2.Секреторлық – тамақ түйірінің өтуін жеңілдететін шырыш өндіру.
3.Тосқауылдық-қорғаныштық
Дамуы. Өңештің эпителиі- алдыңғы ішектің энтодермасында орналасқан прехордиальдық табақшадан, қалған қабаттары оны қоршаған мезенхимадан түзіледі. Бүкіл ұрықтық кезеңде көптеген өзгерістерге ұшырайтын өңеш эпителиінің дамуы туралы мәселе ерекше қызығушылық тудырады. Бастапқыда өңештің эпителиальдық жабуы бір қабатты призмалық эпителий түрінде болады. 4 апталық ұрықта ол екі қабатталады. Бұдан кейін эпителийдің қарқынды өсуі байқалып, ол өңеш саңылауының толық бітелуіне алып келеді. Жайылы өскен эпителий жасушалары әрі қарайыдырауға ұшырап, өңештің саңылауы тағы да ашылады. Құрсақішілік дамудың 3-ші айына таман өңеш көп қатарлы жыбырлағыш эпителиймен жабылады. 4-ші айдан бастап жыбырлағыш жасушаларды бірте-бірте құрамында гликогені бар жазық жасушалары алмастырады. 6-шы айдан өңештің эпителиі көп қабатты жазық болады. Жаңа туған балаларда эпителийде жыбырлағышжасушалардың аралшықтары кездесуі ықтимал. Ересектерде бұл жасушалар сирек жағдайларда тек шырышты бездердің өзектерінде ғана сақталады. Эпителийдің бір түрінің екіншісіне алмасуының себептері әлі анықталған жоқ.