мұғалім жұмысында кездесетін қандай қиыншылықтарды анықтауға көмектесті? Кәсіби даярлықты шыңдау үшін Сіз алдынызға қандай мақсаттар қойдыңыз?

  10. Пратика туралы жалпы қорытындылар. Сіздің педагог ретінде қалыптасуыңыздағы оның маңызы. Практиканы жетілдіру мен ұйымдастыру бойынша Сіздің ұсыныстарыңыз.



Студент-практикант ____________ _____________________
(қолы) (аты-жөнінің бірінші әріптері мен тегі)
Практик жетекшісі ___________ _____________________
(қолы) (аты-жөнінің бірінші әріптері мен тегі)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет