Smart технологиялар.
Smart technologies.
Ақпараттық жүйелер және технологиялар адам қызметінің барлық салаларында инновациялық даму мақсатында серпінді қалыптасуда. Соңғы уақытта ақпараттық қоғам келесі деңгейге көшіп эволюцияға ұшырайды деп пайымдауға барлық негіз бар, ол Смарт-қоғам.
Смарт - қоғамда оқытудың дәстүрлі үлгісінен, яғни, e-learning-тен көшіп, одан кейін smart-білім беру деп көзделеді. Бұл білім беру мекемелерінің рөлі «Біліммен қамтамассыз етумен» шектелмейді, студенттердің өз тәжірибесі мен дағдыларын қамту үшін жақсы жағдай жасау. Осыған орай, оқытушының негізгі функциясы «Дайын материалды» беру емес, ақпараттық және компьютерлік технологиялар мен әлемдік ақпараттық ресурстардың сапалық навигациясы болып табылады. Smart-білім студенттерің жаңа білімді дамытып, смарт-адам тұлғасын қалыптастыру, ақпараттық-компьютерлік технологиясымен ақпараттарды іздеу, өңдеу, талдау және инновация қалыптастырумен ерекшеленеді.
Электрондық білім беру технологиялар даму қарқыны мен деңгейі жаңа әлемдік феноменге жол ашты ол smart-education. Бұл инновациялық технологиялық шешімдердің жүйесі ғана емес, сондай-ақ білім берудің жаңа философиясы. Смарт-технологияларды пайдалану білім беру жүйесі үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды, оның негізінде:
- Халықаралық білім беру кеңістігінде білім беру мекемелерінің интеграциясы;
- Қосымша студенттер санаттарын қамтиды, соның ішінде шетелдік те бар;
- Жаңа құралдар мен инновациялық білім беру технологияларын пайдалану;
- Оқытушыларға, оқыту және бағалау үшін жаңа нұсқаулар құрастыру;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын нығайту;
- Әкімшіліктік және басқарудың тиімді модельдерін енгізу.
Ақпараттық технологиялар академиялық білімді басқаруға өз септігін тигізеді; жоғары оқу орындарын басқаруын ақпараттандыру; білім беру сапасын қадағалап басқарудың заманауи жүйесін құру; білім беру кластерлерін құру арқылы білім беру саласын, ғылым мен инновацияны интеграциялау. Сонымен қатар, технологиялар шағын кәсіпорындарының инновациялық көлемін арттырады. Бұл колледждер мен жоғары оқу орындарының замануи бағытта ғалымдардың ғылыми басылымдарын жариялау белсенділігін арттырады; колледждер мен жоғары оқу орындар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. Бұл еңбекақы жүйесіндегі өзгерістер, жұмысқа қабылдау ережелер мен рәсімдер, оқытушылар мен ғылыми зерттеушілерді бағалау үшін жаңа механизмдерді енгізу арқылы жүреді.
Smart технологиясы оқу бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қолданылады, ол тек қана оқыту үрдісін құралдық технология бойынша жүргізу емес, сондай-ақ инновациялық оқу бағдарламалар мен пәндерді қамтиды. Сонымен қатар, Smart технологиялар оқу-әдістемелік материалдарды жаңаша құрастырып әзірлеуге, сондай-ақ студенттерді белгілі бір бағытта оқытуға мүмкіндік береді.
Smart білім беру дегеніміз – үлкен көлемдегі әр түрлі білім ресурстарының (аудио, видео, графика) тыңдаушыға қажетінше оңай әрі жылдам, ыңғайлы түрде берілуі болып табылады. Сонымен қатар Smart білім беру оңай басқарылатын және әрдайым сыртқы білім ресурстарымен толығып отыратын болуы тиіс.
Smart education немесе ақылды білім беру – бұл ыңғайлы түрде интерактивті ортада жүзеге асырылған әлемдік деңгейдегі қолжетімді контент арқылы білім беру болып табылады. Smart education түсінігінің негізі ол кең ауқымды қол жетімді білім ресурстары.
Smart education барлық білім беру үдерістерін және осы үдерісте қолданылатын барлық әдістер мен технологияларды түгелдей жаңаруын жүзеге асырады және де ақылды тақта, ақылды экран, кез-келген жерден интернетке қосылу сияқты жаңа технологиялардың туындауына себеп болады. Осы пайда болған жаңа технологиялар контентті жасақтап, жүйелеп, пайдаланушыға жеткізеді. Соның арқасында білім беруді жүзеге асыру тек сыныпта ғана емес, кез-келген жерде: үйде немесе мұражай, кафе сияқты қоғамдық жерлерде де мүмкін болады. Яғни білім беру үдерісінің кез келген қатысушысы (оқушы немесе мұғалім) интернет желісі арқылы ортақ контентті белсенді пайдалана алады.
------------
Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі –смарт технологияны білім беруде кеңінен пайдалану оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық.
Smart ағылшын тілінен аударғанда «ақылды» деген мағынаны білдіреді. Ал технологиялық сипаттама да осы мағынада жұмсалады. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атаймыз. Ал педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада жұмсалады.
Smart оқыту — оқытудың жаңа түрі, қарқынды дамып келе жатқан бірегей үдеріс. Отырып оқыту деген тұжырымдарды қамтиды. Smart, технология ретінде танылып дамыды. Біз ең бірінші, мобильді құрылғы мен Smart технологияның ара жігін ашып алайық. Моbile –ағылшын сөзі, қозғалмалы, икемді деген мағынан береді. Мәселен, бұл сөз автомобиль, аэромобиль, мобильді телефон деген сөздерде жиі кездеседі. Сонымен мобиль – адам әрекетін жеделдететін, қандай да бір затқа шапшаң қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрылғы. Қазір біз өмірімізді осы мобильдік құрылғыларсыз мүлдем елестете алмаймыз.
Жасанды интеллект (artificial intellence) – ЖИ (AI) автоматты жүйелердің адам интеллектісінің бөлек бір функцияларын атқаруын айтады. Мысалы, ертерек алынған тәжірибе және сыртқы әсерлерді рационалды талдау негізіне шешімдерді таңдау және қабылдау.
Smart TV арқылы интернетті әр қолданушы өз мақсатына тиімді пайдалануға және үлкен көлемді онлайн контентті пайдалану мүмкіндігіне ие бола алады.
Қазіргі кезде мектептерде, оқу орындарында интерактивті SMART - тақталар мен плазмалы панелді арнайы құрылғылар көптеп қолданылуда.
Интерактивті SMART-технологиялар тактильді басқару болып табылады, интерактивті тақтамен жұмысты жеңілдетеді және интуитивті қарапайым және тәжірибесі жоқ адамға дейін түсінікті болатындай етеді. Интерактивті SMART-тақтаның бетіне арнайы қаламмен жазудың қажеті жоқ, керісінше кез келген затты пайдалануға болады - мысалы, указка, маркер, тіпті саусақпен де жазуға болады, бұл әсіресе мүмкіндігі шектеулі балалардың тақтада жұмыс істеуінің бірден бір жолы.
Интерактивті SMART технологияны қолдану арқылы (интерактивті тақталар SMART, интерактивті дисплей Sumpodium, AirLiner планшеттері) мұғалімде өз сабағын оқушымен бірге миға шабуыл арқылы модельдеу, оқу материалын көрсету, көрсетілген бейнеден тыс жазбаша комментарийлер келтіру, жаңа идеяларды хаттамалау мүмкіндігіне ие болды, осылайша оқушымен бірге білім беру контентін құрады.
Интерактивті технология қазіргі заманғы оқытудың техникалық құралдарынан ерекше айтуға болатыны.
Smart технологиялар - Smart technologies
Жасанды интеллект - artificial intellence
Достарыңызбен бөлісу: |